Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 27.6.2020
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы өлеңі (Абай Құнанбаев)
загрузка...

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ҚАҚТАҒАН АҚ КҮМІСТЕЙ КЕҢ МАҢДАЙЛЫ

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды. 
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
 
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын, 
Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды. 
Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды. 

Сөйлесе, сөзі әдепті әм мағыналы, 
Күлкісі бейне бұлбұл кұс сайрайды. 
Жұп-жұмыр, ақ торғындай мойыны бар, 
Үлбіреген тамағын күн шалмайды. 

Тақтайдай жауырыны бар, иығы тік,
Екі алма кеудесінде қисаймайды.
Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес, 
Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды. 

Етіндей жас баланың білегі бар,
Әжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы.
Қолаң кара шашы бар жібек талды 
Торғындай толқын ұрып көз таңдайды.

Қандай қызда ләззат бар жан татпаған? 
Сұлуы бұл заманның тек жатпаған.
Он сегіз, он тоғызға келгеннен соң, 
Алмасы өкпе болар қол батпаған. 

Бұлардың кей бірінің мінездері —
Еш нәрсе көрмегенсіп бұртақтаған. 
Кейбірі жайдары, ашық боламын деп, 
Орынсыз адамдармен жыртақтаған. 

Әуелде сұлу жайы бізге мәлім,
Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған.



Категория: Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (13.11.2016)
Просмотров: 6063 | Теги: абай, өлеңдер, Қақтаған ақ күмістей | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]