загрузка...
Оңтүстік қазақстан облысы Отырар ауданының Қоғам орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байдуллаева Ақнұр
Тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі.
Білім саласы: «Қатынас», «Шығармашылық».
Білім бөлімі: Сауат ашу.
Мақсаты: Білімділік: Г дыбысы және әрпімен таныстыру. Өтілген
дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың
ерекшеліктерін еске түсіру,
Дамытушылық: Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол
қимылын жаттықтыру.
Тәрбиелік: Имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, ойыншықтар, үлестірмелі суреттер, қима
қағаздар, ребустар, көк, қызыл түсті дөңгелектер,
интерактивті тақта.
Әдісі: сөздік, көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап ойын.
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің қызметі
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастырушы қозғаушы
1-мин
|
«Шаттық шеңбері»
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
|
Балалар қонақтармен амандасады.
|
Ізденуші – ұйымдастырушы.
|
Өткенді еске түсіру.
Балаларға дөңгелекшелер тарқатып, дыбыстарды атау.Балалар айтылған дыбысқа сай дөңгелекшені көрсетеді.
«Ғажайып сәт» ұйымдастыру
Тапқышбек бізге қонаққа келді, ол жай келмепті бізге бірнеше тапсырмалар ала келіпті деп,
1-тапсырмасымен таныстыру.
1-тапсырма
Жұмбақ жасыру
- Аналарға сыйлайтын,
- Аралар бал жинайтын.
- Үзуге адам қимайтын,
- Бұл не?
- Қане, балалар, гүл деп айтайықшы!
- Гүл сөзі қандай дыбыстан басталған?
- Г дыбысын айтайықшы?
- Олай болса, Г – қандай дыбыс?
Дұрыс, оны қай түспен белгілейміз.
- Өте жақсы! Г дыбысы сөз басында, сөз ортасында кездеседі. Мысалы: Буынға бөлгізу
Гүл – 1 буын, 3 дыбыс
шеге – 2 буын, 4 дыбыс.
кенгуру – 3 буын, 7 дыбыс
2-тапсырма
«Әдемі етіп жазамыз!»
Г әрпімен таныстыру
1. алгоритмімен танысыру
2. ауада жазғызу
3. дәптерге жазғызу Гг
3-тапсырма
«Сергіту сәті»
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам. Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
4-тапсырма
«Оқимыз, ойлаймыз!»
гү-гү-гү – қызыл гүл
ге-ге-ге – қисық шеге
гі-гі-гі – жинаймыз егін.
5-тапсырма
«Қай әріпті жоғалттым?»
Шарты: Балаларға суреті бар қима қағаздар тарқатылып сурет атауындағы қай әріп жоқ екенін тапқызу
6-тапсырма
Ребус шешу

|
Мысалы:
А-қызыл,
Д-көк,
О- қызыл,т.б
Балалар Тапқышбекпен сәлемдеседі.
Сөз басында
Ортасында
Ортасында
Г г әрпін жазады, Ғ ғ әрпіне ұқсайтынын айтады.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Буындарды оқиды, сөз ойлайды.
Балалар өз беттерінше орындайды.
Гүлнұр,
Гүлсім,
Айгүл
|
Жетекші – жөндеуші
|
Қорытынды:
Тақтадан
Тапқышбектің сөзін оқыту. Мақтап-мадақтау
|
«Рахмет» сөзін оқиды
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу. Өтілген
дыбыстарды есте сақтай білу.
Қалыптасқан түсінік: Сөз ойлау, жұмбақ шешу, ребус шешу.
Орындаушылық қабілеті: Әріпті таза, үлгіге қарап жазу.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
|