Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 24.2.2020
Главная » 2016 » Апрель » 19 » қияр пен қызанақ
21:25
қияр пен қызанақ
загрузка...

Білім беру саласы: шығармашылық
Білімі: жапсыру
Тақырыбы: қияр пен қызанақ 
Мақсаты:
-     балаларға күзгі еңбек (далада, бақшада) туралы түсінік беру;
-    көкөністердің адам денсаулығына пайдасы туралы мәлімет беру;
-    тілін, ойлау қабілетін дамыту;
-    сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Ұйымдастыру кезеңі:
- сәлемдесу
- назарларын сабаққа аудару
Сұрақ- жауап:
Тәрбиеші:  жапырақтар қай кезде сарғаяды? 
Балалар:   күзде сарғаяды.
Күз туралы әңгімелесу (Тәрбиеші күз туралы айтады)
-    балалар, күзде бақшада не өседі? (сәбіз, қияр, картоп, қызанақ)
«Жинап ал да, ата» ойыны.
Бақшада өсіп тұрған (алдын ала дайындаған) көкөністерді жинайды, атайды.
(Тәрбиеші балалардың жинап алған көкөністерінің атауын сұрайды)
Мынау не? Бұл қызанақ.
Оның түсі қандай? қызыл. т.с
Суреттермен жұмыс (Қысқа дайындықты түсіндіру)
Жинап алған көкөністерден аналарымыз не істейді?
Балалардың жауабы: тұздайды, қайнатады, салат істейді. Оны қысқа сақтайды.
Оны қалай сақтайды? Б:  шыны ыдыстарда (Суреттерді көрсету)
Сергіту сәті ( музыка әуеніне қимыл жасап, бой сергітеді)
Балалар жұмысы:
-    ҚТ-мен  танысады;
-    түсті қағаздардан көкөністерді бастырады;
-    қияды;
-    картон қағазға жапсырады;
Күтілетін нәтиже:
Білу керек; көкөністерді, олардың түстерін, бақшада өсетінін;   
Түсінігі қалыптасты: күзгі еңбек  туралы түсінігі қалыптасты; 
Айта, қолдана алады; көкөністердің атын айта алады, түсін ажырата алады және қайшымен жұмыс істей алады , қағазды дұрыс қия алады.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 1950 | Добавил: Admin | Теги: балабақшадағы ашық сабақтар, қияр пен қызанақ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]