Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.6.2023
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
Форум » Қазақстандық жастар форумы » Қазақша тілектер » Жас жубайларга тилек
Жас жубайларга тилек
AdminДата: Пятница, 31.10.2014, 19:39 | Сообщение # 1
Генералиссимус
Группа: Администраторы
Сообщений: 165
Репутация: 1000
Статус: Offline
Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.
 
Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен қызық-ойын.
 
AdminДата: Пятница, 31.10.2014, 19:41 | Сообщение # 2
Генералиссимус
Группа: Администраторы
Сообщений: 165
Репутация: 1000
Статус: Offline
Игіліктің тойына 
Билет келді қолыма,
Билет ұстап отырып 
Нелер түсті ойыма.

Кешеғана кішкентай
Игілік бүгін ер жетті
Ер жеткені осы ғой
Қызылжардың қызына
Үйленетін кез жетті.

Айналайын қарағым
Құтты болсын қадамың
Өмірлік болсын өзіңе
Таңдап алған адамың.

Қондырған құстың қолыңа
Бақыт құсы болсыншы
Бақыт, дәулет бірдей боп
Ырыс келіп қонсыншы.

Туған-жуыс қуанып
Жасап жатыр үлкен той
Абайдың ізі - жалғасы
Бәрімізге ортақ той.

Жастайыңнан мәпелеп
Қатарға сені қосам деп
Абайымның көзі деп
Аузындағы сөзі деп
Саған қарап қуанған
Саған қарап жубанған
Жамбыл атты, ағаңа
Ризашылық білдіріп
Алғысымды төгейін.

Маңдайдағы жұлдызың
Жағаңдағы құндызың
Ардақтасын сені ертең
Соңыңнан ерген ұл-қызың.

Ұл-қызың мен туыстың
Қызықтарың көре бер.
Қартайғанда солардың
Рахатына бөленіп
Соңдарынан ере бер.

Игілік пен келінге
Мен тілеймін ақ тілек
Ақ махаббат берік боп
Бірге соқсын қос жүрек
Үлкен-кіші тілеген,
Қабыл болсын көп тілек

Өмірге сені әкелген
Маржан атты анаң бар
Аялап, бағып құрметтеп
Сол Анаңа қараңдар

Силап өтсең анаңды
Көтерер ел бағаңды
Ақ бата алсаң анаңнан
Жұлдыздарың жанады.

Қол ұстасып жүріңдер.
Күлсеңдер бірге күліңдер.
Бір-біріңді мәңгілік
Құрметтеңдер сүйіңдер.

Екі жақтың құдасы
Құтты болсын тойларың
Келіп-кетіп жүруге
Ашық болсын жолдарың!
 
AdminДата: Пятница, 31.10.2014, 19:41 | Сообщение # 3
Генералиссимус
Группа: Администраторы
Сообщений: 165
Репутация: 1000
Статус: Offline
Думан мен Айнурдың тойына тілек
Бүгін міне шаңырақта жанды үміт,
Алдарыңнан атсын әркез таң күліп.
Сәби сүйіп жетіңдерші мұратқа,
Махаббатты серік етіп мәңгілік.
Бақытты болыңдар!
 
AdminДата: Пятница, 31.10.2014, 19:41 | Сообщение # 4
Генералиссимус
Группа: Администраторы
Сообщений: 165
Репутация: 1000
Статус: Offline
Іңкәрлі өмірге жарасым тауып, бірге аттаған қадамдарың құтты да сәтті болсын! 
Өмір арнасында қос өзен секілді қосылған тағдырларыңа тек қана сәттілік, сенім, адал махаббат, мықты денсаулық, сүйкімді сәби тілеймін. Ардақты ата- аналарың мен аяулы бауырларыңның көз қуанышы мен көңіл нұры болып бақытты ғұмыр кешкейсіңдер!
Бабадан қалған әулеттің өрісін одан әрі кеңітіп, шаңырақтарыңды бақ пен қуаныш толы, сәбидің былдыры мен күлкі сыңғыры естіліп тұрар БАҚЫТ сарайына айналдырғайсыңдар! Мен сендердің бақытты болатындарыңа сенемін! Бақытты болыңдар!
 
Форум » Қазақстандық жастар форумы » Қазақша тілектер » Жас жубайларга тилек
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск: