СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕ СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Әкем, шешем және мен
(Отбасылық спорттық мереке)
Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.
Қажетті құралдар: Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар.
Жүргізуші: Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр». Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына кош келдініздер. Бүгінгі сайысқа “Балбөбек”, ”Айгөлек” топтарының ата-аналары қатысқалы отыр. Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап, ортаға шақыралық.
“Балбөбек” тобы : ... Читать дальше »
|
ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
Дайындағандар: Орынгазиева Дамира Орынгазиевна, Бекмухамбетова Салтанат Койшыбековна, Саты ауылы, «Әйгерім» бөбектер бақшасы
Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл!
Өткізілетін күні: 28 желтоқсан
Өткізілетін уақыты: Сағат 1100
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесінің маңызын үйрету.
Қатысатындар: Жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, Мыстан кемпір, сиқыршы, аю, қоян, клоун, пират, көбелек, гномдар.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, «Әйгерім» бақшасының ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз.
Балалар әндетіп, қол ұстасып кіреді. Шеңберге тұрады.
Құттықтау сөз Ауыл әкімі Ербол Ғазизұлына беріледі.
Балабақша меңгерушісі Дамира Орынгазиевнаға беріледі.
Ата-ана Ләйла Ерсінқызына беріледі.
Жүргізуші: Балалар, біз барлығымыз жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Бүгін біздің мерекемізге кім келеді?
Балалар : Аяз ата!
Жүргізуші: Дұрыс балалар, ал Аяз ата не әкеледі?
Балалар: Сыйлықтар.
Музыка. Қоян секіріп келеді.
Қоян:(Жанерке) Ой, балалар, мені құтқарыңдаршы. Ол ... Читать дальше »
|
ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
Тәрбиешілер: Бақыт Сагдатовна Аубакирова, Шарипжанова Мейрамгуль Мырзабековна, Баскөл ауылы, Иманов ат. ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Жаңа жыл мерекесі.
Жүргізуші: Міне, көптен күткен жаңа жыл босаған аттағалы тұр. Келе жатқан жаңа 2014 жылан жылы әрбір шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін. Зор денсаулық, еліміздің жақсы азаматы мен азаматшасы болып өсіндер! Жаңа жыл көп куаныш әкелсін, бүгінгі шырша мерекесі сендерге жақсы әсер қалдырсын, деп тілейміз. Ал, енді, құттықтау сөз мектеп директоры Ш. Т. Қожахановаға беріледі. Құттықтау сөз ата аналарға беріледі.
Бүгінгі біздің мерекеміздің демеушілері - ата аналар.
Жүргізуші: Балалар, біз қандай мерекеге келдік?
- Жаңа жыл.
Жүргізуші: Қанеки, шеңберге тұрып, шырша әнін орындайық.
Балалар шырша әнін орындайды.
Сахнаға Мыстан кемпір кіріп келеді.
Мыстан: Ой, қандай әдемі, қандай биік шырша. Мына шыршаны алып кетсем қайтеді. Мынау алынбайды ғой өзі, жарайды керек емес. Ой, мынау қандай әдемі қуыршақ, алып кетіп жесем бе? Жарайды керек емессің. Қойшы, жолдан шаршадым, біраз тынығып алайын. (Жерге отырып, сөмкесін ақтарады) Балалар, мынау сынған ойыншық керек пе? Жарайды, мен оны Аяз атаға сыйлаймын. Мен жаңа келе жатсам, мына етікті тауып алд ... Читать дальше »
|
МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Жүргізуші:
Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Жаңа жылың құтты болсын, аталар.
Сергек ұрпақ өздеріннен нәр алар.
Жаңа жылың құтты болсын, аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
(ортаға балалар шығады).
Жүргізуші:
-Балалар, қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане, алдымен амандасып алайық!
Қош келіпсіз, ұстаздар мен апайлар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында жауқазындай құлпырған,
Біз - алаңсыз балғын шақты балалар!
(Қол ұстасып шыршаны айналып, өлең айтады.)
«Аппақ, аппақ жапалақтап».
Жүргізуші:
- Қане, балалар, осы Жаңа жыл мерекемізде кім жетіспейді?
- Аяз ата мен Ақшақар!
- Ендеше, ортаға Аяз атамен Ақшақарды шақырайық.
(Аяз ата сөздері)
(Балалардың тақпақтары)
1. Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
2. Келді Аяз-атамыз,
Қызыққа әбден батамыз.
Оянды әне, Ақшақар,
Қарсы аламыз баршамыз.
3. Жауды міне қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ,
Жасырыпты жолдард ... Читать дальше »
|
Тәрбиеші: Эрика Сергеевна Гросс, Карлығаш Кабиденовна Утеубаева, Көктөбе ауылы, «Ақбота» балабақшасы
Тақырыбы: Жаңа жыл
Мақсаты: Балаларға жыл басы туралы түсінік беру. Балалардың тілдік қорын байыту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке, әсемділікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге, аялауға, еңбек етуге үйрету, тәрбие беру. Жаңа жыл мерекесіндегі өзгерістер жайлы түсініктерін молайту.
Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Қатысушылар: Бауырсақ, Түлкі, Қоян.
Жүргізуші: Армысындар, ағайын!
Бармысыздар,ағайын!
Сіздерді жаңа 2013 жылымен құтықтаймыз, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бақыт әкелсін!
Ақ көңілмен айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұ ... Читать дальше »
|
Тәрбиеші: Эрика Сергеевна Гросс, Карлығаш Кабиденовна Утеубаева, Көктөбе ауылы, «Ақбота» балабақшасы
Тақырыбы: Тәуелсіздік күні
Мақсаты: Балалардың тілдік қорларын байыту. Патриоттық сезімдерін ояту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеу, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру.
Білімділік: Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Қатысушылар: Мысық, Қуыршақ.
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар. «Құлпынай» тобының «Тәуелсіздік» мерекесіне қош келдіңіздер.
- Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында.
- Қандай рәміздеріміз бар?
- Ту, елтаңба, әнұран.
- Елбасымыз кім?
- Н. Назарбаев.
Әнұран айтылады.
Тақпақтар:
Даниял: Құт-береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанаты қос арғымақ,
Екі жақтан көмерген.
Жанеля: Отан-ұран, отан-туым,
Отан мәңгі гүлденді.
Ера ... Читать дальше »
|
Тәрбиешілер: Бақыт Сагдатовна Аубакирова, Шарипжанова Мейрамгуль Мырзабековна, Баскөл ауылы, Иманов ат. ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Тәуелсіз- Қазақстаным»
Құрметті Ұстаздар, ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер!
Бүгін біз Тәуелсіздіктің 21жылдығына арналған кішкентай бүлдіршіндердің дайындаған «Тәуелсіз- Қазақстаным» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
Әнұран орындалады.
Тәуелсіздік текке бізге келмеген,
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Сонда-дағы қасиетті қазағым,
Төл байрағын дұшпанына бермеген.
Бабалардың ғасыр бойы арманы,
Өткенімен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың,
Егеменді – тәуелсіздік алғалы.
Азаттық, тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың қаншама бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің көңіліне жара салмады? 1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй- тәй басқан республикамызбен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз Жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды.
Еліміздің рәміздерін, соның ішінде қасиетті Көкбайрағымыз бен Елтаңбамызды, Әнұраным ... Читать дальше »
|
Тәрбиеші: Гүлжанат Ертайқызы Тулкина, Жұмыскер ауылы, Қазан ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
(Муз. әуенімен балалар залға кіреді)
Тәрбиеші: Елім менің, тәуелсіз жерім менің,
Күннен алған шуақты өмір дәмін.
Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп,
Көк байрағын төбеме көтерген күн!
Құрметті балалар, қадірлі қонақтар! Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.
Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, Отанымызға тыныштық тілейміз.
Ержан: 16-шы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан,
Атамменен барғанмын.
Мерей: Мерекеге шығады,
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік - ұлы той.
Сергей: Аралаймын алаңды,
Тәуелсіздік күнімен.
Батыр Қайрат ағамның,
... Читать дальше »
|
Дайындағандар: Жадыра Манатовна Шарипбекова, Мейіргүл Ержанқызы Қожанова, Айгерим Кусмановна Абеуова, Көктөбе ауылы, «Ақбота» бөбектер бақшасы.
Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.
1-ші Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
2-ші Жүргізуші: Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар!
1-ші: Жүргізуші: Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар, біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз.
2-ші Жүргізуші: Бүгінгі ашық сабағымызды әнұранмен ашайық.
Әнұран айтылады.
1-ші: Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
2-ші Жүргізуші: Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
... Читать дальше »
|
1 - желтоқсан тұңғыш президент күні сценарий балабақшада
Дайындағандар: Жадыра Манатовна Шарипбекова, Мейіргүл Ержанқызы Қожанова, Айгерим Кусмановна Абеуова, Көктөбе ауылы, «Ақбота» бөбектер бақшасы.
Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.
1-ші Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
2-ші Жүргізуші: Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар!
1-ші: Жүргізуші: Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар, біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз.
2-ші Жүргізуші: Бүгінгі ашық сабағымызды әнұранмен ашайық.
Әнұран айтылады.
1-ші: Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
2-ші Жүргізуші: Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы &nda ... Читать дальше »
|
|