загрузка...
Бөлім: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы: Он көлеміндегі сандардың құрамы
Сабақтың мақсаты: Балалардың он көлеміндегі сандар құрамы туралы білімдерін пысықтау. Тура, кері санау, ауызша есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау, саяхат сабақ,
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, 1-10-ға дейінгі сандар, үлестірмелі материалдар, таяқшалар,
Әдіс-тәсілдер: ойын, түсіндіру, көрсету, мадақтау, сұрақ-жауап
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Балалар әрекеті
|
Мотивациялық -қозғаушы
|
Жылулық шеңбері
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң, қонақтар
Қайырлы таң, балалар!
|
Балалар шеңберге тұрып, қонақтармен, бір-бірімен амандасады
|
Ұйымдаструшылық ізденіс
|
- Балалар, бүгін біздің математика сабағымыз ерекше өтеді. Біз сендермен саяхатқа шығамыз. Ал қайда баратынымызды білу үшін слайдқа назар аударайық.
Тақтада ертегі үзіндісі көрсетіледі.
- дұрыс ертегі еліне саяхатқа барамыз, ал онда бару үшін біз бауырсақпен бірге 1-ден 10-ға тура және кері санау керекпіз.
- Өте жақсы ал енді айтыңдаршы саяхатқа немен баруға болады?
- Ал оны білу үшін мынадай жұмбақ шешейік.
Дыбыстайды, зырлайды
Чух-чух деп қоймайды
(пойыз)
Ал ендеше пойызға жақсылап жайғасайық.
Қараңдаршы бірінші аялдамада бізді кім күтіп тұр, ол қай ертегіден?
Алдар көсенің тапсырмасы: «Адасқан сандар»
-Өте жақсы қандай ақылдысыңдар.
2- аялдама Мысық Леопольдтың тапсырмасы.
«Көршісін тап» ойыны
3- аялдама. Маша мен аюдың тапсырмалары.
- Балалар, бұл аялдамада Маша мен аю есептер дайындапты, егер шешуін дұрыс тапсаңдар Маша күледі, егер қате тапсаңдар аю ақырады
2+2= (4,3,5)
4+4= (3,7,8)
5+2=(8,7,6)
- 4-аялдама. Логикалық есептер.
- Қонжық екеу, табаны нешеу?
- Үш қоянда құлақ қанша?
- Бос ыдыста неше жаңғақ бар?
- Мұз айдынында жеті бала
Асыр сап жүр сырғанап
Сырғанамай екі бала
Жағалауда тұр қарап
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң жарадың т.б
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қолды белге қояйық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып аламыз
5- аялдама. Бауырсақ ертегісінен қоянның тапсырмасы. «Дұрыс жауабын тап».
Слайдта суреттерді салыстыру дұрыс жауабын табу
6- аялдама. Буратиноға көмек
Суретті есептің жауабын табу
- өте жақсы Буратино сендерге өте риза. Балалар біздің уақытымыз аяқталып бара жатыр. Бізге мектепке оралу керек ол үшін мынадай тапсырманы орындау керек.
7- аялдама: Шығармашылық жұмыс
Геометриялық пішіндерден әртүрлі бейнелер құрастыру
Балалар сендер қандай білімдісіңдер ертегі кейіпкерлері сендерге қуанып жатыр. Ал енді пойызымызға орналасып мектепке оралайық
|
Балалар слайдтан ертегі үзіндісін көріп, ертегі еліне саяхатқа баратындарын айтады
1-ден 10-ға дейін тура кері санайды
Жұмбақ шешуін табады
Бір-бірінің артынан вагон болып тіркеліп жүреді
-Алдар қөсе
Балалар сандары бар карточкаларын ұстап ретімен орналасады.
Өз орындарында сандардың көршілерін жазады.
Тақтаға үш бала кезекпен шығып жауаптарын басады.
Балалардың жауаптары:
Бос ыдыста жоқ жаңғақ
Сергіту сәтін қимылмен өлең шумағы бойынша жасайды
Суреттерді салыстырып >,<, = таңбаларын қояды.
Тақтадағы суретті есептерді шығарады.
Геометриялық пішіндерден әртүрлі бейнелер құрастырады.
|
Рефлексивті түзету:
|
- Сонымен біз қайда саяхатқа бардық?
- Ертегі елінде ұнады ма?
- Тапсырмалар қандай болды?
- Өте жақсы жарайсыңдар балалар.
Мадақтау (сыйлықтар тарату)
|
Балалар барлық сұрақтарға жауап береді. Өз білгендерін айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Он көлеміндегі сандар құрамын, тура, кері санау, ауызша есептер шығару.
Меңгерді: Сандарды ретімен орналастыруды, ертегі кейіпкерлеріне көмектесуді меңгерді.
Игерді: өз бетімен іс-әрекет жасап, геометриялық пішіндерден бейнелер құрастыруды игерді.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
|