Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 14.12.2012
Главная » Файлы » Тарих

Рамазан Құрманғалиев
(13.9Kb) ][ Толық рефераттар топтамасын жүктеу ]
[ Толық слайдтар топтамасын жүктеу ]
02.11.2011, 17:00

Рамазан Құрманғалиев (1894, бұрынғы Орал облысы Орда ауданы – 1937) – әскери маман, дивизия комиссары, саяси қуғын-сүргін құрбаны. Ордадағы 2 сыныпты бастауыш училищені, 1920 жылы Орынбордағы атты әскер командирлерін даярлайтын курсты, 1930 жылы Ленинградтағы (Санкт-Петербург) әскери-саяси академияны бітірген. 1919 – 23 жылдары Қызыл Армия [2]қатарында қазақтың 1-атты әскер полкінің және түркістандық 8-дербес атты әскер бригадасының взвод командирі ретінде ақ бандаларға, Әндіжан, Ферғана облыстарында басмашыларға қарсы ұрысқа қатысқан. 1923 – 27 жылдары Бөкей губерниясында, Орал, Жетісу-Сырдария әскери аумақтық басқармасында қызмет істеді. 1930 – 32 жылдары Қазақстан өлкелік әскери комиссариаты саяси басқармасының бастығы, 1932 – 33 жылдары Қазақ АКСР-і әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары, 1933 – 37 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында, Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотында және Шығыс Қазақстан облысы сотында, Қазақ КСР-і Әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссариатында жауапты қызметтер атқарды. Бұхар Халық Кеңес Республикасының жауынгерлік Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған.


Керекті мәліметтеріңізді қалай жүктеу керек екенін білмесеңіз мына сілтемені басыңыз


Сайтқа көмек ретінде төменде тұрған 1 рекламаны басуларыңызды сұраймын!



Категория: Тарих | Добавил: Admin | Теги: Рамазан Құрманғалиев
Просмотров: 68 | Загрузок: 25 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email:
Код *:
Новости музыки