Геометрия 9 сынып дайын үй жұмыстары Шәкілікова С.
Сендер 7-, 8-сыныптардағы геометрия курсында кейбір геометриялық фигуралармен, мәселен, кесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер және т.б. фигуралармен таныс болдыңдар. Енді осы сыныпта геометриялық фигуралар туралы білімдеріңді одан әрі кеңейтіп, тереңдететін боласыңдар, жаңа фигуралармен және өздеріңе мәлім фигуралардың негізгі қасиеттерімен танысасыңдар. 9 – сыныпта көпбұрыштарды, пирамиданы, шарды және т.б. фигураларды оқып білетін боласыңдар. Осы жаңа тақырыптарды өту барысында қандай-да бір қиындықтар шықса, дайын үй жұмыстары (ДҮЖ) оқу құралына сүйенсеңдер болады. Ол сендердің білімдеріңді тексеруге және түсінбей қалған тақырыптарыңды өз бетінше меңгеруге көмектеседі. |