Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 26.9.2023
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Кетейікші бір жаққа өлеңі (Мұқағали Мақатаев)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

КЕТЕЙІКШІ БІР ЖАҚҚА

 

Барайықшы жылғаға, 
Барайықшы жылғаға. 
Барайық та жылғаға, 
Тебейікші сырғанақ.

Барайықшы суатқа, 
Шығайықшы қыратқа. 
Шығайық та қыратқа, 
Бөленейік шуаққа.

Аяз ұрған ақпанда, 
Аунайықшы ақ, қарға. 
Қайтайықшы бір барып, 
Қайран бала шақтарға.

Барайық та жылғаға, 
Тебейікші сырғанақ ...
Ақ күмбездер — әжелер 
Алыс жақтан түр карап.



Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (19.12.2016)
Просмотров: 3708 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, Кетейікші | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]