Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 17.2.2020
Главная » 2014 » Июнь » 19 » Жол апатының алдын алу
15:58
Жол апатының алдын алу
загрузка...

Тақырыбы: «Жол апатының алдын алу»

Мақсаты: 1.Балаларды  жолда жүру ережесімен таныстыру .

Дамытушылық мақсаты: Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру. Зейіні мен ойлау қасиеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты:Көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , слай шоу, жол ережесіне арналған кітаптар.    

Тәрбиеші: Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.
 Сондықтан әрбір бала «Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы дәрісті мұқият тыңдап, әр уақытта қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті бала көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
 Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
 Тәрбиеші: Ал енді  «Жол апатының алдын алу»» атты ұйымдастырылған іс-әрекетімізді  ашық деп  жариялаймын .
 ІІ. Негізгі бөлім:
 Жұмбақтарды шешу:
1. Ала таяқ ұстаған,  
Жол тәртібін нұсқаған.   
Өміріңді  күзеткен,   
Ысқырықпен түзеткен.          (Милиционер)                                   
2.Көше бойлап аяңдайды
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,
Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
 Ала-алмайсың бір үзім.
 Табыңдаршы, балалар,
 Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)
 6. Өзі сөйлей білмейді,
 Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
 Тәрбиеші: Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.
 1. Неге ? Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені балалар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.
 2.  Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.
 3. Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .
 4. Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.
 Тақтада:     Қызыл – Тоқта !   Сары  – Сақтан !   Жасыл – Жол ашық!
 1-бала:  Қызыл көзін ашқанда ,
              Сынық сүйем  баспа  алға !
2-бала: Сары  көзін ашқанда ,
               Қарап қалма  аспанға !
 3-бала:   Жасыл көзін ашқанда ,
              Өте  бергін , жасқанба !
Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.
 Ән: Бағдаршам
 1.  Көшеде біз сақ болайық ,
 Қаймықпасын ата – ана .
 Жолда сен бол  лайық,
 Жас ұлан деген  атқа
 Қ- сы :
 Әрқашан күн  сөнбесін,
 Аспаннан бұлт  төнбесін .
 Қасымда болсын анам,
 Болайын мен де аман !
 2. Жолда жүру әліппесін
 Білген жөн бес саусақтай.
 Сонда ғана жүре  аласың ,
 Сен өзіңді сау сақтап
 Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»
 Инспектор :
 Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,
 Ауырса адамды, аңды да  емдейді .
 Отырған мынау Медбике апаға
 Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?
 (Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)
 Инспектор : Апа, қараңыз мына  сұмдықты ,
                   Маймақты кім  қыңжылтты ?
 Мед.бике:  Маймағым, не  болған өзіңе,
                    Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?
 Аю: Айтайын мен жасырмай  шынымды – ай,
      Сақтап қал , апа  жанымды шыбындай.
      Жармасып бал тасыр машина үстіне
        Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
 Мед.бике:  Бір асар тәтті бал үшін,
                    Тәртіпті  бұздың қарынның қамы  үшін.
                   Міне, енді  еңіреп тұрғаның ұят – ақ,
                   Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !
 Аю: Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті  бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!
 Тәрбиеші: – Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?
 Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\
 Балалар:қалай өтетінін көр сетеді.
 Инспектор: Көреген, дәу қырағы.
                       Көшемізде тұрады.
                      Оның аты – бағдаршам,
                     Жол сілтейді әрқашан.
                        Ол бергенде команда,
                       Бағынамыз әмәнда.
 Бағдаршам:Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
                     Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.
                       Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,
                       Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
 Бағдаршам:  Ашса кезек үш көзін,
                      Айтты деп ұқ үш сөзін.
                     «Тоқта, сақтан, жол ашық!»
                        Жүрме жолға таласып.
 4-бала:
 Төрт топтан құралған,
 Белгілер туыстай.
 Жол сілтеп тұрады.
 У-шусыз ұрыспай.
 Сақтандыру , ескерту белгісі :
 Қып – қызыл  үшбұрыш,
 Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.
 Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,
 Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.
 Тыйым салу  белгісі:
 Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
 Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .
 Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,
 Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.
 5-бала Міндеттеу белгісі
 Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,
 Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.
 Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
 Абай бол , шартыңды міндетті  орында !
 6-бала:Ңұсқау белгісі 
 Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
 Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.
 Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,
 Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.
 Тәрбиеші: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
 Қорытындылау :
 Тәрбиеші Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:
 Ирек – ирек көшелер,
 Көше деген мың ирек.
 Қиындыққа әйтсе де,
 Үйренесің біртіндеп.
 Барар жерге асықпа,
 Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 2018 | Добавил: Admin | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]