загрузка...
Тәрбиеші: Дана Кайратовна Бабиева, Көктөбе ауылы, «Ақбота» балабақшасы
Топ: 2-кіші топ
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Сала бөлігі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Мандариндер мен апельсиндер»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға мандариндер мен апельсиндер туралы түсінік қалыптастыру. Мандариндер мен апельсиндердің түсі мен пішінін ажыратуға үйрету.
Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға, шыдамдылыққа, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сөздік жұмыс: Мандарин
Көрнекі құралдар: Мандарин, апельсин.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауап.
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс -әрекеті
|
Қызығушылық
және ынталандыру
кезеңдері
|
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударады. Балалардың көңілін өзіне аудартады.
|
Балалар тәрбиешіге назар аударады.
|
Іздену және ұйымдастыру-шылық кезеңі
|
Тәрбиеші:Балаларды ортаға шақырып шаттық шеңберін құрады.
- Жарайсыңдар, енді орнымызға ақырын ғана барып отырамыз.
- Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Мүсіндеу. Тақырбы: Мандариндер мен апельсиндер.
Тауық: Қыт-қыт-қыт-қыт.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! –
- Қалдарың қалай? –
- Мені көп күттіндер ме? Міне апельсин мен мандарин.
Тәрбиеші:
- Ой, рахмет саған тауық! Енді сен біздің қонағымыз бол. Біздің балалардың сабақтарына қатыс. Балаларға көмектесіп жібер.
Тауық:
Тәрбиеші:
- Балалар мынау қандай жеміс?
- Түсі қандай?
- Пішіні ше?
- Ал мынау қандай жеміс?
- Түсі қандай?
- Пішіні ше?
- Иә,дұрыс айтасыңдар, балалар. Енді орталықтарға бөлініп, апельсинді мүсіндейміз, мандариннің суретін бояймыз.
Тауық:
- Тоқ сары қарындашты алып, мандариннің суретін сыртына шығармай бояймыз.
Тәрбиеші:
- Бір үзім ермексазды екі алақанның ортасына салып, домалатамыз.
|
Айда біреу аспанда,
Күнде біреу аспанда,
Тобымыз біздің «Жұлдызша»
Бәріміз де бір жүрек,
Сәлем бердік сіздерге,
Жүрегіміз елжіреп.
Балалар өз орындарына барып отырады.
.
- Тоқ сары
- Дөңгелек
- Мандарин
|
Сергіту сәті.
|
Ал балалар бір сергіп алайық.
Тәрбиеші:
- Тауық, сен бізге апельсин мен мандаринді бау-бақшадан алып келдің. Мен саған қысқы азыққа тарымды берейін. Тауық, сен тарыны жақсы көресің бе?
Тауық:
- Иә, жақсы көремін. Рахмет. Ал енді балалар, мен үйіме қайтайын. Сау болыңдар!
|
Жып-жылы таза суда,
Балық жүзіп ойнауда,
Біресе керіледі,
Біресе жиырылады,
Біресе құмға тығылады.
Балалар орталықтармен ауысады.
Сау болыңыз!
|
Рефлексиялық қорытындылау кезеңі
|
- Балалар мынау не?
- Ал мыналар?
- Бас бармақ қандай түспен боялған?
- Бүгін бізге қонаққа не келді?
- Балан үйрек қандай түспен боялған?
- Тауық бізге не әкелді?
- Ортан терек қандай түспен боялған?
- Біз қандай жемісті ермексаздан жасадық?
- Шылдыр шүмек қандай түспен боялған?
- Кішкентай бөбек қандай түспен боялған?
- Қандай жемістің суретін салдық?
- Балалар сендерге сабақ ұнады ма?
- Жарайсыңдар балалар, бүгін сендер сабаққа жақсықатыстыңдар.
Тәрбиеші балалардан сұрақ-жауап арқылыбалаларды марапаттап, мадақтайды.
|
- Апельсинді ермексаздан жасадық.
- Мандариннің суретін салдық.
Балалар алынған әсерлерімен бөліседі.
|
Күтілетін нәтиже: Түстерді, пішіндерді білу.
Білу: Қарым-қатынас барысында сәлемдесе білу.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
|