загрузка...
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Шапхатова Салтанат
«Толағай» тобы
Күні: 10.04.2013
Білім беру салалары: Шығармашылық
Бөлімдері: Сурет салу
Тақырыбы: «Әлемнің сиқырлы кітабы»
Мақсаты:
Білімдік: Балаларды дәстүрден тыс сурет салу техникасы «қағазды умаждап, саусақпен салуды» таныстыру.Табиғат көрінісімен таныстыру. Қол , саусақ маторикаларын дамыту және бала тілін дамытып ойын арқылы дыбыстарын жетілдіру. Қарындашты (қылқаламды) қатты баспауға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың коммуникативтік- ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой- түйсігін, қиялын дамыту. Әлемнің сырын сезіне білуге, көркемдік талғамдарының жетілуіне ықпал ету.
Тәрбиелік: Балалар табиғатты қорғай білуге, табиғат сырын ұғуға, бір- бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету.
Алдын ала жұмыс және сабаққа дайындық: керекті құрал- жабдықтарды дайындау.
Қажетті құрал- жабдықтар: сурет қиындылары, сіріңке, бояу, сүлгі, ақ қағаз.
Әдіс- тәсілдер: Эксклюзивті,түсіндіру, әңгімелеу, сын тұрғысынан ойлау, сұрақ- жауап, көрсету,модульдік, қағазды умаждау арқылы саусақпен сурет салу.
Қызмет кезендері
|
Педагогтің басқару іс-қимылдары
|
Балалар қызметі
|
1 кезең
уәждік-түрткі болу
|
Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу:
Балалар бізге бүгін қонақ апайлар келіп отыр, қане салемдесіп алайық!
-Енді осы жақсы көңіл-күйімізді бір- бірімізге қарап күлімдеп шын жүрегімізбен сыйлайық.
Сол жақсы көңіл- күйімізді енді қонақтарға сыйлайық.
Проблемалық жағдай орнату
-Балалар қараңдаршы мына жерде бір сандық тұр. Мистер Джонның сандығы.
Мистр Джонның Сиқырлы сандық жұмбағын шешіп көреміз бе?
Мистер Джонның Жұмбағын шешу, сандықтан кітапты алып тапсырмаларын орындау.
|
-Сәлеметсіздерме?
Бір- біріне қарап күлімсіреп көңіл-күй сыйлайды
Балалар назарларын сандыққа аударады
Иә шешіп көреміз
Балалар жұмбақты шешіп сандықтың тапсырмаларын шешеді
|
2 кезең
проблемалық-ізденістік
|
Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:
1 бет. Күз суреті жұмбағын шешіп корелік
2 бет. Апельсин мен лимондар тапсырмасы.
3 бет. Мерекелік отшашудың тапсырмасын орындау.
Жапырақтың суретін салу
Сергіту сәті «Сылақшы»
4 бет Қандай заттың пішіні шаршы болады?
5 бет « Балықтар аквариумда жүзеді»
6 бет Кішкентай шырша тоңып қалды қыста
Жұмбақ жауабын шешу
7 бет Күн сәулелерінің ұсынысы
«Шуақты күн» суретін бояу
8 бет Әдемі құс тапсырмасы
Баланы қызмет үрдісіне психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу:
9 бет Не домалақ пішінді болады?
|
Балалар Күз суреті жұмбағын шешеді
Апельсин мен лимондардың тапсырмасын шешеді
Мерекелік отшашудың
тапсырмасын орын-
дайды, жапырақтың
суретін салады
«Сылақшы» жаттығуын жасайды
шаршы пішінді затты атайды, балықтардың түстерін ажыратады
Шыршаның жұмбағын шешеді
Күннің суретін салады
Әдемі құс тапсырмасын орындайды
Домалақ пішінді затты атайды.
|
3 кезең
рефлексті-түзетімдеуші
|
Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:
12 бет
Үй тапсырмасы “Сүйікті ойыншық” (суретін салу)
Балаларды мадақтау, бағалау, сабақты қорытындылау.
|
Балалар салған суреттерін тапсырады, тәрбиешінің қорытынды сөзін тыңдайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Балалар табиғатты қорғай білуге, табиғат сырын ұғуға, бір- бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйренді. Қол , саусақ маторикаларын дамыта алды. Ойын арқылы дыбыстыры жетіледі, ақпараттық- коммуникативтік құзіреттілігі дамыды.
Білу тиіс:
Бірлесіп жұмыс жасауды білуі тиіс. Қағазды умаждау арқылы сурет салуды білуі тиіс.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
|