Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 26.9.2023
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Жыл өтті өлеңі (Мұқағали Мақатаев)

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ЖЫЛ ӨТТІ

Білмеймін, күн өтті ме, жыл өтті ме? 
Баяғы байыз таппас жүрек, міне, 
Күн, айлар, жылдар өтті дүр етті де, 
Бір тамыры болымсыз дір етті де, 
Баяғы жүрек қалды.
Жүрек, міне.

Байғұсым ұзатып сап барлығын да 
Өзі қалды өзінің хандығында.
Кеуде деген керемет сарайының, 
Жаңа жылдық алауын жандыруда. 
Жайлап қана ұзатып барлығын да.

Жүрек, міне,
Жан жүрек жүр менімен, 
Дүрсілімен, ептеген кірбіңімен, 
Түндерімен, беймаза күндерімен.
О, жалғызым!
Жабықпай жүр менімен.

Гүріліндей аспанның дүр етті де, 
Жыл өтті.
Жүрек қалды дір етті де.
Күн айға, ай жылдарға ілекті де 
Жыл өтті.
Жүрек қалды.
Жүрек, міне!..



Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (21.12.2016)
Просмотров: 4057 | Теги: Мұқағали, жыл, өлеңдер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]