Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 29.6.2020
Главная » 2016 » Ноябрь » 29 » Қыс қызығы балабақшадағы ашық сабақтар
14:53
Қыс қызығы балабақшадағы ашық сабақтар
загрузка...

Қыс қызығы

 

Білім беру саласы: «Таным» экология негіздері. 
Сабақтың тақырыбы : «Қыс қызығы»
Сабақтың мақсаты : 
     1.Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп,жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға,көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға үйрету.                   
     2.Байланыстырып сөйлеуге дамыту. 
    3.Табиғаты аялауға тәрбилеу,эстетикалық талғамды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Көрнекілігі: Қыс көрінісі туралы тақырыптық сурет,үлестірмелі суреттер,бейне таспа және т.б.
Әдісі: Сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Кеспе әріптер арқылы,бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбын табу.
Оқу іс-әрекетінің барысы:  
 Ұйымдастыру кезені:
/Ортамен амандасу/
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеткендер.
Өсті ақыл ойымыз.
Өсті,міне, бойымыз.
Иіліп сәлем береміз,
Әдепті боп өсеміз.
-    Балалар, далада күн суық болғанмен біздің жүрегіміз ыстық,мейірімге толы.Бір-бірімізге деген жылы лебізімізді айтып,көніл күйімізді көтерейік.
/балалардың бір-біріне деген тілегі./
ІІ.Кіріспе бөлімі.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу.
Педагог сабақ тақырыбын ребус шешкізу арқылы  анықтайды:
-    балалар, сендер «сауат ашу» сабағында «ребус» деген сөзбен, оның қандай болатынын таныстыңдар. Мына ребусты шешіп көрейік. Педагог «Қ» әрпін көрсетіп:
-    Мынау қандай әріп (дыбыс) деп сұрайды?
-    «Қ» әрпі (дыбысы)
-    Дұрыс.Ендеше,біз « Қ» әрпімен кейінгі тұрған суреттерге көңіл аударайық.Ненің суретін көріп отырсыңдар? Толық жауап берейік.
-    Ыдыстардың суретін көріп  отырмыз.
-    «Ыдыс» деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі?
Сендер оны «сауат ашу» сабағынан білесіңдер.
-    «Ы» дыбысы естіледі.
-    Біздің суретте бірінші «Қ» әріп тұр. «Қ» - деп дауыстап айтайық. Екінші тұрған ыдыстардың бірінші дыбысын дауыстап айтайық: «Ы» 
-    Енді екеуін қосып айтайық: «ҚЫ»
-    Дұрыс,  енді балалар, үшінші болып ненің суреті тұр?
-    Дұрыс «сағат» «С» дыбысын да «сауат ашу» сабағында өткенсіңдер.
-    Енді суретке қарап, «Қ» дбысына өзінен кейінгі тұрған суреттердің бірінші дыбыстардың қосып айтып көрейік. Қ...Ы...С
-    Қандай сөз шықты?
-    «Қыс»
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қыс»
-    Аяз жылдың қай мезгілінде болады?
-    Қыс мезгілінде болады.
-    Аяз қандай болады?
-    Қатты, суық. Бетті, қолды үсітіп жібереді.
-    Аязды күні ойнауға болама?
-    Болады. Суықтан қорықпау керек.
-    Қандай қысықы ойындарды білесіңдер?
-    Аққала соғамыз, сырғанаймыз, шаңғы, шана, коньки тебеміз.
-    Хоккей ойнаймыз.
Негізгі бөлім.
а) Педагогтің түсіндіруі .
-    Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс келді. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала жасай    мыз. (Есікті тықылдатып, қоян келді)
-    Балалар бізге бүгін орманынан «Қоян» қонаққа келеді. Ол қоянды «Аққала» жіберіпті. Аққала қояннан көптеген тапсырмалар беріп жіберіпті. Сол тапсырмаларды бірге отырып орындайық. /Есікті қағып қоян сыныпқа кіреді, және өзін таныстырады, және оны мұғалімге береді./  /Аққаланың бірінші тапсырмасы./
1.    Қыс, боран, қар, күн деген сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру.

                                                       суық
Қыс қандай болады?                   аязды
                                                      қарлы
2.    Қыс түсті. Қар жауып тұр. Күн суық. Дала аяз болып тұр. Боран соқты. 
-    Сөздік жұмысын жүргізу.
Дөң – көтеріңкі биік жер, төбе.
Қос – екі. Қос аяқта – екі аяқта
3.    «Көңілді қыс» суреті бойынша әңгіме құрастыру. 
4.    Жұмбақтар жасыру.

Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. /Аяз/

Отқа жанбайды, суға батпайды. /Мұз/

Қыс болса қыр мен ойды аралайды,
Жаз болса қозғалуға жарамайды.  /Боран/

Жазда болмайды, қыста болады.
Терезеге қонады, әсем ою салады. /Қырау/

/Қосымша балаларға тапсырма қыс туралы өлеңдер сұрау және бейнетаспадан қыс көрінісін тамашалау/ 

5.    Дәптермен жұмыс:
/Қыстың көрінісін дәптерге түсіру, және салған суреке қарап, әңгіме құрастыру. 
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып, сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып секірді.
Қарап еді артыңа,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің
/Аққаланың соңғы тапсырмасы/
«Аққала дидактикалық ойыны.
Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: мұрны, басына киетін шелегі сияқты суреттер жатады. Балалар осы бөліктерді  алып, көздерін жұмып тұрып, тақтаға жапсырады.
   Аққала сөзін қатыстырып, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыру. Мысалы: аппақ аққала, әдемі аққала, үлкен аққала. Біз аққала тұрғыздық.
Қорытынды: Не білдік? Не үйрендік? /Педагог Қ. Жұмағалиевтың «Ақпан» өлеңі оқылады. Сабақта белсендік көрсеткен балаларды атап өтіп, жұлдызщамен бағалау, сабақты аяқтау.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 1906 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]