Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастыру-
Іздестіру
Рефлексивті-
түзетүшілік
|
Жылулық шеңбері:
-Балалар қәнекей бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіріп,көтеріңкі көңіл күй сыйлайықшы.
Бақыт деген осы шаттық шеңбері
Қол ұстасып тұрайықшы, кел бері
Бақыт деген көрмей қалса сағынып,
Мен іздейтін адал жүрек сендегі.
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізге келген қонақтармен сәлемдесейік
-Балалар бүгін бізде сауат ашу оқу іс-әрекеті. Біз өткен оқу іс-әрекетінде.қандай дыбыспен танысып едік есімізге түсірейікші
-Дұрыс айтасыңдар.(Р-дыбысын тақтаға ілу)
-«Р» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз дыбыс па?
-Дұрыс айтасыңдар.
«Р» дыбысын қандай текшемен белгілейміз?
«Р» әріпінен,және кездесетін сөздерді маган кім айтып береді?
-Балалар, дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар, жауабын шешуге маған көмектесіңдер
«Мә-мә»деген әні бар
Секірер ор, жары бар
Селтеңдейді құлағы
Секіргіш бір жануар
Ол не екен балалар?
«Лақ»сөзін айтып көрейікші
-Балалар «Лақ» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз?
«Л»дыбысын айнаға қарап тұрып қайталайықшы
-«Л» дыбысы қалай айтылып тұр? Кедергімен бе ,әлде кедергісіз бе?
-Дұрыс, тіліміз тісімізге тиіп Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр.
-Өте жақсы, олай болса «Л»дыбыс қандай дыбыс екен?
-«Л» дыбысы дауыссыз дыбыс болса онда оны қандай текшемен белгілейміз?
-Балалар мынау «Л» дыбысының әріп таңбасы, мынау баспа түрі,ал мынау жазба түрі
Тіл ұстарту жаттығулары:
1.Ла,ла,ла-бұл әдепті бала,
Лу,лу,лу-біздің Нұрай сұлу.
2.Ра-ра келді ара
Ла-ла араның усті ала.
-дұрыс, балалар л-дыбысы сөздің басында ортасында аяғында да кездеседі.
- Мысалы: лақ сөзінде л дыбысы сөздің басында келеді ал, бал сөзінде сөздің аяғында , балапан сөзінде сөздің ортасында келеді.
-
1. Тапсырма «Дыбыстық талдау»
Лақ, тал
( үтел-үстінде)
2.Тапсырма.
(Жаңылтпаш жаттау)
-Балалар, «л»-дыбысына жанылтпаш айтайық (барлық баламен)
«-Ләйлік лайға лайланды, Лайланған ләйлік, лайда отырып жайланды.»
(Сыбырлап, орта дауыспен, қатты дауыспен айтқызу)
Жарайсыңдар.
-Балалар, «Л»-дыбысын, кәні ауада жазып көрейік.
Дәптерімізді ашайық
Әдемі етіп жазайық.
Дәптермен жұмыс:
Қарындашты дұрыс ұстап,
жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп, нүктелерді бастыртып жаздырту.
Дәптердегі үлгіге қарап «л»-дыбысын баспа түрін жазады
Сергіту сәті:
Жалт-жұлт етіп лақ,
Жағалайсың бұлақ,
Секірем деп бірақ,
Қала көрме құлап. (2рет)
Қортындылау -Балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай әріппен, қандай дыбыспен таныстық?
-Л дауысты ма әлде дауыссыз ба?Неге?
«Дауысты-дауыссыз» дыбыстар ойыны
Балалар, қолдарындағы көк,қызыл түсті дөнгелек-таяқшалармен дыбыстарды ажыратып береді.
-Жарайсындар балалар, осымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз, кәні келген апайлармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгін келген қонаққа
Сау болыңыздар деп айтамыз.
|
Шеңберге тұрып,тілектер айтады.
Саламатсыздарма апайлар!
-«Р»дыбысы
-«Р»дыбысы
Дауыссыз дыбыс
-Р дыбысын көк текшемен белгілейміз
Радио, ара, зымыран,т.б.
-Дыбысты естейміз,айтамыз.
-Әріпті көреміз, жазамыз.
-лақ
-лақ,
-Л-дыбысы.
-Л дыбысы кедергі мен айтылып тұр.
-Л-дыбысы дауыссыз
-Көк түсті текшемен
Балалар бірнеше рет қайталайды
-балалар сөздерді қайталайды
-текшемен белгілейді.
Дыбыстық талдау жасап
-Балалар жаңылтпаш айтып тілдерін жаттықтырады.
сыбырлап, орташа, қатты айтады
-Л әріпін ауада жазады.
-Л әрпімен
- Дауыссыз.
-Өйткені кедергімен айтылады.
,
Келген қонақтармен қоштасады
|