Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлт аспабы домбырамен таныстыру.
Сабақтың мақсаты: Балаларға қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы
қысқаша мәлімет беру. Домбыраның құрылысымен
таныстыру .
Жаңа сөздер: шанағы, қақпақ, шегі үлкен тиек, кіші тиек, 2 құлағы , түйме.
Көрнекілік: Домбыра, домбыраның суреті.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың жүрісі:
-Балалар менің қолымдағы не екенін білесіңдер ме?
- Балалар домбыра деп жауап береді.
Дұрыс айтасыңдар. Осы домбыра аспабымен таныспас бұрын мен,сендерге
ел аузындағы аңыз әңгімені айтып берейін. Балалар сендер мұқият тыңдаңдар.
Ертеде қахарлы ханның жалғыз қызы бас хан баласына аттастырылып қойғанына қарамастан кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді.
Мұны білген хан оны дереу дарға астырады. Жі ... Читать дальше »
|
Бабалар еккен шынарды балалары саялайды
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды.
Бала тәрбиесі жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» атты Жолдауында: « ... біздің балаларымыз бен немерелеріміз ... бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп сенім артқан болатын.
Дұрыс тәрбие балаға өмір бойы азық деп қарайтын болсақ Елбасының жоғарыдағы сөзі тәрбие жұмысымен айналысатын барлық саладағы педогогтарға үлкен жауапкершілік жүктейді.
Балалық шақ – баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы, ақыл-ой, сана-сезім, басқа да қасиеттерінің қалыптасуының маңызды кезеңі. Педагогика және психология ғалымдарының зерттеулері баланың мінез-құлқының негізі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі шағында қалыптасатынын дәлелдейді. Өйткені бала осы кезеңде аса сезімтал, қаб ... Читать дальше »
|
Математика сабағы
Тақырыбы:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда логикалық ойын - жаттығуларды пайдалану.
Мақсаты: сан және есеп, көлем , кеңістікті бағдарлау уақыты, бағдарлау геометриялық; денелерден бөлінген бес тармағын негізге ала отырып, пәндердің байланысқан көмегі аркылы балалардың ақыл - ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, дидактикалық ойындар, шарттарын дұрыс орындауга тәрбиелеу, зейінділігін арттыру.
Көрнекілік 5-ке дейінгі сандар геометриялық пішіндер, әр түрлі ойыншықтар, мысалы: қоян,күшік,аю. Қағаздан қиып жасалған қоян, сәбіз, алма ағашы, апта ашай және жеті баласы.
Әдіс-тәсілдер: сандармен пішіндер көрсету, санау түсіндіру, сұрақ-жауап логикалық ойындар.
Тәрбие жұмысының барысы:
Балалар жартылай шеңбер құрып тұрып, қонақтармен Сәлеметсіздер ме! деп амандасады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар әдептен озбай үлкенмен амандасу рәсімін жасағ ... Читать дальше »
|
Құрманалиева Гаухар Айталиевна «Алтын сақа» балабақшасы Қарағанды қаласы
Баяндама:"Балабақшада ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы "
Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде.
Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркі ... Читать дальше »
|
«Тәрбие өзегі балабақшадан басталады»
«Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты
жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық
психология қалыптасқан, имандылық
әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу,
өсіру, білім беру бүгінгі отбасының,
балабақшаның, барша елдің,халықтың
міндеті»
Н.Ә. Назарбаев.
Жас жеткіншектерді тәрбиелеу жұмысының негізі ең алдымен отбасында қаланып, сонан соң балабақшада жалғасатыны белгілі. Бүгінгі жас ұрпақ болашағының ірге тасының берік қалануы үшін, балабақшада берілетін білім мен тәрбиені дұрысм қалыптастыру өз қолымызда. Біздің басты мақсатымыз: Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру стандартының негізгі ережелері мен талаптарын басшылыққа ала отырып, білім салаларында білім алу құзіреттіліктерін ... Читать дальше »
|
«Жас бүлдіршіндер-ел болашағының ертеңгі кілті»
Жас ұрпақты өз халқының тегін білу, ата-бабамыздың салт-дәстүрін бойына ендіру, оны жалғастырушы болып өсуіне бала бақшамен ата-ананың арасындағы байланыстың маңызы зор. Осындай игілікті істердің бірі-№28 «Алпамыс» санаториялық бала-бақшасында ата-аналар мен бала-бақша арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Балдырған» тобында «Бүгін бізде туған күн» атты ертеңгілік өтіп, оның барысында әдеп, би, ертегі, кейіпкерлері сайыстары ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, аспазшы Э.Абдукаримованың дайындаған, қазақтың ұлттық тағамдары, И.Мұстиярованың сомдаған «Қаңбақ шал» ертегісі С.Абутрапова мен А.Алиханованың «Қарақшылыр» биі, Б.Оспанованың «Қара жорға» биі адам бойындағы мейрімділік пен ұлттық ерекшеліктерді таныта білсе, жас тәрбиешілер Б.Омарова мен Г.Төлегеновалар сиқыршылық өнерімен өз жүректерінен шыққан өлеңдерімен тындармандарды таң қалдырды. Ата –аналар Л. Абдрахманова, Б.Кембилова балалармен бірге ертеңгіліктің көркемде қызықты өтуіне ат салыса білді. Ертеңгілікті бала-бақша меңгерушісі С.Доспаева қортындылай келе «Тәрбиешілердің бұл жетістігі-үздіксіз іздену мен тынымсыз еңбектің арқасы» деген пікірін жеткізді.
... Читать дальше »
|
Инновациялық әдіс –білімді ұрпақ кепілі
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім деңгейін көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Елбасы Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі жас ұрпақ, ұстаздар оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман педагогінен тек өз мамандығының терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық- психологиялық сауаттылық, саяси –экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Сонда ғана заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқу мен тәрбие ісіне белсене қатысатын, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұстаз бола алады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан, педагогтерге компьютерлік сауаттылық қажет. Өйткені Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі-қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңге енді.
Оқытудың ақпараттық технологиясы- бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар мен кешендер (кино, аудио және видеоқұралдар, телекоммуникациялық желілер және т.б) ... Читать дальше »
|
«Балалардың көркем сөйлеу мәдинетін қалыптастыру»
Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзекті алатын жері-ол ата-бабадан қалған асыл мұра. Біз яғни болашақ ұрпақ тәрбиесінің айналысатын қазақ тіл мұғалімдері халқымыздың таусылмас бай асыл мұрасына жүгінсек, ұрпағымыз біздің балабақшамыздағы жүргізіліп жатқан жұмыс бағыты балаларымызды ата-бабадан қалған салт-дәстүрге, адамгершілікке баули отырып, жаңа дәуір технологиясын табысты игеру. Алға қойған мақсатымыз ойдағыдай жүзеге асу үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді толық меңгеруіміз қажет. Бүгінгі таңда тіл туралы көп айтылады. Ана тілін қастерлеген адам өз халқының тарихын, тұрмыс жағдайын, тыныс-тіршілігін жақсы біледі. Тіл білген адам-мәдени, рухани жан азығы мол адам. Адамның ойы оның тілінен көрінеді, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын құрал. Сондықтан балабақшадан бастап өз ана тілімізде сөйлеп, өз халқымыздың қадір-қасиетін, рухани құндылығымызды біліп өссек, болашақ ұрпақта өз тілін қадір тұтады. Тіпті өмірде болып жатқан жаңалықта, басқа да өзгерістер біздің сана сезімізге өз деңгейінде келіп жетіп жалғасын табады. Тіл-ұлт м ... Читать дальше »
|
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Балдәурен» балабақшасы
Құсайнова Сәуле
Бала жанұя айнасы
Халық педологикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып , жүргізуді талап етеді. Мәселен «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара он бес жасқа дейін қосшыңдай сана , он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала » деген мәтел еркін тәрбиелеудің үмітпен қараудың , ақылшым деп санаудың қажеттігін меңзейді. Халық педагогикасы тәрбие ісінде әр баланың жеке бас ерекшелігін ескере отыруды ескертеді. Осыны құптаған бабамыз мынандай мақал-мәтелдер арқылы баяндаған . «Бір биеден ала да туады , құлада туады балаға үміт әкенің парызы , ақтау баланың парызы, деп ой түйіндейміз. Бала тәрбиесі туған өскен ортасы ата-ананың от басы үлкендердің ұстаздың үмітіне байланысты деп есептеген .Ж. Аймауытовтың «Тәрбие» атты көлемді мақаласында «адам мінезінің ақыл-қайраттың әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан» деп алдымен бала тәрбиесіне отпасының орнына ерекше тоқталып «Баланы бұзуға яғни түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнінде көрген өнеге , Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді» деген сөз ата- ... Читать дальше »
|
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы тілін дамыту.
Қоршаған ортамен таныстыру бойынша балалар өзінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілермен топтағы балалардың аты-жөніндерін тани бастайды. Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі, т.б айырмашылықтарын ажырата бастайды.Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден жасағаны, қайда, кімде, қандай, кім не істейді сұрақтарына дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді.
Балалар әсіресе ұлдар жағы қызығы көлік түрлерін, яғни ұшақ, поезд, жеңіл,жүк машина және әртүрлі көліктер түрлерінің міндеттерін жақсы біледі.Балалар бос уақытында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.
Қоршаған орта мен тәрбие жұмыстарының түрлері:
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесі ... Читать дальше »
|
|