01:19
Мектеп жасына дейінгі балаларды жабайы аңдар және үй жануарларымен таныстыру
|
загрузка...
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беретін колледжінің Мамандық: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» Сабақтың барысы: ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын 9 тор көзден тұратын кесте арқылы сұраймын. Әр тор көзде өткен тақырыптар бойынша сұрақтар бар. Әр топ 1 тор көзді тандайдыда, сұраққа жауап береді. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан). 4 6 Сұрақтар: ІІІ. Жаңа сабақ 1 Слайд. Мектеп жасына дейінгі балаларды жабайы аңдар мен үй жануарларымен таныстыру.
азық жарық Сәбилер тобы. 1 жасқа толғанға дейін ҰОӘ әр баламен жеке өткізіледі. Таныстырудың негізгі әдісі - жануардың өзін көрсету. Объектіні көрсеткен кезде атын айтады- «мысық» «мяу-мяу», келесі сабақтарда объетіге жақынырақ барып «мысық қайда?» деген сұрақ қояды, ал келесі сабақтарда «мысықты көрсетші дейді». 10-11 айда балаларға сурет көрсету арқылы «Мынау мысық, ол сүт ішеді» немесе «Мынау балапан, ол дән шоқиды» көрсетуге болады. 2 жасқа қарағанда балаларға жануарлар туралы қарапайым түсінік қалыптастыруға болады. /сыртқы көрінісі, жүрісі, дауысы/.1,5 жасқа дейін балалар жануарларды түріне қарай және суреттерден танып білуге талап етеді. Ал, 1,5 жастан бастап ойыншық бойынша жануарлардың мүшелерін: аяғын, құйрығын, көзін, құлағын көрсету тиіс. Сабақты жеке-жеке және 4-6 баладан шағын топ жасап өткізеді. Мысалы: «Мысықпен таныстыру» Объектіні көрсеткен кезде атын айтады- «мысық» «мяу-мяу», келесі сабақтарда объектіге жақынырақ барып «мысық қайда?» деген сұрақ қояды, ал келесі сабақтарда «мысықты көрсетші дейді». 10-11 айда балаларға сурет көрсету арқылы «Мынау мысық, ол сүт ішеді» немесе «Мынау балапан, ол дән шоқиды» көрсетуге болады.
Ортаңғы топ. Ортаңғы топтада жануарларға бақылау және сурет бойынша әңгіме жүргізіледі. Балаларға үй жануарларына тән белгілерді: сыртқы түрі, мінез-қылығы, сондай-ақ олардың адамдарға тигізетін пайдасы және адамның оларға деген қамқорлығын да білу керек. Мысалы, келесі тақырыптар бойынша әңгімелер жүргізуге болады: «Үй жануарлары», «Тауықтар», «Ит және күшіктер» және т.б.
Ересектер тобы. Ересек топтың балалаларына өздері тұрған жерде аса көп кездеспейтін үй жануарларымен /түйе, бұғы, есек – олардың сыртқы түрі, мінез-қылығы, адамдарға келтіретін пайдасы/таныстырып, жабайы аңдар /қасқыр, кірпі, қоян, түлкі , аю – олардың мекендейтін жері, қорегін аулау әдісі/ туралы түсініктерін кеңейту жөнінде талаптар қойылады. Жануарларды қарағанда оның дене мүшелерін / бас, арқа, құрсақ, аяқ, табан, қанат, көз , құлақ және т.б./ ажыратып, дұрыс атауға жәнеде жүрістерін сипаттап /қасқыр жүгіреді, қоян секіреді/ айта білу керек. Зообаққа экскурсия жасауға болады, картиналармен әңгіме, бақылау және т.б. V. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңінде берілетін тапсырмалар VI. Бағалау (4 түсті гүлдің санына қарай бағаланады) Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын! |
|
Всего комментариев: 0 | |