Каналдардың және тасымалдаушылардың негізгі функциялары
Иондық канал сыртқы стимулдарға ион үшін мембраналық өтімділіктің өзгеруімен жауап береді. Ондай каналдар жұмыс істеу үшін келесі шарттар орындалу керек:
1. Сыртқы сигнал каналдың ашық және жабық қалпын жылдам ауыстыру керек.
2. Мембраналалық потенциалдың жаңа стационарлы мәні тез орнатылу керек.
3. Функционалды қалып өзгерген кездегі жылдамдықтың және оның өзгеруінің ролі аса маңызды.
Ағынның жылдамдығы каналды тасымалдаушыдан ерекшелейтін маңызды сипаттамасы болып табылады. Ашық каналдардың үлесі аз болса да, олар мембрананың электір қасиеттеріне күшті әсер тигізеді.
Пассивті және белсенді тасымалдау ұғымдары.
Биологиялық мембрананың липидті биқабатының ішкі аймағы гидрофобты, сондықтан ол көптеген полярлы молекулалар үшін өтімділігі төмен бөгет болып табылады. Бұл қасиеттің арқасында клетканың құрамының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Жасушада ағатын бірқатар процесстер (АТФ синтезі, қозу, иондық және су құрамын сақтау) заттың мембрана арқылы тасымалдауымен байланысты. Нейтралды молекулалар мен иондардың тасымалдауының екі типі болады – белсенді және пассивті.
Белсенді тасымалдау АТФ молекуласының гидролизінің немесе митохондриялардың тыныс алу тізбегінен электронды көшіру есебінен алынған химиялық энергиясының жұмсалуымен жүзеге асырылады.
Пассивті тасымалдау үшін химиялық энергия жұмсалмайды. Пассивті тасымалдау деп концентрациялық, электір, осмостық немесе фильтрациялық градиенттері бойынша ағатын заттын тасымалдауын атайды.
Судың тасымалдауы және әрекет потенциалы тараған кездегі жүйке талшықтарының цитоплазмалық мембрана арқылы натрий және калий иондарының тасымалдаулары пассивті тасымалдаудың белгілі мысалдары болып табылады.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|