Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 11.1.2013
Главная » Файлы » Физика, астрономия

Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi ұғымдары
(64.8Kb) ][ Толық рефераттар топтамасын жүктеу ]
[ Толық слайдтар топтамасын жүктеу ]
30.10.2011, 14:03

Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi ұғымдары

Дене құрылымының молекулалық кинетикалық теориясы деп барлық денелер жеке бейберекет қозғалыстағы бөлшектерден тұрады деген көзқарас негiзiнде макроскоптық денелердiң қасиеттерi мен жылу процестерiне түсiнiк беретiн iлiмдi айтады.

p1

1.1-сурет

Молекулалық-кинетикалық теория (МКТ) негiзi мынадай үш қасиеттен тұрады:

  1. барлық денелер бөлшектерден – атомдардан, молекулалардан, оң және терiс зарядталған иондардан – тұрады;
  2. бұл бөлшектер барлық уақытта үздiксiз және бейберекет қозғалыста болады;
  3. бөлшектер арасында өзара әсерлесу күштерi – тартылу және тебiлу күштерi бар. Ол күштер электрлiк сипатқа ие. Бөлшектердiң өзара гравитациялық әсерлесуi өте аз.

p1

1.2-сурет

Бұл тұжырымдардың ақиқаттылығы көптеген физикалық бақылаулар мен тәжiрибелер жүргiзу арқылы дәлелденген. МКТ-ның негiзгi көзқарастарына ең нақты дәлел бола алатын мысалдар:

  • броундық қозғалыс құбылысы (Броун);
  • молекулалық диффузия құбылысы;
  • қазiргi заманғы приборлар көмегiмен алынған жеке атомдар мен молекулалар кескiнi. 1-шi суретте вольфрам инесiнiң ұшында атомдардың орналасуы (ақ дақтар), ал 2-шi суретте кремний пластинасы бетiнiң микрофотографиясы келтiрiлген, мұндағы дөңдер – кремнийдiң жеке атомдары.

 


Керекті мәліметтеріңізді қалай жүктеу керек екенін білмесеңіз мына сілтемені басыңыз


Сайтқа көмек ретінде төменде тұрған 1 рекламаны басуларыңызды сұраймын!



Категория: Физика, астрономия | Добавил: Admin | Теги: Молекулалық-кинетикалық теорияның н
Просмотров: 259 | Загрузок: 40 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email:
Код *:
Новости музыки