Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың объектілері.
1. Азаматтар кәсіпкерлік құқықтық қатынастар ұғымы және түрлері.
2. Меншік шаруашылық негізі ретінде.
3. Ақша және ақшалай міндеттеме.
4. Бағалы қағаздар ұғымы, оның түрлері.
Заңгерлер меншікті ие болу, пайдалану және заттардың, объектінің белгілі бір жиынтығын билеу тұрғысынан қарастырады. Заң түсінігі меншік құқығын объективті және субъективті мәнде қарастырады. Сонымен бірге заң актілері арқылы түрлі меншік субъектілеріне тиісті, иеболуға, пайдалануға және мүлікті билеуге байланысты адамдар арасындағы қатнастарды реттейтін құқықтық нысандар белгіленеді.
Субъекті –объекті
Меншік экономикалық мағынадағы техникалық, технологиялық ғылыми және зияткерлік әлеуеттің , шығарылған материалдық және рухани игіліктердің өндірістік қатнастарын көрсетеді. Бұл қатнастар шаруашылық, табыстарды бөлу нысандарында, адамдардың экономикалық және әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесі мен сипаттарында қалыптасады. Экономикалық қатнастардың қатысушылары бір-біріннің тең ерекшеленген меншік иелерін мойындайды.
Материалдық игіліктер кімге тиісті немесе табиғат өнімдерін кім иемденуде?
Иемдену қоғамдық өндірістің мәнін білдіреді. Иеліктен айыру – сол немесе басқа экономикалық ресурсты, қоғамдық қатынастардағы субъектінің өзінің өмірлік қызметінің игіліктерін иемдену үрдісі және мүмкіндігі.
Меншік – бұл игіліктерді иеліктен айыру – иемденудің белгілі бір нысанын көрсететін, адамдар арасындағы қатнастар, қоғамдық қатнастардың барлық жүйесінің негізгі. Бөлу, айырбастау және тұтыну нысаны меншік нысанының сипатына (қоғамдық немесе жеке) байланысты.
Қоғамдағы топтар мен әр түрлі таптардың жағдайы және олардың өндірістің барлық факторларын пайдалануға қолы жету мүмкіндігі меншікке тәуелді.
Меншік – тарихи дамудың нәтижесі. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің және оған тән өндіріс тәсілінің өзгеруіне орай нысанын өзгертеде.
Мемлекеттік меншік құқығының объектілері
Мемлекет өз меншігіне кез келген объектіні ала алады. Мемлекеттік меншік объектілері республикалық немесе коммуналдық меншікке кіреді. Республикалық мемлекеттік меншік субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Ал, коммуналдық мемлекеттік меншік субъектісі — әкімшілік-аумақтық бөлініс. Мемлекеттік меншікті республикалық және коммуналдық деп бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Тиісінше, мемлекеттік мүлікті меншіктің бір түрінен екінші түріне аудару мәселесін Үкімет немесе ол өкілеттік берген орган шешеді.
АК-ның 192-бабының 2-тармағына сәйкес қазынаға алтын-валюта қоры мен алмаз қоры кірді. 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкы туралы» Заң (ары қарай – Ұлттық Банк туралы Заң) бұл қорды «алтын-валюта активтері» деп атайды (10,15,41, 56, 58 және 60-баптар). Қазақстан Ұлттық Банкының алтын-валют қоры қазақстан теңгесінің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалады және пайдаланылады, ол: тазартылған алтыннан; Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі Қазақстан Ұлттық Банкы есебіндегі банкнот түріндегі шетел валюталарынан, мәнеттерден және қаражат қалдықтарынан; шет елдердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепілдік берген бағалы қағаздардан; өтімпаздығы және сақталуы қамтамасыз етілген, шетел валютасында ірілендірілген басқа сыртқы активтерден тұрады.
Ұлттық Банк алтын-валюта активтерінің құрылымы мен оларды орналастыру төртібін анықтайды. Алтын-валюта активтерін Қазақстан Республикасы резиденттері мен резидент еместерінің несие (қарыз) беру және кепілдіктер беру немесе басқа міндеттемелер формасыңда пайдалануына, Ұлттық Банк туралы Заңда көзделген жағдайлардан басқа реттерде, жол берілмейді. Алтын-валют активтерінің құрылымын ұлғайтуды және өзгертуді Ұлттық Банк жүргізеді (Ұлттық Банк туралы Заңның 58-бабы).
Қазақстан Республикасының коммуналдық меншігі жергілікті қазынадан және заң актілеріне сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп берілген мүліктен тұрады. Жергілікті бюджеттің қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлікжергілікті қазынаны құрайды (АК-ның 192-бабының 3-тармағы).
Мемлекет қатысқан мәміленің объектісі – қазына мүлкі, тек ғана мемлекет меншігінде болатын объектілер және оның мүліктік құқықтармен байланысты мүліктік емес құқықтары, сондай-ақ жекешелендіру туралы заңнамада көзделген арнаулы объектілер бола алады. Жекешелендіру кезінде мемлекет өзі немесе құқық берілген мемлекеттік орган арқылы кәсіпорынды түгелдей, акциялардың мемлекеттік пакетін немесе таратылған кәсіпорын мүлкін сатушы болады.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу, ағаш отырғызу үшін берілген (берілетін) жерлер, сондай-ақ құрылыс салу үшін берілген (берілетін) немесе өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер, олардың кешендері тұрғызылып қойған жерлер, ғимараттарға (құрылыстарға) қызмет көрсету үшін қажетті жерлер болуы мүмкін.
Мынадай жер учаскелерінің жеке меншікте болуы мүмкін емес (олар тек мемлекет меншігінде болады):
1) қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, қорғаныс өнеркәсібі үшін қажетті; Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау үшін инженерлік-техникалық құрылыстар, коммуникациялар тұрғызылған; кеден орналасқан;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3) орман және су қорлары;
4) магистралдық темір жол тараптары мен ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары орналасқан;
5) елді мекендердегі ортақ пайдаланылатын аумақтар (Жер кодексінің 26-бабының 2-тармағы).
Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айыр-машылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капита-лына қатынасады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алу-шысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім-шарт жасайтын кредитор болып табылады. Акционер АҚ-ның несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да ол қоғамнан өз акциясына тұрақты дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының (дивиденттері) шамасы баланста көрсетілетін пайдаға тәуелді. Акционерлердің жалпы жиналысында бұл пайданы пайдалану, сондай-ақ дивидент нысанында пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі.
Егер акционерлік қоғам тиімді жұмыс істеп отырса, онда акционерлерлік капиталды ұлғайту үшін мүмкіндік жасалады. Бірақ акция иелері акционерлер санын ұлғайтуға ұмтылмайды, себебі әр акционердің жаңадан шығарылатын акцияларды сатып алуға құқықтары бар. Кез келген акционер өзінде бар «ескі» акциялар шамасына тең мөлшерде жаңа акциялар сатып ала алады.
Бағалы қағаздар нарығында, бірінші кезекте қор бир-жасында бір кәсіпорынның акциялары бір уақыт ішінде компанияның нақты қорларында ешқандай да өзгеріссіз қалуына қарамай-ақ әр түрлі бағаға (бағамға) ие болуы мүмкін. АҚ пайдасы келесідей түрде бөлінеді: оның бір бөлігі акционерлер арасында бөлінеді, екіншісі – акционерлік компанияның резервіне бағытталып және оның капиталын ұлғайту үшін немесе өндіріс құлдырауға не дағадарысқа ұшыраған кезде дивидент төлеуге қызмет етеді.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|