Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 29.5.2023
Главная » Файлы [ Добавить материал ]

Всего материалов в каталоге: 3145
Показано материалов: 31-40
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 ... 314 315 »

Ғылыми қауымдастықтың тарихи типтері.

  1. Ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттар туралы түсініктер.
  2. Ғылымды компьютерлендірудің әлеуметтік салалары мен маңызы.
  3. Ғылым және экономика.

Кез келген ғылыми зерттеу фактілерге арқа сүйейді, бірақ фактілердің көптігі сонша, оларды талдап, классификациялап және, ең бастысы, жалпылап алмайынша, шындық дүние құбылыстары мен процестерінің даму бағытын болжау былай тұрсын, тіпті жай түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан фактілерді классификациялап, жүйеге келтіру ғылыми зерттеудің маңызды бір кезеңі болып табылады.

Факті деп (лат.factum — жасалған, іске асқан деген сөз) күнделікті таным процесінде айналадағы дүниенің сезім мүшелерінің көмегімен тікелей қабылданатын құбылыстары мен оқиғаларын түсінеді. Бұл тұрғыдан алғанда олар ақыл-ойдың жұмысына негізделетін гипотезалар мен теорияларға қарсы қойылады.

Философия | Просмотров: 3572 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

Ғылым әлемдік институт ретінде.

  1. Ғылыми іс-қызметтік ұйымдасуы: құрылым, белгілер, критерийлер (өлшемдер).
  2. Ғылым әлеуметтік институт ретінде: негізгі ыңғайлар (подходы).
  3. Ғылыми іс-қызметтің институтциональдық формаларының тарихи дамуы: негізгі тенденциялар.

Жалпы алғанда дүниетану процесін, ал сөзбе-сөз алғанда таным теориясын білдіретін ертедегі Грециядан бері келе жатқан бірі "гносеология", екіншісі "эпистемология" деген екі термин сөз бар. Грекше "gnosis" те, "ерisteme" де "білім" деген мағынаны білдіреді екен, олай болса, алғашқы келтірілген екі термин сөздің екеуі де таным теориясы дегенді білдіреді деп жазылыпты философиялық сөздіктерде. "Эпистемология" термині негізінен ағылшын, американ тілдерінде және сирек болса да француз, неміс тілдерінде қолданылады екен.

Философия | Просмотров: 7330 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

ХХғ. Соңындағы ғылымдағы этикалық аспектілер және әлеуметтік – гуманитарлық бақылау.

  1. Ғылыми – техникалық жобаларды экологиялық және әлеуметтік-гуманитарлық экспертиза жасау.
  2. Сцентизм және антисцентизм. Ғылым жәе паранаука, жалған ғылым.
  3. Ғылымның мәдениеттегі жаңа функциялары. Ғылымның жаһандық контексті. Ғылыми ақпараттың өсуі және ғылым әлемінің өзгеруі.

Қазіргі заманда жер жүзіндегі барлық халықтардың қолданатын санау жүйесі - ондық системасы. Осы ондық система - ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Оны ойлап табуға бүкіл халық болып ат салысты деуге болады, өйткені мұндай санақ системасын тудырған бүкіл адамзаттың практикалық іс-әрекеті деуге болады. Мәдениеттің тарихыңда адамзаттың практикалық өмірі үшін ондық системадай зор маңызы бар ғылыми прогресс жасаған, өшпес із қалдырған, терең ықпалын тигізген математикалық білім кемде-кем шығар. Ондық системаның пайда болуы екі қолдың саусақтарын санау практикасына байланысты екеніне күмән келтіруге болмайды.

Философия | Просмотров: 3007 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

Ғылымның қазіргі кезеңінің ерекшеліктері

  1. Постклассикалық емес ғылымның сипаттамасы.
  2. Ғылыми зерттеу жаңа стратегиялары және өздігінен дамитын синергетикалық жүйелерді меңгеру.
  3. Ғылымның этосы.

Ғылымның бастамасын анықтаудың оңай емес екендігі белгілі, бірақ оның даму тарихын ең алдымен үлкен екі кезеңге бөліп зерттеуді ғалымдардың көпшілігі жақтайды. Ғылым зерттеуші ғалым А.Карноның пікірінше, суы мол, арнасы кең ұзаққа созылған үлкен өзеннің бастауын дәл табу қандай қиын болса, ғылымның қайнар бастауын да дәл көрсету оңай емес. Оның бастамасына ой жүгірткенде, қап-қараңғы, шым-шытырық күңгірт ойларға тап боласың, ақыр-соңында тұрпайы да жабайы түсініктерге келіп тірелесің1.

Философия | Просмотров: 15374 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

Ғылыми төңкерістер. Ғылыми рациональдылық.

  1. Ғылым динамикасы мен ғылым тарихының модельдері.
  2. Ғылыми төңкерістердің мәні мен құрылымы.
  3. Ғылыми төңкерістің концепциялары.
  4. Ғылыми рационалдық ұғымы, ерекшелігі және концепцисы.

Теория шындық дүниенің белгілі бір саласындағы заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастары жайлы бір тұтас түсінік беретін ғылыми білімдердің жинақталған формасы. Ол теория ғылыми болу үшін ақиқат болуы тиіс, алайда ақиқат білімнің бәрі бірдей теория бола бермейді, мәселен, күнделікті тұрмыстық білімдер ақиқатгы білдіргенімен, бірақ теориялық білімге жатпайтыны жоғарыда айтылды.

Білімнің ғылымилығын көрсететін критерийі (өлшеуіші) не? — деген сұраққа ең алдымен — практика деп жауап беруіміз керек, өйткені таным процесінің негізі, мақсаты практикалық қызмет. Ғылыми білім ең алдымен практикалық қызметке, материалдық игіліктер өндіру ісіне қызмет етеді, олай болса, ғылыми білімнің ақиқаттығының, оның ғылымилығының бірінші өлшеуіші, критерийі практика болып табылады.

Философия | Просмотров: 5184 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

Ғылыми білімнің құрылымы.

  1. Ғылыми білім күрделі дамушы жүйе ретінде.
  2. Ғылыми білімнің типтері.
  3. Дүниенің ғылыми және философиялық көрінісі.
  4. Ғылымдарды жіктеу проблемасы.

Ғылымның қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отырған қазіргі заманда "білім" деген ұғымды көбінше "ғылыми білім" деген ұғыммен тепе-тең мағынада түсінеміз. Ал шынында олай емес екенін жоғарыда айттық. Адам білімінің көптеген түрлері ғылыми емес. Мәселен, күнделікті тұрмыста қалыптасқан білім, діни білім, бірдеңеден алатын эстетикалық әсер т.б. ғылыми білімге жатпайды.

Ал ғылыми зерттеулер, ізденістер арқылы алынатын білімдердің мазмұны мен сипаты мүлде басқаша. Ғылыми білімнің мазмұны мен сипатын, мәселен, күнделікті тәжірибеде қалыптасқан тұрмыстық білімдерден ажырату үшін ғылым деген не екенін, оның мазмұны қандай екенін білу қажет.

Философия | Просмотров: 17047 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

Жаңаевропалық ғылымның қалыптасуының алғы тарихы.

  1. Қазіргі замандағы ғылым.
  2. Ғылыми іс-қызметтің ерекше мамандыққа айналуы.
  3. Ғылым және адамзат тарихындағы технологиялық төңкерістер.
  4. Ғылымның дамуының негізгі дәуірлері.

Көп мәнді "ғылым" ұғымының мазмұнын анықтау үшін оны құратын мәнді белгілерін ашып көрсету қажет.

Ғылым дегеніміз ең алдымен білім, білімдер жиынтығы. Екіншіден, ол білімдерді тұжырымдауға, "өндіруге" бағытталған іс-әрекет, яғни дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып білу қызметі. Қазіргі заманғы ғылым сонымен бірге қоғамдық сананың бір формасы, түрліше ғылыми мекемелер жүйесін қамтитын әлеуметтік институттар, маман кадрлар даярлау жүйесі және, XX ғысырдың екінші жартысынан бастап, қоғамның тікелей өндіргіш күші деп түсініледі.1 Ғылым ұғымын аталған белгілері бойынша түсіндіру арқылы оның алғашқы бастамасы да анықталады. 

Философия | Просмотров: 2865 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдері.

  1. Ғылымның пайда болу проблемалары.
  2. Ежелгі мәдинет адамдарының дүниетанымдарының ерекшеліктері мен мәдениеті.
  3. Ежелгі Греция ғылымның отаны.
  4. Орта ғасырдағы Европадағы ғылыми таным.
  5. Шығыс ортағасыр ғылыми.

"Эпистемология" деген ертедегі грек сөзін қазақшаласақ, "episteme" білім дегенді, ал "1оgos" ілім, ғылым дегенді білдіреді екен. Сөйтіп ертедегі Грецияда эпистемология деп дәлелді, ақиқат білім туралы ілімді түсініпті. Олар мұндай білімге математика мен логиканы және астрономияның қайсы бір жақтарын жатқызды. Қалған басқа білімдердің бәрі жай пікір (dоха) деп саналды. Ертедегі грек философтары Парменид пен Платон эпистемологияны ақиқат туралы білім деп қарастырып, оны сезімдік бақылауларға негізделген пікірлерге қарсы қойды.

Философия | Просмотров: 9133 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

Өркениет пен мәдениеттегі ғылым.

  1. Мәдениет жүйесіндегі ғылым және оның қоғамдағы орны мен функциялары.
  2. Философиялық концепцепциялардың ғылымның дамуына әсері.
  3. Ғылым тарихының әлеуметтік жақтары.
  4. Ғылымның шығармашылығындағы философияның рөлі.
  5. Ғылымның концепциялары.

Қазіргі заманы ғылым философиясының кейбір бастама идеяларын антик заманы философиясынан кездестіруге болады. Оған ертедегі Грецияның диалектикалық ойлау әдісін, математикалык, білімдерді құрудың аксиомалық әдісін және Аристотельдің формальдық логикасын жатқызуға болады. Ертедегі тәжірибелік білімдерінің дамыған жүйесі болмағандықтан, XVII ғ. Жаңа заман ғылымына тәжірибелік зерттеудің жаңа әдіс-тәсілдерін жасаудан бастауға тура келді. Осы мақсатта ағылшынның XVII ғ. философы Ф.Бэкон зерттеудің индукциялық әдісін жасады. Сонымен қатар италиян ғалымы Г.Галилей бақылау мен математикалық есептеу әдісін біріктіретін әлдеқайда күрделі де нәзік зерттеу әдістерін жасады. 

Философия | Просмотров: 4437 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде.

  1. Ғылым философиясының пәні және ғылыммен және философиямен байланысы.
  2. Ғылымды оқып-үйренудің негізгі аспектілері, олардың ерекшелігі мен өзара байланысы.
  3. Ғылым философиясының методологиялық негіздері.

Ғылым философиясының негізгі идеялары мен принциптері XVII ғасырда қалыптаса бастаған еді, өйткені классикалық ғылымның негізін құрған тәжірибелік, эксперименттік жаратылыстану сол кезде шыққан еді. Бірақ ол тек XX ғасырдың екінші жартысында ғана дербес философиялық пәнге айналды. Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін ғылыми білімнің тез өсуі және жаңа ғылыми жаңалықтардың техникада кең қолданыс табуы өнеркәсібі дамыған көптеген елдерде ғылыми-техникалық прогрестің кеңінен өріс алуына алып келді. Ал бұл ғылымды дамыту, ғылыми білімнің даму қарқынын жылдамдату және ғылымның өнеркәсіппен, бүкіл халық шаруашылығымен байланысын күшейту істеріне деген қоғамдық мүддені жандандырды.

Философия | Просмотров: 9643 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.09.2016 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-60 ... 3131-3140 3141-3145