Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 24.2.2020
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Есіңе мені алғайсың өлеңі (Мұқағали Мақатаев)
загрузка...

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ

Нұр жауып тұрған көктемде, 
Гүл тере барсаң бөктерге, 
Қоңыраулатқан аспанды 
Найзағай шаншып өткенде, 
Есіңе мені алғайсың!

Тұнжырап тұрған орманға, 
Тұнжырап жалғыз барғанда. 
Мен бар деп мына жалғанда,
Жоқ деген сөзге алданба. 
Есіңе мені алғайсың!

Жапырақ жанып жатқанда, 
Күз келген күрең шақтарда, 
Ағаштар мұңға батқанда 
Есіңе мені алғайсың!

Ақ қырау тұрған ақпанда, 
Ағаштар сырға таққанда, 
Бозарып тұрып ақ таңда, 
Есіңе мені алғайсың! 
Есіңе мені алғайсың!



Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (20.11.2016)
Просмотров: 1191 | Теги: өлеңдер, Мұқағали, Есіңе | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]