Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 28.10.2020
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

Желсіз түнде жарық ай өлеңі (Абай Құнанбаев)

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ

Желсіз түнде жарық ай, 
Сәулесі суда дірілдеп, 
Ауылдың жаны терең сай, 
Тасыған өзен күрілдеп.

Калың ағаш жапырағы 
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің топырағы, 
Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып, ән қосып 
Үрген ит пен айтаққа. 
Келмеп пе едің жол тосып 
Жолығуға аулаққа?

Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып, 
Елең қағып, бос шошып.

Сөз айта алмай бөгеліп, 
Дүрсіл қағып жүрегі, 
Тұрмап па еді сүйеніп, 
Тамаққа кіріп иегі?



Категория: Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (07.11.2016)
Просмотров: 2577 | Теги: абай, өлеңдер, Желсіз түнде жарық ай | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]