Главная » Статьи » 9 - сынып/класс » Химия 9 |
В категории материалов: 163 Показано материалов: 1-10 |
Страницы: 1 2 3 ... 16 17 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Берілгені:
Таза металл алу үшін сутек пайдаланылады. Осындай тәсілмен вольфрам оксидімен WO3 таза вольфрам алынады. Реакция теңдеуін жазып, 2 моль вольфрам алуға кететін сутектің массасын есептеңдер.
|
Берілгені:
Массасы 240 г магний оксидін тотықсыздандыру үшін 80 г көмір жұмсалды: Mg + C = Mg + CO Осы көмірдегі таза көміртектің массалық үлесі қандай?
|
Берілгені:
1 т шойын алу үшін құрамында 9% FeO бар қанша тонна кен керек? Шойындағы темірдің массалық үлесі 93%.
|
Берілгені:
Берілген өзгерістерді іске асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар: Fe2O3 – Fe --- FeCl2
|
Берілгені:
Темірдің массалық үлесі қайсысында көп: темір (ІІ) оксидінде ме, әлде темір (ІІІ) оксидінде ме?
|
Берілгені:
Берілген айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар: Fe --- FeCl2 --- Fe(OH)2 --- Fe(OH)3 --- Fe2O3 --- Fe
|
Берілгені:
Қыздырылған Fe2O3 үстінен сутек жібере отырып, темір алуға болады. 2 моль сутек жібергенде түзілген темірдің массасын анықтаңдар. Өнімнің шығымы теориялықпен салыстырғанда 95%.
|
Берілгені:
Темір сұйылтылған азот қышқылымен темір (ІІІ) нитратын, азот (ІІ) оксидін және су түзе әрекеттеседі. Реакция теңдеуін жазып, электрондық баланс теңдеуін құрыңдар.
|
Берілгені:
Темір шегелерді: а) H2SO4 ; ә) CuSO4; б) CaCl2; в) AgNO3; г) NaCl ерітінділері бар сынауықтарға салды. Қай сынауықта химиялық реакция жүреді? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
|
Берілгені:
Темір мен хлор әрекеттескенде темір (ІІІ) хлориді, ал темір мен тұз қышқылы әрекеттескенде темір (ІІ) хлориді түзіледі. Осы реакциялардың теңдеулерін жазып, әртүрлі хлоридтердің түзілу себебін түсіндіріңдер.
|