Admin
|
Дата: Пятница, 31.10.2014, 19:46 | Сообщение # 1
|
Генералиссимус
Группа: Администраторы
Сообщений: 165
Репутация: 1000
Статус: Offline
|
Қымбатты жас жұбайлар .... - .........!
Сіздерді бүгінгі некеге отыру салтанатымен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген сөз бар. Сіздер бүгін мемлекеттің кіші моделі – отбасын құрып, өз алдарыңызға отау тіктіңіздер. Яғни, бүтіндей бір мемлекеттің тәуелсіздігін жарияладыңыздар. Сіздер құрған жас мемлекеттің Отанымыз Қазақстан секілді бай-қуатты, іші тату, сырты қауіпсіз, өмірі бейбіт, бар мүшесі бақытты болуына тілектеспін.
Үйлену – тек неке қию емес, маңызды әлеуметтік оқиға, үйлену – екі жастың бір-біріне тағдырларын сеніп тапсыруы. Жас отау иесі ......... осы сәттен бастап, өзі сүйіп қосылған .......... жұбайының болашағына тікелей жауап беретін болады. Отбасын құру – өте үлкен жауапкершілікті жүктейтін іс. Жұмыста өзін жауапкершілігі мол қызметкер ретінде көрсеткен Жарқын, жанұяда да осындай қасиетімен дараланатынына сенімім кәміл.
Алла Сіздердің сезімдеріңізді мәңгілік жас, жүректеріңізді егіз, тілектеріңізді бір ете көрсін! Жұптарыңыз жазылмасын. Ата-ана, туыс-туған, дос-жарандарға сыйлы, үлгілі жанұя атаныңдар. Махаббат айдынындағы сапарларың сәтті, бақыттарың баянды болсын! |
|
|
|
Admin
|
Дата: Пятница, 31.10.2014, 19:46 | Сообщение # 2
|
Генералиссимус
Группа: Администраторы
Сообщений: 165
Репутация: 1000
Статус: Offline
|
Әжесінің бұзығы да, қызығы да бір өзің едің, бүгін бір басың екеу болып баршамызды қуанышқа бөлеп тұрсың. Бала күніңнен бауырымда өстің, сенің әрбір қадамың мен белестеріңнің куәсі өзім болдым. Әрбір жетістіктеріңнің ішінде болдым. Сенің осындай азамат болып өскеніңе үлесім тигеніне қуанамын. Еңбегім мен үмітімізді ақтап жақсы азамат болдың, бүгін өзіңе Алланың бұйырған жарымен болашаққа қадам басқалы тұрсың. Осындай қызықты көрсеткеніңе рахмет.
Келінім ------------- ге айтарым , сен үлкен бір әулетке келіп отырсың! Біздің әулет келіндерің қыздан кем көрмеген. Қадамың құтты болып, бауырымның бақыты болғайсың. Жанұяның абыройы мен айбары – қасыңдағы азаматың болса, жылулығы мен жанашыры – өзіңсің. Шаңырағыңды шаттыққа толтыратын да, шатаққа толтыратын өзің. Келешегіңнің келісті болуы саған байланысты. Әулетіміздің сүйікті де сыйлы келіні бол. Сен бауырымызды бағаласаң, біз сені алақанымызда ұстайтын боламыз.
Екеуіңе тілейтінім:
Болашағы бақытты да, шаттықты болсын.
Өмірлерің ұзақ та , қуанышты болсын.
Тұрмысы тату-тәтті, табысты болсын.
Еңбектері елеулі, жемісті болсын.
Ұрпақтары саналы, келісті болсын.
Махаббаттары баянды болсын.
Сезімдерің сөнбесін, бір-біріңе сенімді адал болыңдар!
Алтын тойға бірге жетіңдер!
Ел сүйсіне қарайтын өскен- өнген үлгілі отбасы болыңдар!
Тойларың тойға ұлассын!
Барлығымыздың бір Алладан тілейтініміз осы! |
|
|
|