Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 28.1.2020
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Күрең күз өлеңі (Мұқағали Мақатаев)
загрузка...

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

КҮРЕҢ КҮЗ

Қош енді, қош бол, күрең күз! 
Күрең мұң саған жібердім. 
Күлермін деп ем, түнердің,
Білермін, қалай, білермін?!
Күп-күрең менің реңім,
Қош енді, қош бол, күрең күз!
Жаз келер және жап-жасыл, 
Жақсылық тағы тілермін,
Жадырап өмір сүрермін,
Қош енді, қош бол, күрең күз!
Жыртылып жатыр күрең жер, 
Күрең жер - тозған кілемдер.
Күрең тау, анау күрең бел,
Күрең бел - жиған кілемдер.
Жаз келер және жап-жасыл,
Жасауын жердің түгендер.
Қош енді, қош бол, күрең күз!
Ақ қысты тездеп жібергіз.
Ақ қыстай аппақ бір елміз, 
Шымшылап аяз шытынап,
Ширығып біраз жүрерміз,
Шынығып өмір сүрерміз.
Қош енді, қош бол, күрең күз!



Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (17.11.2016)
Просмотров: 1443 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, Күрең күз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]