01:16 С дыбысы және әрпі |
загрузка...
С дыбысы және әрпі Казахстан ВКО, Жарминский район, село Калбатау КГУ « Средняя школа им.Маяковского » Воспитатель группы предшкольной подготовки Сейтханова Айтолкын Мешетхановна Мақсаты: 1.Балаларды с дыбысы және әрпімен таныстыру. 2. С дыбысына сөз , сөйлем құрастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. С әрпінің баспа түрін жазуға үйрете отырып,таза, сауатты жазуға үйрету. 3.Балалардың оқуға,білімге деген қызығушылығын қалыптастыру,дүниетанымын кеңейту,адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: ойын,көрнекілік,талдау,сұрақ-жауап. Сабақтың түрі:Жаңа сабақ Көрнекілігі: әріптер , түрлі-түсті суреттер, әліпби, DVD , текшелер, слайд, «Сауат ашу» - әліппе дәптері. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. -Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Шаттық шеңбері: Біз әдепті баламыз Біз ерекше боламыз. Қонақтарды көргенде Сәлеметсіздер ме! деп Сәлемдесіп аламыз .
-Балалар ,бүгін бізде сауат ашу сабағы. Сауат ашу сабағында С дыбысымен және әрпімен танысамыз. Ал бүгінгі сабағымызда біз сауат ашу әлеміне саяхатқа барамыз. Саяхатқа шықпас бұрын біз өткен сабағымызды есімізге түсірейік. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? -Б дыбысымен. -Б дыбысы қандай дыбыс? -Дауыссыз дыбыс . -Б дыбысына байланысты қандай тақпақ жаттадық? -Қане кім айтады? II.Негізгі бөлім. -Жақсы балалар, енді саяхатқа шығуымызға болады. -Балалар, ненің дыбысын естіп тұрсыңдар. Балалардың жауабы. Ал енді көзімізді жұмайық. -Ендеше,саяхатқа немен барамыз деп ойлайсыңдар? -Балалардың жауабы -Ал баратын жерлерімізді тез табу үшін бізге не қажет? -Карта. Балаларды картамен таныстырамын. 1.Дыбыстар елі. 2. Суреттер елі 3.Сиқырлы сөздер елі. 4.Жазу елі. Ал балалар ендеше «Білім»әлеміне саяхатымызға аттанайық. -Балалар біз дыбыстар еліне келіп жеттік. Бірақ біз дыбыстар еліне кіре алмай тұрмыз. Ол үшін біз мына жұмбақты шешуіміз қажет. Сақинаны,сағызды, Сарымсақты,сәбізді Бастап тұрған қай әріп Сапсыз орақ тәрізді? (С) -Балалар, қане с дыбысын айтып көрейік. -С қандай дыбыс? -Дауыссыз дыбыс -Қандай текшемен белгілейміз? Ал балалар дыбыстар елімен қоштасып, суреттер еліне барайық. -Балалар, біз суреттер еліне келдік. Мына суреттерге назар аударайық. Сағат, мысық, автобус,сандық, т.б -Ендеше с дыбысы сөздің басында,ортасында,соңында кездеседі екен. -Жақсы балалар,саяхатымызды ары қарай жалғастырайық. -Ал балалар сиқырлы сөздер еліне де келіп жеттік. -Балалар,қараңдаршы бізді дельфиндер өткізбей тұр. Бізге мына буындарды,сөздерді оқи аласыңдарма, оқысаңдар өтесіңдер дейді. -ас, -са, -со, тас, са-на, со-на. «Адасқан әріптер» дид. ойыны. Шарты: әріптерді тауып сөз құрау, текшемен жазып дыбыстық талдау жасау.Сол сөзге сөйлем құрайды. -Балалар,ары қарай жолға шығайық. Біз тағы бір елге жақындап қалдық. Бұл «Жазу» елі екен. Ал енді с дыбысының әріп таңбасымен танысайық. Ауада жазып көрсетемін. Тақтада әріпті жазамын С с . -Балалар әріпті қайтеміз көреміз,жазамыз,ал дыбысты естиміз , айтамыз. Сергіту сәті: Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір. Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір Оң аяқ,сол аяқ Жаттығу оңай-ақ. III .Дәптермен жұмыс. С дыбысының баспа түрін жазу. IV.Бекіту Жаздай інге тығылып, Жатқан қызыл түлкіні. Құйрығымен суырып, Әкелді әжем бір күні. (Сәбіз)
V.Қорытындылау. -Балалар сабақ ұнады ма? -Қандай дыбыспен таныстық. VI.Бағалау. Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын! |
|
Всего комментариев: 0 | |