Главная » Файлы | [ Добавить материал ] |
Всего материалов в каталоге: 3145 Показано материалов: 21-30 |
Страницы: « 1 2 3 4 5 ... 314 315 » |
Биоэнергетика Биомассаның энергиясы – бұл энергетикалық мақсатта биогаз және органикалық таза тыңайтқыштарды алумен, ауылшаруашылық қалдықтарын пайдаға асыру болып табылады. Қазақстанның ауыл шаруашылығында органикалық қалдықтардың жылдық шығымы шамамен 40 миллион тоннаны құрайды. Осы қалдықтарды биогазды технологиялар бойынша өңдеу шамамен 18 миллиард текше метр биогаз алуға мүмкіндік береді, бұл шартты отынның 14-15 млн. тоннасына эквивалентті. Осы ресурстарды жартылай пайдаға асыру ауылға және қашықтағы тұтынушыларға алыстан әкелінетін отынды орталықтан жеткізуге деген сұранысты азайтып, сондай-ақ жылу мақсатындағы электр энергиясының шығынын айтарлықтай азайтар еді [11,17,20,28]. Егер биогазды электр энергиясының өндірісі үшін пайдаланса, оның өзіндік құны кВт/сағ үшін бар болғаны 0,025-0,075 доллар, ал дәстүрлі көздерден алынатын электр энергиясы кВт/сағ үшін 0,1-0,15 доллар құрайды. Сөйтіп биогаз 2- 4 есе үнемдірек [27,41]. |
Геотермалды энергетика Қазақстанның геотермалды әлеуеті өте үлкен. Үңгіме сағасындағы көптеген арынды көздердегі судың температурасы 40-100°С. Олардың республика аумағындағы сұйытылған қоры шартты отынның 100 млрд. тоннасын құрайды, бұл елдің мұнай мен газының жинақты қорынан асып түседі. Геотермалды көздердің көпшілігі негізінен Батыс Қазақстанда (75,9%), Оңтүстік Қазақстанда (15,6%) және Орталық Қазақстанда (5,3%) орналасқан [6, 9,11]. Орналасқан жері бойынша геотермалды сулар Іле ойпатында, Сырдария, Ертіс, Маңғышлақ-Үстірт, Шу-Сарысу, Келес және Зайсан артезиан бассейндерінде ашылған. Іле ойпаты аясында өнеркәсіптік болашағы бар, сонымен қатар Алматы және Жаркенттік артезиан бассейндерін атауға болады. Сол бассейндердің арынды, минералдануы төмен суларының температурасы 40-100 °С, бұл электр энергиясын өндіру мен жылумен жабдықтаудағы өзінің артықшылығын тағы бір рет көрсетеді. Бассейндердің қоры сәйкесінше 106,5 және 216 млрд. текше м, бұл шартты отынның, шамамен 1,8 млрд. тоннасына эквивалентті [8,48]. |
Жел энергетикасы Қазақстанның дәстүрлі жел энергиясы қондырғыларын пайдалану кезіндегі жел энергетикалық әлеуетін пайдаланудың техникалық мүмкіндігі 3 млрд. кВт/сағ. бағалануда. Жоңғар қақпасындағы жел энергетикалық ресурстары барынша маңызды болып табылады (17000 кВт сағ/ш.м.). келешегі бар басқа аудандардан Ерейментау (Акмола обл.), Форт-Шевченко (Каспий теңізінің жағалауы), Қордай (Жамбыл обл.) және басқаларын атап кетуге болады. Статистикалық деректер бойынша, Қазақстандағы жаңғыртылатын ресурстар мен энергия көздерінің теоретиялық потенциалы жылына шамамен 1820 млрд. кВт/сағ құрайды, бұл республиканың барлық отын-энергетикалық ресурстарын пайдалану көлемінен 25 есе асып түседі, ал экономикалық әлеует 110 млрд. кВт/сағ. деп бағаланып отыр, бұл ҚР энергоресурстарды жылдық ішкі тұтынудан 1,5 есе көп [31,32,33]. |
Күн энергетикасы Жыл сайын Жер Күннен шамамен 1,6х1018 кВт/с энергия алады, бұл энергияны тұтынудың қазіргі деңгейіне қарағанда 10 мың есе көп. Және күннің Жердегі энергетикалық балансында энергияның басқа барлық көздерінің қосынды үлесінен 5 мың есеге артады, басқаша айтсақ жер үшін күн энергиясының әлеуеті жылына шартты отынның 123х1012 т құрайды.Сонымен қатарЖерде пайдаланатын энергияның барлық түрі жылу энергиясына трансформацияланады, бұл энергия өндірісінде түсетін күн радиациясының 5% тең келетін қайтымсыз өзгерістерге әкеп соғуы мүмкін. |
Жоспар :
ХХI ғасыр тоғысында адамзат экономика тұрғысынан алғанда, қалпына келмейтін энергия көздерінен (көмір, мұнай, газ және т.б..) энергия шығару өндірісіне ғана қатысты болмайтын күрделі мәселеге келіп тірелді. Ол табиғаттағы динамикалық тепе-теңдікті бұзатын және соған назар аударуды қажет ететін экологиялық қиындықтармен байланысты. Әрине, термоядролық реакторлардың көмегімен энергияны өндіруге үміт те бар. Бірақ қазіргі кезде бұл мүмкіндік тіпті демонстрациялық термоядролық реакторлардың жоқтығынан іс жүзінде жүзеге асуы мүмкін де емес. Сонымен қатар,термоядролық реакторлар радиобелсенді қалдықтардан толығымен тазарған жоқ. Ал осындай қалдықтарды өңдеу мен көму мәселесі толғымен шешілген жоқ. |
Нақты ғылымдардың философиялық проблемалары. 1. Ғылымның пәндік моделі. Ғылыми білімнің негізгі құрылымдық бірліктері. Ғылыми білімнің эмприкалық және теориялық деңгейлері. 2. Ғылыми теорияның негізгі функциялары: баяндау, түсіндіру, алдын-ала айту. 3. Ғылыми әдістердің алуан түрлігі және олардың классификациясы(жіктелуі). 4. Физиканың, химияның, астрономияның, космологияның, математиканың, информатиканың, жер туралы ғылымның(география, геология), техниканың философиялық проблемалары. Өзінің құрылымы бойынша, ғылыми теория дегеніміз анықтаманың көмегімен оның бүкіл басқа ұғымдары мен негізгі заңдарынан жекеше заңдары тұжырымдап шығарылатын түбірлі ұғымдар мен негізгі зандардың жүйесі болып табылады. Математикалық теорияларда негізгі зандардың орнына аксиомалар туралы, жекеше зандардың орнына теоремалар туралы ой-пікірлер қолданылады. |
Педагогика мен білім философиясының философиялық проблемалары.
Рациональдықтың классикалық түсінігі тарихта адам тұңғыш рет өзінің ойлау қабілетін түсіне бастаған кезде қалыптаса бастайды деп есептелінеді. Ақыл-ой қызметін (қүдіретін) түсіне бастау кезеңі тарихтағы алғашқы цивилизациялардың рухани өміріндегі түбірлі өзгерістер кезеңі. Бұл өзгерістер ең алдымен алғашқы Шығыс цивилизацияларында орын алғанмен, рациональдықтың ең алғашқы тарихи формасы ретінде Ертедегі грек мөдениетіңде қалыптасқан (яғни антиктік) рациональдық қарастырылады. |
Қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы ғылымның қалыптасу тарихы.
Ғылыми революцияларды түрліше белгілері бойынша ажыратуға болады, сондықтан оның біртұтас классификациясы жоқ. Ғылыми революциялардың, мәселен, жалпылық белгісіне қарай, зерттелетін заттар мен құбылыстардың ашып көрсетілетін мәнінің терендігіне қарай, ғылымдардың түріне қарай, олардың техникалық прогресс пен қоғамның рухани мәдениетіне тигізетін әсеріне және т.б. карап бірнеше түрін атап көрсетуге болады. Оның үстіне революцияның бір белгілерін екіншілерінен айыру кейде өте қиынға соғады. Сол себепті ол революцияларды ғылыми жалпылығына қарай және ғылыми таным тарихында атқарған рөлінің маңыздылығына қарай топтастырып көрейік. |
Информатика пәнаралық ғылым ретінде. Компьютерлік төңкерістің эпистемологиялық мазмұны.
Ғылымның бүкіл даму тарихында оған философиялық идеялар мен принциптер зор әсерін тигізіп отырды. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарынан бастап неопозитивизмді жақтаушылар ғылымды, өздерінің пікірі бойынша, еш мәні жоқ философияның немесе метафизиканың1 ықпалынан босату үшін көп әрекет жасады. Осы мақсатпен олар философия мен ғылымның арасына шекара қою программасын ұсынды. Бұл программа бойынша, философиялық идеялар мен принциптер шындықта объектісі жоқ жалған пікірлер деп жарияланды, өйткені оларды эмпириялық тексеру мүмкін емес. |
Жаратылыстану және әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдарының қазіргі философиялқ проблемалары
Ғылымның эмпириялық және теориялық құрылысынан басқа оның тағы бір құрылысы бар екенін атап көрсету қажет. Ол ғылымның негіздері деп аталады. Оның бұл құрылысына идеалдары (әрекетке бастайтын ішкі мақсаты), нормалары (қабыл алынған реті, тәртібі), критерийі (ақиқаттығының өлшеуіші) және принциптері кіреді — кез келген ғылымның эмпириялық негізі мен теориялық қондырмасы осыларға сүйенеді. |