Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 17.7.2020
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Біздің ыдыстарымыз
15:45
Біздің ыдыстарымыз
загрузка...
  •   Гульмира Калидоллаевна Жагипарова, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы

Топ: 2-кіші топ

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

  •    Біздің ыдыстарымыз
  • Балалардың қарапайым ыдыстар туралы түсініктерін толықтыру. Ермексаздан өзінше мүсіндеу арқылы еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Технология: «Тәй-тәй» технологиясы

Қажетті құралдар: 1) суреттер (ыдыс түрлері);

                                 2) Ойыншықтар (ыдыс түрлері)

                                 3) сиқырлы сандық

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

  •  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  •  

 

 

  •  

Тәрбиеші балаларға қарап: «Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіпті, амандасайық»

 

 

Шаттық шеңбер ұйымдастыру.

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларға жұмбақ жасыру

Кесе – шыны, пиала,

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

       Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Біздің ыдыстарымыз».

  • Біз қандай ыдыстарды білеміз?
  • Мына суреттерге қарап ыдыстарды атайық.
  • Дұрыс, балалар, енді мынаған назар аударыңдар.

Тәрбиеші сиқырлы сандықты ашады. Сиқырлы сандықтың ішінен ыдыс ойыншықтарды алып шығады, аттарын атайтады, сипаттама бергізеді.

 

  • Балалар сендер ыдыс түрлерін біледі екенсіңдер. Енді оларды ермексаздан жасап көрейік. Ең бірінші тәрбиеші жасап көрсетеді.

 

Сергіту сәті

 

Жеке жұмыстарды ұжымдық композицияға біріктіреді, бағалайды.

Балалар, сендер бүгін не үйрендіңдер?

 

 

 

  • Балалар, сендер бүгін жақсы еңбектендіңдер.

 

Білгір қазақ анасы

Сәлем сөздің анасы

Алдымен сіздермен

Сәлемдесіп алайық

Сәлеметсіңдер ме, апайлар.

  • Сабаққа жақсы қатыс.
  • Әдепті бол.
  • Ауырма.
  • Досың көп болсын.

Балалар шеңберге тұрып бір-бірінің атын атап кезекпе-кезек (біріншісі-екіншісіне, екіншісі-үшіншісіне, солай жалғаса береді) тілек білдіреді.

Шешуін табады.

Ыдыс-аяқ

 

 

 

 

 

 

Кесе, тегеш, тарелка, қазан.

 

 

 

 

 

Балалар ыдыс түрлерін атайды. Сипаттама бергенде қатты, қақпағы, құлағы бар, үлкен, кіші деп жауап береді.

 

 

 

 

Балалар қолдарына жаттығу жасайды.

Кесе, қасық, тарелка бір композиция.

 

Мен – қазан,

Мен – кесе,

Мен – қасық,

Мен тарелка жасауды үйрендім.

  •  

Білуі тиіс: Ермексаздан ыдыстарды бейнелей алу керек.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 16747 | Добавил: Admin | Теги: БАЛАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-Ә | Рейтинг: 3.5/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]