Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 30.11.2023
Главная » 2014 » Июнь » 19 » Наурыз-көктем,жыр-думан
02:23
Наурыз-көктем,жыр-думан
загрузка...

Мақсаты: 

- наурыз мейрамының қазақтың жаңа жылы екендігін түсіндіру, наурыз туралы мағлұмат беру;
- балаларды халқымыздың дәстүріне, ұлағатты сөздерінің мәніне қарай жақсылық пен ақ ниетке толы бабалар жолын жалғастыруға баулу;
- балаларды елін, Отанын сүюге, жерін қорғауға, қазақтың ұлттық тағамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ұлыстың ұлы күніне арналған плакаттар, киіз үй, ұлттық тағамдар.
    Барысы:
 Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Әні мен сәні жарасқан «Наурыз-көктем, жыр-думанға» қош келдіңіздер! Көктем - табиғаттың жаршысы секілді. Ол-бәрімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын тамаша мезгіл.
  Наурыз тойы – мерекесі ұлтымның,
  Берекесі ырысы мен құтымның.
  Тәуелсіздік думанымен бір келген,
     Ұлы күні, ұлыс күні жұртымның,- дей отырып, сіздерді 22-наурыз «Ұлыстың   ұлы    күнімен» құттықтаймыз!
      Құттықтау сөз кезегі балабақша  меңгерушісі  Меденова  Жаңагүл 
апайға беріледі.
Жүргізуші:
Көргенде қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгендей жаз әуені
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызың құтты болсын, Қазақ елі!, - Наурыз мерекесіне арналған өлең жолдарына кезек береміз.

 

 

 

 

 

 
Нұрай:
Көктем, көктем, көктемде
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып біз қаламыз,
Әнімен қарсы аламыз.
Салтымызды жаңғыртып
Наурыз тойын тойлаймыз.
Санжар:
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы - жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
Айымжан:
Қош келдің, Наурызым, ардақты.
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе берсін жаңарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Диас:
Тақпақ айтам атасы
Құлақ салып тыңдашы.
Бар балаға өзіңдей,
Тыныш өмір сыйлашы.
Нұрқанат:
Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді жыл басы.
Шуақ төкті жарық күн,
Мейрамына халықтың.
Инабат:
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салайық бәріміз,
Би билейік бәріміз.

 

Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп жер бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
Қазақтың ұлттық биі  «Қамажай».
Жүргізуші:
Әнші, биші, ақынбыз,
Елім тапқан жарасым.
Думандатып жатырмыз
Қазағымның даласын.
Ән: «Наурыз»
Жүргізуші: Қазақ халқының бұрыннан келе жатқан саалт-дәстүрі бар. 
Солардың бірі «Бесікке салу». (Әжеміз бесікке салуды көрсетеді).
Жүргізуші:
Наурыз – шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас-кәріміз,
Би билейміз бәріміз,- деп, тобымыздың биші жігіттерін «Қара жорға» биімен ортаға шықырамыз.
Жүргізуші:
Ау, жараңдар, жараңдар
Қызыққа мына қараңдар.
Ұлыс күні жаңаша
Болыпты бір тамаша.
Көрініс: «Алдар Көсе»
Бір күні Алдар Көсе жаяу келе жатса, алдынан салт атты адам шығыпты. Амандық, саулық сұрасқаннан кейін:
  - Атың кім?
  - Атым Алдар.
  - Әй, сен әлгі алдайтын Алдармысың? Қане, мені алдашы!
  - Ойбай, алдайтын ала таяғым үйде қалып қойыпты. Атыңды бере тұршы алып келейін.
Әлгі адам Алдарға атын береді.  Алдар атқа шыға бере:
-    Алдаған деген осы болады, қош бол!- деп шаба жөнеледі.
Әлгі адам алданғанын сонда ғана біліп, санын бір-
ақ соғады.
Ұлттық ойын: «Арқан тартыс»
 Шарты: Балалар 2 топқа бөлінеді. Сызық бойына  арқан тасталады. «Үш» деген кезде 2 топ ойыншылары өз жағына тартады. Қарсыласын сызықтан асырғанша тартқан топ жеңеді.
Әже: (қолында тостағаны бар)
Ау, апалар, даналар! 
Айналайын балалар!
Тоя ішсін деп тамсанып,
Тоғыз түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім
Бал көжеден татыңдар,
Көктем Наурыз тойында.
Дидар: (Бата береді)
Дастарханға береке берсін!
Бастарыңы мереке берсін!
Астарыңа адалдық берсін!
Дендеріңе саулық берсін!

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы мерекелік іс-шаралар | Просмотров: 2681 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]