Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 5.4.2013
Главная » Файлы » Әдебиет

В категории материалов: 255
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 25 26 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Тоқаш Бокин

 

 

Тоқаш Бокин - Жетісуда Совет өкіметін орнатуға және оны нығайтуға белсене қатысушы. Жетісу (қазір Алматы облысы), Верный уезінің 6-ауылында көшпелі кедей шаруа семьясында туған. 1898 - 1906 жылы Верныйда ерлер гимназиясында оқыды. 1906 - 14 жылдары Верный уезінің сот орнында және қоныс аудару басқармасында тілмаш болды. 1914 - 16 жылы Петербург сот палатасында, заводта жұмыс істеп, революциялық күрес жолына түсті. 1916 жылы Жетісу қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне белсене араласты. Уақытша үкіметтің жергілікті өкілдеріне, алашордашыларға және буржуазияшыл-ұлтшылдарға қарсы батыл күрес жүргізді. 1918 жылы шаруа кеңестерінің Жетісу облысы ІІ-съезіне қатысты, Жетісу революциялық соғыс комитетінің мүшесі, бай-кулактардың мал-мүлкін кәмпескелеу жөніндегі комиссияның председателі болып сайланды. Т. Бокин Жетісуда Кеңес өкіметінің жергілікті орындарын ұйымдастырды, аштыққа ұшыраған шаруаларға материалдық көмек көрсетті, Қызыл гвардия бөлімдерін азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ақ гвардияшыл казак-орыстармен болған ұрыстарда (сәуір-мамыр 1918) жауынгер топтың құрамында ерлікпен шайқасты. Алашордашылар мен солшыл эсерлер оны жауыздықпен өлтірді. 1967 жылы Алматыда оған ескерткіш орнатылды, Алматының бір көшесі, Іле ауданының бір ауылы Т. Бокин есімімен аталады.

Әдебиет | Просмотров: 29 | Загрузок: 6 | Добавил: Admin | Дата: 12.03.2013 | Комментарии (0)

Мұхтар Шаханов

 

Мұхтар Шаханов(2.07.1942 жылы туғанОңтүстік Қазақстан облысыЛенгір ауданыҚасқасу селосы) — қазақ ақыны.

Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). "Оңтүстік Қазақстан" (1960-65), "Лениншіл жас" (1965-70) газеттеріндереспубликалық телевизиярадио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспаполиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығыАлғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияландыТұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрдіМ.Шахановтың "Балладалар" (1968), "Ай туып келеді" (1970), "Қырандар төбеге қонбайды" (1974), "Сенім патшалығы" (1976) атты кітаптары шықтыӨлеңдерінде философиялық ой басым. "Махаббат заңы" атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974). Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері жүртшылыққа кеңінен таныс. М.Шаханов — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1972). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық "Жалын" журналының бас редакторы т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР-ның Халық депутаты. 1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2004—2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазір 2004—2007 депутат. "Жалын" журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін "XXI ғасыр және Руханият" атты халықаралық элита клубының Президенті.

Әдебиет | Просмотров: 66 | Загрузок: 9 | Добавил: Admin | Дата: 12.03.2013 | Комментарии (0)

Мәншүк Мәметова

 

 

Мәншүк Мәметова 1922 жылы Орал облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.

 1937 жылдың қуғын-сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады.  Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов  қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.

 Мектепті бітіргеннен соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.

 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», - деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».

Әдебиет | Просмотров: 59 | Загрузок: 9 | Добавил: Admin | Дата: 12.03.2013 | Комментарии (0)

Мәлік Ғабдуллин

 

        Мәлік Ғабдуллин 1916 жылы Көкшетау облысы Зеренді ауданының Қойсалған ауылында дүниеге келген. Мәлік бала кезінен көп оқыған және оқуда әрі қарай жалғастыруды армандаған. Мектепті аяқтаған соң, Алматы педагогикалық институтына оқуға түседі. Қазақ халқының батырлар жырын оқып, өзі де өлең жаза бастайды.

    Соғыс басталған соң, оның ғылыми жұмыстары тоқтады. Ол өз еркімен генерал Панфиловтың дивизиясының құрамына алынды, майданға аттанды.

    Мәскеу түбіндегі шайқаста Ширяев, Бородино селоларын жаудан қорғаған. Мәлік Ғабдулиннің автоматшылары ротасы неміс  полкіне үсті-үсті соққы берді. Майдан 7 сағатқа созылды. Ғабдуллин жауға 5 рет қарсы шығып, 4 рет немістерге төтеп берді. Соғыс қарсыластары жүздеген әскерін жоғалтып, артқа шегінді. Бородино селосы өзімізге қалды.

    1943 жылы 30- қаңтарда шыққан бұйрық бойынша Мәскеуді қорғау үстіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді.

   Соғыстан кейін Мәлік Ғабдуллин өзінің ғылыми жұмыстарына қайта кірісті. Соғыс Батыры, Ғабдуллин Қазақстанның ғалым майдангері және ардагері деп танылды. 1973 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.

Әдебиет | Просмотров: 44 | Загрузок: 10 | Добавил: Admin | Дата: 12.03.2013 | Комментарии (0)

 Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков

 

1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1981 – 83 жылы Бірлік ауылындағы бұрынғы Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктерек тауарлы-сүт фермасында жұмыс істеді. 1984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін абыроймен өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше мақтау қағазымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті. Осы жылы16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Бірақ көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері «Алматыда бір төбелеске қатысты» деген желеумен Рысқұлбековті Мойынқұм ауданының орталығында тұратын нағашысы – М.Асанбаевтың үйінде демалып жатқан жерінен ұстап әкетеді. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанындай, тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С.Савицкийдің өліміне кінәлі етеді. Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е.Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков – ең жоғары жаза – өлім жазасы – атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері СОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы Громыконың атына Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.

Әдебиет | Просмотров: 43 | Загрузок: 9 | Добавил: Admin | Дата: 12.03.2013 | Комментарии (0)

Әлия Молдағұлова

Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова

Әлия (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор.

1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды.[1] Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

Әдебиет | Просмотров: 45 | Загрузок: 11 | Добавил: Admin | Дата: 12.03.2013 | Комментарии (0)

ҒАБДУЛЛИН НЫҒМЕТ

 

 (1927–2005)

 26 желтоқсанда Көкшетау облысы, Рузаев ауданы, Шұқыркөл деген ауылда туған. 1950 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін үздік бітірген. 1950–1962 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Жұлдыз» журналында істеген.

 1964–1966 жж. «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, 1966–1969 жж. Бас редакторы болды. 1969 жылдан бастап Қазақтың Абай атындағы педагогика институтында ұстаздық еткен. Профессор.

 1964 жылы «Ғабит Мүсіреповтің драматургиясы» деген тақырыпта кандидаттық, 1972 жылы «Қазіргі қазақ прозасында жаңа адамды бейнелеу проблемалары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

 Орыс тілінде жазушының «Жаңа таныстар» (1957), «Өмірдің бұралаң жолдары» (1967) прозалық кітаптары басылып шықты. Ол Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесін, Г.Марковтың екі кітаптан тұратын «Жер құты» романын, М.Шагиняннің «Ульяновтар семьясы» атты кітабын, В.Быковтың «Альпі аңызы», «Атар таңға аман жетсе» повестерін қазақшаға аударған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1996).

 Шығармалары: Менің достарым. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1951; Алғашқы сапар. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1953; Жаңа таныстар. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1955; Құрбылар. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1956; Гүл. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959; Қызық дәурен. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1963; Өмір, қымбатсың маған. Повесть. А., «Жазушы», 1966; Сарғайған жапырақ. Повесть. А., «Жазушы», 1970; Жігер. Роман. А., «Жазушы», 1983; Уақыт сыры. Әдеби сын. А., «Жазушы», 1981; Ғабит Мүсірепов – драматург. Монография. А., «Өнер», 1982; Махаббат жыры. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1998.

Әдебиет | Просмотров: 41 | Загрузок: 5 | Добавил: Admin | Дата: 12.03.2013 | Комментарии (0)

Бауыржан Момышұлы

 

Бауыржан Момышұлы (1910-1982 жж.)

Қазіргі Тараз облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған.

Жеті жылдық мектеп бітірген соң біраз уақыт мүғалім болып істейді. 1932 жылы әскер қатарына шақырылады. Міндетін өтеп, запастағы командир атағын алып ауылға оралғасын қаржы орындарында жұмыс істеген. 1936 жылы кайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде қызмет еткен, взвод, рота командирі болған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басқаруымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанған. Соғыс жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарды.

Момышұлының әскери өмірбаянында Москва түбіндегі шайқас ерекше орын алады. Одан басқа да ерліктері аз емес. Тек 19-гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирі ретінде Москва түбінде 27 сәтті ұрыс жүргізді. Волоколам бағытында Крюково қонысы үшін шайқаста 19-полкты басқарып, сол жерде ауыр жарақат алғанына қарамастан, күресті әрі қарай жалғастыра береді. Момышұлының осындай көптеген әскери ерлігін ескеріп, 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі полковник И.И.Серебряков 1942 ж. тамызда оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады. Бірақ бұл наградтау қағазы жоғалып кетеді.

Әдебиет | Просмотров: 55 | Загрузок: 18 | Добавил: Admin | Дата: 12.03.2013 | Комментарии (0)

Асанова Ләззат

 

Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70, Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық а. — 25.12.86, Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында "Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін басқа да ұсталған 87 адам қатарында А-ға Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылып, (Көтеріліске қатысып ұсталғандар жөніндегі Қазақ КСР ІІМ-нің құжаты, (1211-177, 23.02.1990) қамауға алынды. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қ-нда болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық уч-ще жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов ауд-ндағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемл. қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана А. жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады. Ләззаттың ерлігіне арналған ән ("Қаһарман қыз — Ләззат қыз”. Музыкасын жазған Жоламан Тұрсынбаев, өлеңі — Абдрахман Асылбектікі), ол жөнінде баспасөз беттерінде ғалымдар мен мемлекет, қоғам қайраткерлерінің пікірлері жарық көрді .

Әдебиет | Просмотров: 34 | Загрузок: 9 | Добавил: Admin | Дата: 12.03.2013 | Комментарии (0)

Сәбит Мұқанов 
Әдебиет | Просмотров: 389 | Загрузок: 74 | Добавил: Admin | Дата: 03.02.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 ... 241-250 251-255
Новости музыки
123