Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 8.12.2023
Главная » 2016 » Апрель » 19 » Жұлдызқұрт
20:38
Жұлдызқұрт
загрузка...

Күні:                Пәні:Мүсіндеу
Тақырыбы:Жұлдызқұрт
   Мақсаты: 1. Балаларға  модульдік мүсіндеудің  дағдыларын түсіндіру.Бейнеден бірдей бірнеше модульдік (элементтер) бөлшектер жасауды үйрету.
    2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,халық  өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
    3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер  
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Жұмбақ:
Денесі буылтық,
Сырты жасылтүк. (Жұлдызқұрт)
-Балалар бүгін біз жұлдызқұрттың бейнесін жасаймыз.
V Жаңа сабақ 
           Жұлдызқұрттың мүсіндеудің технологиясын түсіндіру.Мүсінделген жұлдызқұртты көрсетіп,оны домлақ ермексаздан жасалатынын айтып, оған кесілген бөлігін орналастырады.
Ермексазды бөліп,оны алақанға салып,кішкентай домалақтар жасайды.
Сергіту сәті:   Ақ қояным тұршы
                        Беті-қолды жушы
                        Айнаға қарашы
                        Шашыңды тарашы
                           Ақ көйлегіңді киші
                           Сабаққа қарай баршы
                           Орныңа отыршы 
                           Сабағыңды оқышы

VI Пысықтау
        Шығармашылық жұмыс: Балалар  жұлдызқұрттың бейнесін жасайды.

VII Бекіту
-Бүгін қандай тақырып өттік?
-Жұлдызқұрт қандай болады?
-Жұлдызқұрттың жасалу жолы қандай?
-Түсі қандай?
VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 3374 | Добавил: Admin | Теги: Жұлдызқұрт, балабақшадағы ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]