Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 17.2.2020
Главная » балабақшадағы тәрбие сағаты

   Мақсаты: Осы тақырыппен өткізілген сабақта балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ол үшін тәуелсіз Республиканың рәміздері туралы білу, оларға құрмет көрсету туралы үйрету. Соған қоса балалардың ойлау қабілетін өсіру, тақпақтарға қызығушылығын, сөздік қорын, тіл байлықтарын байытуға мән беру.
     Көрнекілікті құралдар: Қазақстан мемлекетінің рәміздері, Астана қаласының көрікті ғиматар суреттері.
     Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап.
     Сабақтың барысы:      Шаттық шеңбер.
                                                     Аспанымыз ашық болсын,
                                                     Деніміз сау болсын.
                                                     Бір-бірімізбен дос болайық.
                                              ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 2370 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Наурыз- жыл басы»
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық:  қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Өлең, мақал - мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік : халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып, қазақ халқының салт - дәстүрін, тілін, дінін, әдет - ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, нақыл сөздер, қазақтың салт - дәстүрлері туралы суреттер.
Шаттық шеңбер:  ( Балалар ортаға шығып, шеңбер жасайды. Көктемге ризашылықтарын білдіріп, өлең жолдарын айтады.)
Көктем келді, шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай,
Көктем қандай, көктем қандай көңілді!
Тәрбиеші: - Құрметті ұстаздар, ата-аналар, балалар.
Көктем шуағы мол, адам баласына мол ырыс-құт әкелетін мезгіл. Көктемде мал төлдеп, адамның аузы аққа тиетін, жерге егін егіліп, диқаншылардың жүздеріне шуақ кіретін, үлкен-кіші шаттанып қуанатын мезгіл.  Бұл мезгілде аспандағы күннің шуағы молайып, жердегі қарды ерітіп, жер дүр сілкініп, көгере бастайды. Міне, осындай керемет көктемді мұсылман халықтары «жыл басы» деп санаған.  Бұл күндері бар адамзат пен бі ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 2923 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Білім беру аймағы : «Қатынас» «Әлеуметтік орта» «Таным» .

Бөлім: Тіл дамыту,көркем әдебиет,айналамен таныстыру.

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің көшбасшысы.»

Мақсаты:  Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

«Тұңғыш президент»мерекесі  жайлы айта отырып,бүлдіршіндерге

елбасының жасаған  еңбектері жайлы жалпы ұғым беру.Отанға, елбасына

деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 25895 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Тәрбиешілер: Бақыт Сагдатовна Аубакирова, Шарипжанова Мейрамгуль Мырзабековна, Баскөл ауылы, Иманов ат.  ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Тәуелсіз- Қазақстаным»
Құрметті Ұстаздар,ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер! 
Бүгін біз Тәуелсіздіктің 21жылдығына арналған кішкентай бүлдіршіндердің дайындаған  «Тәуелсіз- Қазақстаным» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. 
Әнұран орындалады. 
Тәуелсіздік текке бізге келмеген,
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Сонда-дағы қасиетті қазағым,
Төл байрағын дұшпанына бермеген.
Бабалардың ғасыр бойы арманы,
Өткенімен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың, 
Егеменді – тәуелсіздік алғалы. 
Азаттық, тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің көңіліне жара салмады? 
1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй- тәй басқан республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз Жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды. 
Еліміздің рәміздерін, соның ішінде қасиетті Көкбайрағымыз бен Елтаң ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 2338 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Тәрбиеші: Гүлжанат Ертайқызы Тулкина, Жұмыскер ауылы, Қазан ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
 (Муз. Әуенімен балалар залға кіреді)
Тәрбиеші:  Елім менің тәуелсіз жерім менің
                     Күннен алған шуақты өмір дәмін
                     Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп
                   Көк байрағын төбеме көтерген күн!
Құрметті балалар, қадірлі қонақтар!
Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.
Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан,
Отанымызға тыныштық тілейміз.
Ержан: 16-шы желтоқсан,
             Тәуелсіздік алған күн
            Мерекеге ел тосқан, 
           Атамменен барғанмын.
Мерей: Мерекеге шығады,
             Бүкіл халық біліп қой
            Отандастар ұғады
            Тәуелсіздік ұлы той.
Сергей: Аралаймын алаңды,
             Тәуелсіздік күнімен
             Батыр Қайрат ағамның,
  ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 2807 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Тәрбиеші: Айнаш Атмаевна Найманова, Қызылеңбек бөлімшесі, Қазақстан  ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Менің Отаным»
Мақсаты: бүлдіршіндерді Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, атамекеніне, туған ауылына деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекі құраладар: 1. Ұран сөздері жазылған плакаттар.
2. Туған жердің көріністері.
3. ҚР рәміздері.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, балалар! 
Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз, «Менің Отаным» атты ашық көріністі бастайық.
Әнұран орындалады. 
Тақпақтар:
Отан,Отан! 
Сен болмасаң, не етер ем?
1. Мәңгілікке бақытсыз боп етер ем.  
2.  Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер.
Отан-ана, Отан-үлкен
Қазақстан туған ел.
3. Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың, бауырың.
Отан-досың, астанаң,
Отан-аудан, ауылың.
4.  Елтаңбасы елімнің, 
 Неткен әйбәт, әдемі.
Тұнығыңдай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
5.  Желбірейді шарықтап,
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.   
Ән: «Біз бақытты баламыз».
6.  Еңсесі биік Қазақстан Отаны,
Бар әлемге жайылыпты атағы.
7.  Отан деген-атамекен
Отан деген туған жер
Отан-ана
... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 2341 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары  ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы:«Менің Қазақстаным -  менің болашағым»
Мақсаты:
                   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы  туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп  толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту.
             Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздері.

Қанатты сөз:
1.    Туған жер – алтын бесік.
2.    Отансыз адам , ормансыз бұл-бұл.
Сабақтың барысы:Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады.(Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.)
-Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет.Яғни ,біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан; өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік  туы бар. Бізд ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 2081 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары  ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: От - тілсіз жау!
     Қатысушылар:     2 бала, 1 бала – сіріңке рөлінде, 1 бала от рөлінде.
Мақсаты: оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру.
     Ұқыптылыққа, зеріктікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
Керекті заттар: Сіріңке қорапшасы, жалын суреті салынған от бейнесі, өрт сөндіруші машинасының макеті, нөл және бір саны жазылған бас киім, от бейнеленген бас киім.
Тәрбиеші:
Өткен аптада, саябакта келе жатып, мен бір сұмдық жағдай болғанын көрдім. Кәдімгі сіріңке, бірақ өте зұлым от жағып, балаларды алдады.
Тәрбиеші:
     Саябақта балалар серуендеп жүріп,
     Сіріңкені жолықтырды.
     Ол балалардан онымен достасуын сұрады.
Сіріңке: Үйім жоқ, тұратын жерім жоқ! (Балалар сіріңкені қолынан ұстап алды)
Сіріңке: Ой, зеріккеннен жынданатын болдым! Менің қалай жынданатынымды көргілерің келе ме? (Балалар кідіріп қалды. Бірақ олар таң қалды)
1-бала: Жағуға болады ма?
2-бала: Жамандықтан құтыла алмайсың?
Сіріңке:
     Сендер не, сендер не! Бәрі орнында!
... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 5618 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары  ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Жол тәртібін  білейік, аман есен  жүрейік
 Бастаушы: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біз қазір орманға саяхатқа барамыз. Жол алыс сондықтан, көлікпен баруымыз керек. Мен жұмбақ айтам, соның шешуін тапсаңдар, біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.
              Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
             Ескеріп ешбір адам емдемейді.
            Жүк емес жануарға жүз адам да,
            Киіп ап төрт  дөңгелек дөңгелейді .
Бастаушы: Енді жол ережелерін есімізге түсірейік. Өйткені, жолда түрлі жол белгілері кездеседі.
        (кеуделеріне белгі ілген 5 бала ортаға шығады: бағдаршам, ескерту, тыйым, анықтама, көрсеткіш белгілері)
Бағдаршам: Менің атым – Бағдаршам!
                      Бар әдемі үш көзім,
                      Алдамаймын, аңғарсаң,
                      Ақылдымын тіпті өзім.
Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде
              ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 3180 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Дайындағандар: Жадыра Манатовна Шарипбекова, Мейіргүл Ержанқызы Қожанова, Айгерим Кусмановна Абеуова, Көктөбе ауылы, «Ақбота» бөбектер бақшасы. 
Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.
Түрі: тәрбие сағаты
1-ші Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
2-ші Жүргізуші: Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар?!
1-ші: Жүргізуші: Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз. 
2-ші Жүргізуші: Балалар бүгінгі ашық сабағымызды әнұранмен ашайық. 
Әнұран
1-ші: Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
2-ші Жүргізуші: Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Оның 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия. 
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 
1-ші: Жүргізуші: 
 «Көбелектер» тобының орындауында ән «Отаным». ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 4722 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 4 5 6 7 »