Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 1.12.2023
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Заттың санын цифрмен сәйкестендіру
17:59
Заттың санын цифрмен сәйкестендіру
загрузка...

Білім  беру  саласы:  Таным
Оқу  іс – әрекет  түрі:  Математика
Тақырыбы: «Заттың  санын  цифрмен  сәйкестендіру»

Мақсаты: 
а)  цифр  мен  заттың  санын  сәйкестендіруді   жалғастыру;
ә) мамематикалық  жұмбақтар  шешу;
б) балалардың  зейінін  дамыту;

Мотивациялық  -  қозғаушылық:   Амандасу
Амансың  ба  алтын  күн!
Амансың  ба  көк  аспан!
Амансың  ба  достарым!
Амансыздарма  қонақтар!
Сабағымызды  бастайық
Жамандықты  тастайық.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы: 
Тәрбиеші:  Жарайсыңдар!  Балалар,  бүгін  біз үшін ерекше сабақ.  Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
- Балалар қазыр  жылдың  қай  мезгілі?
- Көктем.
- Көктем  мезгілінде  неше  ай  бар?
- 3 ай
- Наурыз,  сәуір,  мамыр.

Қызықты сәт.
Ренжіп   Дара  кіреді.  

Тәрбиеші: Дара, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің?

Дара: Кеше мен Ботимен ренжісіп үйден шығып кетіп едім, енді  жаңбырға  әбден  жаурап  қалдым, оның үстіне қолшатырымда тесіліп қалды.
Дидактикалық  ойын:  «Тесік қолшатыр»

Тәрбиеші: Балалар,  Дараның  қолшатырын  жөндеп, әдемілеп берейік. Ол үшін стол жанына жақындайық.
Балалар стол жанына жақындап түрлі - түсті қағаздардан жасалған «қолшатырға»  үшбұрыш,  дөңгелек,  төртбұрыш пішінді қағаз қиындыларын жапсырады.
Тәрбиеші: Балалар қандай пішіндер жапсырдыңдар?

Балалар: Үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш.

Дара: Ой, рахмет! Қолшатырым  бүтінделіп, әдеміленіп қалыпты.

Дара: Ой  балалар  мен  жолда  келе  жатып  мына  бір  қорапша  тауып  алдым  ішінде не  бар  екенін  білмеймін.

Тәрбиеші: Қорапшада не бар, көрейік. Балалар, бұл математика ханшайымының қорапшасы екен, мұның ішінде бізге тапсырма берілген екен.

1 - тапсырма: «Математикалық  жұмбақтар»
- Үш  мысықтың  құйрығы  нешеу?
- Қоянның  құйрығы  нешеу?
- Екі  балада  неше құлақ  бар?
- Бес  сиырдың  басы нешеу?

2 - тапсырма:   
Дидактикалық   ойын  «Цифрды  тап»
Мақсаты:  Балалар   атаған  цифрларды  табады  да,  оны  айналдырып  сызады.

3 - тапсырма: «Доптарды  жинастыр»
Мақсаты:  цифрларды  айыра  білу  және  дұрыс   атау  машығын  бекіту,  тура  және кері  санауға  жаттықтыру.

Карточкамен   жұмыс
- Суретте  неше  дөңгелек  бпр?  Оны  қандай  цифрмен  қостыңдар?
- Үшбұрыш  нешеу? Оны  қандай  цифрмен  қостыңдар?
- Сопақша  нешеу?  Оны  қандай  цифрмен  қостыңдар?
- Шаршы  нешеу? Оны  қандай  цифрмен  қостыңдар?

Сергіту сәті: «Аңқайма,  қайтала»
Қане,  достым,  аңқайма,
Менен  кейін  қайтала.
Барша   қимыл  үш – үштен:
Көзіңді  қыз  үш рет: 1,2,3
Басыңды  еңкей  үш рет: 1,2,3
Иықты  көтер  үш  рет: 1,2,3
Солға – оңға иіл  үш  рет: 1,2,3
Орныңда секір  үш  рет: 1,2,3
Ентігімізді  басамыз  және орнымызға  отырамыз.

4 – тапсырма:   «Көрші  сандар»
Мақсаты:  цифрларды  қайталау,  балаларға  бір  цифрды  көрсету,  ал  балалар  оның  «Көршілерін»  атайды.

Математика әлемінің есігі ашылып, алдарынан математика ханшайымы шығады.

Математика ханшайымы: Қош келдіңдер! Сендер менің жіберген тапсырмамды   орындадыңдар.   Көп   нәрсе    білетіндеріңді   мен мына «сиқырлы таяқшам»   арқылы  біліп отырмын.
- Жарайсыңдар  балалар,  бәрің де тапсырманы  орындап,  тамаша  жауап бердіңдер.
Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже
Біледі:  1-ден  5-ке  дейінгі  цифрларда;
Меңгерді:  цифрлар  туралы  түсініктерді;

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 3434 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]