Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 17.2.2020
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

Ішім өлген, сыртым сау өлеңі (Абай Құнанбаев)
загрузка...

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ІШІМ ӨЛГЕН, СЫРТЫМ САУ

Ішім өлген, сыртым сау, 
Көрінгенге деймін-ау.
Бүгінгі дос — ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?! 

Өз үйінде өзендей 
Күркірейді, айтса дау.
Кісі алдында кірбендеп, 
Шабан, шардақ және шау. 

Мұндай ма едің ана күн, 
Мұның қалай, батыр-ау?
Үш күн арқаң босаса,
Бола қалдың бас асау.

Жан қысылса, жайтаңдап, 
Жанды еріткен жайдары-ау. 
Жан жай тапса, сен неге 
Жат мінезсің жабырқау? 

Ұрлық пенен қулыққа 
Байлағанда, кестің бау. 
Берермеңде бесеусің, 
Аларманда және алтау.

Топ болғанда көресің 
Түрлі дауды жүз тарау. 
Аяғында сендейлер 
Көрмей жүр ме ханталау?



Категория: Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (08.11.2016)
Просмотров: 3036 | Теги: Ішім өлген, абай, өлеңдер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]