Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 27.9.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Аралас [ Добавить материал ]

Кәсіпкерлік құқыққа кіріспе реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

04.01.2016, 23:43

Кәсіпкерлік құқыққа кіріспе.

1.    Кәсіпкерлік құқық ғылымының, құқықтың және оқу пәнінің саласы ретінде.
2.    «Кәсіпкерлік құқық» оқулық пән, оның белгілері, құқықтық реттеу әдістері.
3.    Кәсіпкерлік қызмет түсінігі, оның басқа құқық салаларынын айырмашылығы.

1. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қәзіргі заманғы тұжырымдамасы дамыған социализм жағдайында болғандай, бүтін және біртұтас болып табылмайды. Бұрынғы КСРО-ның ыдырауы және тәуелсіз және егеменді мемлекеттердің құрылуы қоғамдық және экономикалық өмірдетүбегейлі өзгерістер тууына жеткізді, сол себепті жабық тұрпатты экономикадан нарықтық экономикаға көшу және құқықтық мемлекет орнатуға бағыттылған демократиялық түрлену орын алды. Кәсіпкерлік құқық – құқықтың әртүрлі салалары нормаларын біріктіретін жан – жақты саласы. Құқықтың жан-жақты саласы – бұл, жекелеген ғалымдардың пайымдауынша, жартылай сала емес, бұл – құқықтың негізгі (белгілі бір қалыпқа келтіретін) саласынан ерекшеленетін сала, алайда құқықтық институттан және құқықтың қосымша саласынан айтарлықтай дәрежеде өзгеше. Құқықтың жан-жақты саласы, бәрінен бұрын, өзіне тән салалық әдісі жоқ, бірақ арнайы, дегенмен көрнекті заңдық режим алатын құқықтық реттеудің біртұтас тақырыбы болып табылады.  
2. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқыққа қатысты оның мәні және құқықтық табиғатын түсіну үшін, негізгі үш көзқарасты бөліп айтуға болады:
•    Бірінші – кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық құқықтың дербес саласы болып табылады. Дегенмен, әрине, оның жақтастыры кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық тақырыбының мазмұны мен әдістерінің айтарлықтай өзгергенін түсінеді. 
•    Екінші - кәсіпкерлік (шаруашылық) заңының белгілі тұтастығын тануға негізделген. Осыған байланысты Ю. Г. Басин кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық азаматтық құқықтың қосымша саласы, ал кәсіпкерлік (шаруашылық) заң заңның кешенді саласы ретінде әрекет етеді дегенді айтады.
•    Үшінші – бұл жеке – құқықтық және әртүрлі салаларға жататын (азаматтық құқық, әкімшілік құқық, халықаралық құқық, қаржы құқығы және т.б.) көпшілік-құқықтық нормаларды біріктіретін құқықтың кешенді саласы дегенді мақұлдайды. 
3.М.К. Сүлейменов кәсіпкерлік құқықты екіжақты түсіну керек деген пікір айтады: тар мағынасында кәсіпкерлік құқық – азаматтық құқықтың бір бөлігі; сол бір мезгілде кәсіпкерлік құқықты кең мағынасында құқықтың әртүрлі салалары (азаматтық, әкімшілік, қаржы, кеден, еңбек және басқалары) нормаларын біріктіретін жан-жақты білім деп түсінуге болады.
    Батыстық құқықтануда құқық жүйесіндегі кәсіпкерлік құқықтың алатын орны туралы мәселені шешудің екі негізгі бағыты қалыптасқан.
    Бірінші бағытқа сәйкес (А. Жакомэн, Г. Шранц), шаруашылық құқығы құқық саласы немесе заң саласы емес, себебі ол экономикалық қатынастарды реттейтін құқық нормаларын әзірлейтін немесе қолданатын жаңа тәсіл болып табылады. 
    Шаруашылық құқығының екінші бағыты оны құқықтың дербес саласы деп танудан көрінеді. Сонымен бірге бұл тұжырымның аясында ғылымдардың пікірлері бөлінді де, шаруашылық құқығын тар және кең фймағыналарында түсінуді жақтайтындар пайда болды.
    Тар түсінікті жақтаушылар шаруашылық құқыққа қатынастарды экономиканың мемлекеттік реттелуі бойынша реттейтін нормаларды енгізеді (оның ішінде ұлттандыруды, баға белгілеуді реттеу, салықтық, кедендік және валюталық реттеу және т.с.с.). Демек, шаруашылық құқығы жария (көпшілік) құқық салаларына жатады. Мұндай көзқарас континенталдық құқық елдерінің бірқатар елдеріне (Германия және Нидерланды) басым болып отыр.
    Шаруашылық құқығының кең түсінігі жан-жақты, яғни кәсіпкерлік құқықтың көпшілік-құқықтық және жеке-құқықтық табиғатын тануға саяды.
    Сонымен, мынандай қорытынды жасауға болады: шетелдік заң әдебиетіне шаруашылық құқығын кең мағынасында түсінуді жақтайтындар оған шаруашылық қызметін іске асыру барысында пайда болатын қатынастарды реттейтін құқықтың әртүрлі салалары (азаматтық, әкімшілік, қаржы еңбеқ, халықаралық, қылмыстық және т.б.) нормаларды сыйғызады.





Категория: Аралас | Добавил: Admin | Теги: кәсіпкерлік, аралас, реферат
Просмотров: 4260 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]