Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.9.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

03.01.2016, 16:22

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бүл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылык, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары — көне заман тарихы туралы ұғымымызды қеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.
"Геродот мүсіні"    «Көне», «қадым заман» мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін «Эллиндер»; ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғасырда Рим империясының құлауымен аяқталды. Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның өдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен үшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметгік өмірдің барлық салаларында — поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мөдениеттің жарқын бетгері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты үлылар есімімен тығыз байланысты болды.
Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б.з.д. Ill—II мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. «Эгей» өркениеті мәдениеттің қайнар бүлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д. ӀӀ-мыңжылдықта Эгей мөдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен
"Зевс"          Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мэдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит — ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты қүдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аралында жасаған, қүтырған бүқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бүл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осындай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-түра кездесіп қалады
Грек тілі
Үндіеуропалық тілдер семьясының жеке тобына жататын жаңа грек тілінде сөйлейді. Диалектілері, наречиелері мен говорлары бар.Ежелгі грек тілінің лексикасы, латын тілімен қатар қазіргі ғылым мен ғылыми-техникалық терминологияның қалыптасуына негіз болды. Жаңа грек окйнесі оңтүстік диалектілердің негізінде құрылып, 18-19 ғғ. қалаларда кеңінен таралды. Койнеден басқа жаңа грек тілінде 4 диалект ерекшеленеді: понтийлік, каппадокийлік (понтийлікке жақын, бірақ түрік тілінің күшті әсеріне ұшыраған), цакондық, төменгі италийлік. Жаңа грек әдеби тілінің екі түрі бар: кафаревуса – «тазартылған», дәстүрлі аттикалық норманы жалғастырушы және димотики – «халықтық», Орталық Грекия говорларының негізінде қалыптасқан. Жаңа грек тілінің лексикасы өз құрамында ежелгі грек тілінен келе жатқан, сонымен қатар роман, славян, түрік тілдерінен енген архаизмдердің жаңа қабаттары, және көптеген қатарларын біріктіреді. Ежелгі жазба ескерткіштері б.д.д. 14-12 ғғ. жатады, силлабикалық критомикендік жазбамен жазылған. Алфавиттік грек жазбасының алғашқы ескерткіштері б.д.д. 8-7 ғғ. жатады.
Діни сенімдері       Діни сенімдері – православиелік. Гректер үлкен европеоидтық нәсілдің үнді-жерорта теңізі нәсіліне жатады. Кейбір солтүстік топтар балқандық-кавказдық нәсілдерге жатады. Гректер этносының негізін ежелгі грек қоғамы құрайды, ол б.д.д. 2-ші мыңжылдықта Балқан түбегінің оңтүстігіне, Эгей теңізінің аралдарына және Кіші Азияның батыс жағалауларына байырғы халықпен сіңісіп кеткен ионийліктер, ахейліктер, эолийліктер мен дорийлер тайпаларының қоныс аударуынан кейін қалыптаса бастады.
«Гректер» этнонимі алғашқыда солтүстік Грекиядағы тайпалардың біріне қатысты болғанға ұқсайды және атап айтқанда, Беотия мен Эвбея аралындағы Грайя қалаларының атаулары бойынша танымал. Сосын ол римляндардың қолданысына еніп, барлық эллиндерге таратылған. Ежелгі гректер Еуропа мен Таяу Шығыс мәдениетінің дамуында үлкен роль атқарған жоғары антикалық өркениетті құрды.
Гректердің Қазақстанға алғаш рет келуі әр түрлі оқиғалармен күндерге байланысты: олар темекі өсіру бойынша мамандар ретінде шақырылған 20-жылдардан 30-жылдарға дейінгі кезең. Келесі кезеңдер олардың Солтүстік Кавказдан (1937, 1938, 1942 жж.), Қырымнан (1944 ж.), Грузия мен Абхазиядан (1949 ж.) күштеп қоныс аударылуларына жатады. Гректер Қазақстанның түгелдей дерлік аумақтарына қоныстандырылды. Гректер жаңа климаттық жағдайларға жылдам бейімделіп, өздерінің генетикалық жан-жақтылығы мен еңбекқорлығының арқасында өздерін қызметтің әр түрінде: ауыл шауашылығында, құрылыста, денсаулық сақтау, білім, ғылым жүйесінде және т.б. көрсете отырып, жергілікті халықпен тез тіл табысып кетті.
Мәдениеті, әдет-ғұрпы мен дәстүрі
Гректердің мәдениеті, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерінің тамыры тереңде жатыр. Гректер ежелгі халықтардың арасындағы дара некелік қағидасын ұстанғандардың алғашқысы. Христиандықты қабылдап, діни сенімге сәйкес, азаматтық некеден басқа неке қию және шоқындыру рәсімдерін өткізеді. Понтийлік гректердің өздеріне тән мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері бар. Дәстүрлі понтийлік гректер үйлерін биік іргетасқа немесе екі қабатты етіп салған, оның бірінші қабаты мал ұстау үшін пайдаланылған. Қазіргі уақытта үйлер кірпіштен және басқа да құрылыс материалдарынан салынады. Понтийлік гректер Түркиядан Кавказға қоныс аударылған кездің өзінде еуропалық үлгідегі фабрикалық киімдер киген. Ерлер «қалалық костюм» - пиджак, шалбар, картуз және фуражка киген. Әйелдердің костюмдері дәстүрді ұзағырақ сақтады. Грек әйелдері шальвар, белдемше және бас орамал киіп жүрген. Гректердің тұрмысында дәстүрлі понтийлік былғары аяқ киім – чаруши көп уақытқа дейін сақталды. Қазіргі уақытта гректердің киімдері заманауи сипатта болып табылады.
Күнтізбелік рәсімдер
Жаңа жылды 14 қаңтарда (ескі үлгі бойынша) атап өтеді. Жаңа жылда маска киген адамдардың шеруі өтеді. Маска кигендерден басқа жаңа жылдық түнде үйлерді жарапазан айтушылар аралайды, олар арнайы жаңажылдық жарапазан айтады, үй иелері оларға тәтті-дәмділер мен ақша береді. Рождествоны 7 қаңтарда атап өтеді (ескі үлгі бойынша). Рождествоның алдында қырық күндік ораза ұсталады. Рождестволық дастархандағы міндетті тағам кутья (колва) болып табылады. Рождестволық кеште балалар жарапазан айтып үйлерді аралайды. Шоқындыруды 19 қаңтарда (ескі үлгі бойынша) атап өтеді.
Ұлттық тағамдары
Ұлттық тағамдарды гректер тек мерекелерде және ерекше салтанатты жағдайларда ғана дайындайды. Гректерге тән тағамдар әбден пісірілген тауық еті қосылған ұнтақталған бидай жармасынан дайындалған бидай ботқасы болып табылады. Жарманы тауықпен бірге, тауық еті тарамдалып кеткенше үнемі араластырып отырып пісіреді. Сонымен қатар қуырылған жұмыртқа және жүзім жапырақтарына немесе орамжапырақтың жапырақтарына оралған туралған ет пен күріштен голубцы дайындалады. Қазіргі понтийліктерге айналадағы грек емес халық пайдаланатын тағамдардың барлығы тән болып табылады.
Эгей теңізі аймағында ежелгі тұрғындарының ой-санасында барша табиғат күштері мен құбылыстары аса құдіретті, мәңгі жасайтын тіршілік иелері құдайлар кейпінде бейнеленіп, адам баласына тән барлық сезімдермен (қуаныш, қайғы, ашу-ыза, қызғаныш, өшпенділік т.б.) керемет кіршіксіз адамдар түрінде елестеген.
Ежелгі грек мифтері ішінара тәңірілік әрекеттер туралы баяндаса, ішінара ғажайып құдірет-күш, ептілік пен батылдық дарыған әр алуан ерлі-зайыпты құдайлар ұрпағы есептелетін қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған. Жерорта теңізі әлемі халықтарының арасында кеңінен тараған бұл бағзы хикаялар мен аңыздарды римдіктер де пайдаланған. Жаңа дәуірде ол хикая аңыздар ежелгі грек мифологиясы дейтін ортақ атаққа ие болды. Гректер құдайлар Грекияның ең биік тауы Олимпте тұрады деп сенді. Оларды Олимп құдайлары деп атады (Зевс және негізгі құдайлар). Гректер Олимптегі құдайлар тұрмысын шонжарлардың тұрмысына ұқсатты. Шонжарлар тайпаларды қалай басқарса, Зевс бастаған «Олимпиялықтар» адамдар мен табиғатты солай басқарды. Құдайлар да мансапқор, қатал, кекшіл келеді-міс. Құдайлар біреуді бай әрі шонжар, енді біреуді кедей, тағы біреуді құл етіп жаратқан. Кімде-кім құдайлар орнатқан тәртіпке қарсы шықса, ол адам құдайлардың қаһары мен аяусыз жазаға ұшырайды-мыс.
«Бұлт айдаушы» Зевстің еркімен жаңбыр жауады немесе қуаңшылық болады. Өзін ашуландырған адамдар мен құдайларды құдіретті Зевс алтын жебелермен – жай оғымен жайратады-мыс.
Гректер «Жерді тербетуші» – теңіз құдайы Посейдоннан қаһарлы Зевстен кем қырықпаған. Посейдон өзінің үш тісті орасан зор найзасымен жерді сілкінтіп, теңізге алапат дауыл тұрғызып, кемелерді суға батырып жібереді.
Күн құдайы Гелиос ақша қардай аппақ аттар жегілген алтын арбасымен аспанда жүріп өткенде күн туады-мыс. Жарық пен өнердің құдайы – Аполлон. Күзде өсімдіктердің қурауы мен көктемде табиғаттың жандануы құнарлылықтың әйел құдайы Артемидаға байланысты болған. Адам өлген соң, оның жаны жер асты патшалығының әміршісі қатыгез Аид билік ететін, өлген адамдардың қапас жер асты патшалығына түседі-міс. Аидтың аяғының астында үш басты төбет отырады, ол жер асты патшалығына келгендерді кіргізеді де, бірақ одан ешкімді де шығармайтын болған.
Гректер басты құдайларды мәңгі өлмейтін, сұлу, тұлғалы, алып адам бейнесінде елестетті. Ал орман құдайлары сатырларды үсті-бастары жүн басқан ешкі аяқты, ешкі құлақты адамдарға ұқсатты. Бұлақтардың әйел құдайларын қыз түрінде бейнелеп нимфалар деп атады. Шаруашылықтың әр саласының, егіншіліктің, мал шаруашылығының, аңшылықтың, қол өнердің әрқайсысының қамқоршы құдайлары бар деп саналды.Шарап жасау ісінің құдайы Дионис адамдарға жүзім өсіріп, шарап жасауды үйретсе керек. Оның құрметіне мейрамдар өткізіліп отырған.Гректер металл өңдеуді игере бастаған кезде ұсталардың жарылқаушысы – Гефест құдай туралы аңыз шықты. Гефест жер астындағы ұстаханада өзі жұмыс істейді екен. От пен түтін атқылап жатқан жанар таулар оның жер астындағы ұстаханасынан шығады. Гефест үстіне қолөнершілердің қарапайым киімін киеді, беті-қолы қап-қара, күйе болып жүреді-міс.
Сауда-саттықтың өркен жаюына байланысты оның жарылқаушысы – Гермес құдай пайда болды. Ол Зевстің тапсырмасын орындап, бір қаладан екінші қалаға ұшып жүрген. Сондықтан көбіне ол сандал, қалпақ киген қанатты адам кейпінде бейнеленген.
Зевстің әйелі Гера – неке, ана мен баланың қамқоршысы. Артемида – аңшылық құдайы, Аполлон – өнер, жарық құдайы, Афродита – сұлулық, махаббат құдайы, Арес – соғыс құдайы, Афина – қалалардың қамқоршысы, Тюхэ – бақыт құдайы, Ника – жеңіс құдайы, Фемида – заңдарды сақтаушы құдай, Мойралар – тағдыр құдайлары, өлім құдайы – Танат, ұйқы құдайы – Гипнос, Пан – орман құдайы, табиғаттың қамқоршысы, Эрида – араздық құдайы т.б..
Антикалық шығармаларда мифтік әңгімелер жиі кездеседі, әсіресе грек өнерінің көптеген шығармаларында құдайлар мен қаһармандар образы бейнеленген. Антикалық грек-рим мәдениеті осы заманғы барлық еуропалық халықтардың мәдени дамуына өте күшті ықпал жасады. Грек жазуы көптеген алфавиттерге негіз болды. Гректің толып жатқан сөздері қазіргі тілдерге де енді: «школа», «арифметика», «театр», «хор», история» т.б. Күнделікті әңгімеде ескі грек мифологиясынан алынған есімдер, атаулар, бейнелі сөздер жиі қолданылады: «титандық күрес», «молшылық мүйізі», «бүлік алмасы», «олимпиялық жайбарақаттық», «ахиллес өкшесі», «тантал азабы», «сизиф еңбегі» т.б. Грек есімдері – Петр – «тас», Алексей – «қорғаушы», Георгий – «егінші», Галина – «желсіз тымық теңіз айдыны». Қазіргі астрономиядағы көптеген планеталардың, жұлдыздар мен тұтас жұлдыздар шоғырларының аттары антикалық мифологиядан алынған.
Еуропаның әр түрлі елдерінің жазушылары, суретшілері мен сазгерлері грек мифологиясының эпизодтарын өз шығармаларына сюжет етті: С.Боттичелли («Венераның тууы», «Көктем» картиналары), Рубенс («Персей мен Андромеда»), Рембрандт («Даная»), Пуссен («Спящая Венера и Амур»), У.Шекспир («Венера мен Адонис»), Глюк («Орфей» операсы), В.А.Серов («Европаны ұрлау»), М. Врубель («Пан» картинасы).
Грек мифологиясының сюжеттері бойынша Мәскеуде Үлкен театр, Санкт-Петербург қаласында Мемлекеттік Эрмитаж, Петродворец т.б. (Кусково) сәулетті үйлер мен бақтар безендірілген. А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов өлеңдерінде мифологиялық кейіпкерлер жиі қайталанады.

 





Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 8987 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]