Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 30.11.2023
Главная » 2014 » Июнь » 19 » Үйшік орыс халық ертегісі
02:48
Үйшік орыс халық ертегісі
загрузка...

«Үйшік»  орыс халық ертегісі .
Мақсаты:   Балаларды «Үйшік»  ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Сахналау барысында жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез- құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:  үйшік үйі, аңдар.
Жүргізуші:   Ерте, ерте, ертеде орманда кіп- кішкентай ескі үйшік тұрған.
Бірде оны қасынан өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:
 Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Жүргізуші:  -  деп сұрайды.   Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп,  осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
Бақа:   -  Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
Бақа:  -  Мен бақылдауық бақамын.
             -Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші:  - Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып , бірге тұрады.   Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді.
Қоян: - Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Жүргізуші: -деп сұрайды.
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа:  -  Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
Қоян:  - Мен қорқақ қоянмын!
Екеуі: - Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші:  -  Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге  өмір сүріпті. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп , терезені  қағады.
Түлкі:  - Сүп-сүйкімді , кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар ?
Жүргізуші: - деп сұрайды.
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: -  Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: - Мен қорқақ қоянмын!  Ал сен кімсің?
Түлкі:  - Мен қу  түлкімін.
Үшеуі:  -  Кел, бірге  тұрайық.
Жүргізуші: -  Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады. Үйшікке тілі салақтап , айналасына алақ- жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып , қырылдаған даусымен: 
 Бұл үйшікте кім бар?
Тышқан:  -Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын!
Қоян:  - Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: -  Мен қу тү  лкімін!Ал  сен кімсің?

Қасқыр:  -Мен сұр қасқырмын!
Бәрі:  -  Кел , бірге тұрайық.
Жүргізуші:  -Қасқыр қысыла- қымтырыла ішке кіреді.  Әйтседе кіп – кішкентай үйшікке бесеуіде  сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату –тәтті өмір сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген  аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол  үйшікке жақын келіп , бар даусымен:
 Сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?!
Жүргізуші:  - деп ақырады.
Тышқан:   -Мен тықырлауық  тышқанмын!
Бақа :  - Мен бақылдауық бақамын!
Қоян :  - Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі : - Мен қу түлкімін!
 Қасқыр : - Мен сұр қасқырмын!Ал сен кімсің?
Аю:  - Мен қорбаңбай аюмын!   
Бәрі:  - Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші: - Аю ары- бер тырбаңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
-Ендеше, мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын.
Жүргізуші: - дейді.
Бәрі: - Жоқ қара қандай дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой.
Жүргізуші:  - деп шырылдайды іштегілер.
Аю:  - Қорықпаңдар түкте болмайды.
Жүргізуші: -  деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол- ақ екен , ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр барлығы аман – есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта , барлығы бірігіп , бөренелерді тасып , тақтайларды сүргілеп , жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша , достар өздеріне әп – әдемі , жаңа үйшік тұрғызып алады.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 9871 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]