Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері.
1. Азаматтар кәсіпкерлік құқықтық субъектілер ретінде.
2. Заңды тұлғалар кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде.
3. Заңды тұлғалардың қайта құрылуы және таратылуы.
4. ҚР мемлекеті және жергілікті өзін- өзі басқару органдары кәсіпкерлік құқықтың субъктілері ретінде.
Кез келген азамат, тіптен кәмелетке толмаған, тіптен әрекет қабілеттілігі жоқ адам меншік құқығы субъектісі бола алады. Ұлттық құқықтық режим, заңнамада көзделген шектеулермен, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға тарайды. Бұл ортақ принцип. Бірақ, меншіктің пайда болу көзі өзінің кәсіпкерлік қызметі болған жағдайларда бірқатар қосымша талаптар туындайды. Бірінші кезекте олар азаматты кәсіпкер ретінде тіркеу қажеттігімен байланысты.
Кез келген адам кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын меншік иесі бола алады. Бұл шарт орынды, егер оның меншігі сыйға тарту нәтижесінде пайда болса. Басқа мәмілеге қатысу үшін азаматтық әрекет қабілеттілік болуы керек. Меншікті өзінің жалданбалы еңбегін сату нәтижесінде иемденген жағдайда қызметкерге қойылатын талап еңбек заңнамасында анықталады. Кейбір мәмілелер, мысалы жылжымайтын мүлікпен мәміле, тіркелуге тиіс. Бұл оның заңды болуының міндетті шарты. Басқа жағдайларда мүлік арнаулы тіркеуге алынады. Бұл автомобиль, катер, т.б. көлік құралдарын иемденгенде болады. Бұл тіркеудің азаматты кәсіпкер ретінде тіркеумен ешқандай қатысы жоқ.
Азаматты жеке дара кәсіпкер ретінде тіркеу жеке дара кәсіпкер туралы Заңда белгіленген. Тіркелуге өзі бару керек және жеке дара кәсіпкер ретінде есепке алу азаматтың тұрғылықты жеріндегі аумақтық салық органында жүзеге асырылады. Жоғарыда аталмаған жеке дара кәсіпкерлер жеке дара кәсіпкер ретінде өз қалауы бойынша тіркелуге құқылы. Сол себепті, оларда мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болмауы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі бола алмайды.
Жеке дара кәсіпкерліктің түрлеріне жеке кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік жатады. Жеке кәсіпкерлікті бір азамат өзіне меншік құқығы бойынша тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін басқа құқық арқылы дербес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобы (жеке дара кәсіпкерлер) өздеріне ортақ меншік құқығында тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және оған бірлесіп билік етуге жол беретін басқа құқық арқылы жүзеге асырады.
Өз кезегінде бірлескен кәсіпкерлік ортақ бірлескен меншік (ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі, шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі, жекешеленген тұрғын жайға ортақ меншік) немесе ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекет меншік құқығының ерекше субъектісі болып табылады. Бұл оның жоғарғы абстрактілігімен және формальділігімен анықталады. Көптеген әртүрлі сипаттағы функцияларды жүзеге асырудың қажеттігі және бірдей бағынышты мемлекеттік органдардың тармақталған жүйесі мемлекеттік меншік құқығын іске асыратын субъектілердің көп болуын алдын ала анықтады. Сондықтан оларды екі деңгейге бөлген дұрыс: кімді білдіреді, соның деңгейі және кім білдіреді, соның деңгейі. Қазақстан Республикасының заңнамасының заңнамасы өз атынан әрекет ететіндей құқығы бар мемлекеттік меншіктің екі субъектісін қарастырады: бүтіндей Қазақстан Республикасы және әкімшілік - аумақтық бөліністер. Яғни, азаматтық айналымда бұл субъектілер мемлекеттік меншік құқығын көтеретіндер болып саналады. Атқарылатын міндетке қарай мемлекет аталған субъектілердің біреуінің атынан меншік иесінің құқық өкілеттігін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы және әкімшілік – аумақтық бөлініс заңды тұлғалар емес. Бірақ, мемлекетке және әкімшілік - аумақтық бөліністерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар, егер заң құжаттарынан өзгеше норма туындамайтын болса, қолданылады. (АК – ның 114 — бабы). Қазақстан Республикасы және әкімшілік - аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретінде АК-ның және басқа азаматтық заң құжаттарының заңды тұлғалардың азаматтық айналымға қатысуын анықтайтын нормаларының шеңберінде әрекет етеді. Бұлар, бәрінен бұрын, шарт жасасу тәртібі, келтірген зиян үшін жауаптылық, меншік құқығы жайындағы АК-ның жалпы сипаттағы баптары. Бұл жалпы ережеге жатпайтындар да бар. Біріншіден, Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бөліністердің мәртебелерінің ерекшеліктерін және құқық өкілеттіктерінің ауқымын ескеру қажет. Мысалы, мемлекетке және әкімшілік-аумақтық бөлініске заңды тұлғаларды тіркеу туралы нормалар таралмайды. Бұл субъектілер қандайда бір есепке тіркелусіз, Конституциямен конституциялық заңдар негізінде әрекет етеді. Екіншіден, АК – ның өзіндегі бірқатар баптар Қазақстан Республикасы қатысатын құқықтық қатынастарға жатады немесе оған қандай да бір азаматтық – құқықтық міндеттемелер жүктейді (АК-ның 9-бабының 5-т, 104-бабының 6-т, 266-бабы).
Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс, ерекше субъектілер ретінде, азаматтық құқық қатынастары субъектісінің барлық құқытарына ие және құқықсубъектілікте тек күшіндегі заңдармен ғана шектеледі. Заңнамада анықталған жағдайларда, әкімшілік – аумақтық бөлініс азаматтық құқық қатынастарында мемлекет мүддесін білдіре алады. Қазақстан Республикасының смемлекеттік өкімет билігі мен басқару органдары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң актілерінде, ережелерде және өзге де құжаттарда белгіленген құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттер алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады(АК-ның 111-бабының 2-тармағы ).
Үкімет бұл контексте алғы шепте тұр. Оның құқықтық мәртебесі 18.12.1995 жылғы №2688 “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы”Конституциялық заңда белгіленген. Осы Заңның 9 – бабының 8-тармақшасына сәйкес Үкімет “ммелекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөнінде шаралар қарастырып оларды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік меншік құқығының қорғалуын қамтамассыз етеді”. Яғни Үкімет мемлекеттік меншік субъектісі ретінде мемлекет атынан өкілдік ала алады. Сонымен қатар ол мемлекеттік мүлікті иемденуге, пайдалануға және оған билік етуге қатысты кез келген әрекетті жасай алады, мәмілелер жасайды, мемлекеттік мүлікті бөліп таратады және қайта бөледі.
Үкімет жүйесінде Қаржы министрлігінің орны ерекше. Мемлекеттік меншік субъектісінің көптеген функцияларын :Үкімет Қаржы министрлігіне берген. Мысалы, республикалық қазынаның қаражаты ҚР Қаржы министрлігінің қарамағында болады, ол оған мемлекет атынан билік жасайды. Бұл функцияларды тікелей Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті орындайды. Ол Үкіметтің 1999 жылғы 24 мамырдағы N626 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы Ережесінің негізінде әрекет етеді. Қазынашылық комитет республикалық бюджетті орындау және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттарға есептік – кассалық қызмет көрсету, мемлекеттік бюджет – қаражат пен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттың мақсатты пайдалануына қаржылық бақылау жөніндегі арнайы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Меншік иесінің құқық өкілеттігін жүзеге асыратын орталық атқару органдары жүйесіндегі маңызды орынды мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік орган алады, оның аты да, ведомстволық бағыныштылығы да ауық – ауық өзгеріп тұрады.Меншік иесі функциясын өзге де орталық атқарушы билік органдары орындайды. Мысалы, республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік иесі субъектісінің функциялары министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге, ведомстволарға және министрліктердің кейбір департаменттеріне және Үкімет өкілеттік берген өзге органдарға жүктелген.
Заңнамада көзделген реттер мен тәртіпте Қазақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (АК – ның 111 – бабының 2 — тармағы). Мысалы, мемлекет қатысқан акционерлік қоғамға мемлекет атынан акционер – мемлекет функциясын орындауға уәкілеттік берілген тұлға тағайындалады,
Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар заң құжаттарында, ережелерде немесе сол органдардың мәртебесін анықтайтын өзге құжаттарда белгіленген өз құзіреті шегінде әкімшілік- аумақтық бөлініс атынан әрекет етіп мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттер иемдене алады, сотта оның мүддесін қорғай алады. Заңнамада көздеглген ретте және тәртәпте, арнаулы тапсырма бойынша жергілікті мемлекеттік орргандар, заңды тұлғалар (мемлекеттік еместерді қоса) мен азаматтар да әкімшілік – аумақтық бөліністің мүддесін білдіре алады. Мысалы, әкімшілік – аумақьық бөлініс қатысқан акционерлік қоғамға әкімшілік – аумақтық бөлініс атынан акционер — әкімшілік – аумақтық бөліністің мүддесін қорғауға құқық берілген тұлға тағайындалады. Заңнама тікелей сондай құқық берген мемелекеттік органдармен заңды тұлғалар ғана әкімшілік – аумақтық бөлініс атынан азаматтық құқық қатынастарына кіре алады. Азаматтық айналымда әкімшілік – аумақтық бөлініс атынан әрекет жасай алатын билік және басқару органдарына, бірінші кезекте, маслихаттар, әкімат, атқарушы биліктің аумақтық органдары (облыстық әділет басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, мемлекеттік мүлікті басқары жөніндегі аумақтық комитет ) жатады.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|