Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 27.6.2020
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

Жасымда ғылым бар деп ескермедім өлеңі (Абай Құнанбаев)
загрузка...

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ЖАСЫМДА ҒЫЛЫМ БАР ДЕП ЕСКЕРМЕДІМ

Жасымда ғылым бар деп ескермедім, 
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, 
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім? 
Адамның бір кызығы - бала деген, 
Баланы окытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім, 
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.



Категория: Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (12.11.2016)
Просмотров: 15186 | Теги: абай, өлеңдер, Жасымда ғылым бар | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]