Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 24.2.2020
Главная » балабақшадағы семинарлар

БАЯНДАМА

Дайындаған: Гульмира Калидоллаевна Жагипарова, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы
Тақырыбы: Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Табиғат – біздің ортақ үйіміз.Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай  адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймыз. Келешекте балалар кім болса да, олар қоршаған ортада рөлдерін бөліп, табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек. Экологиялық тәрбие мен білім беру – қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу – осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті - балаларды табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге ,тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету және экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары шектеулі екенін түсіндіру керек. Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп аялауға үйретуіміз керек.
Экологиялық білім берудің басты мінд ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы семинарлар | Просмотров: 4466 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

БАЯНДАМА

Дайындаған: Гульмира Калидоллаевна Жагипарова, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы
Тақырыбы: Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері  оның  халықтық педагогика  мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында  жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен  әрекеттерінде  белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты  бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн  тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.
Қазақ халқы  еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп  баланы  еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына  құрметпен қарауға,  халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу,  еңбек іс – әре ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы семинарлар | Просмотров: 5608 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

БАЯНДАМА

Дайындаған: Гульзат Бекмухамбтовна Баянбаева, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы
Тақырыбы: Өзіндік ұстанымдағы әдептілік

"Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды".                                                                 Мұстафа Шоқай

    Бүгінгі таңда ХХI ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа  тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық.Олай болса, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін
- тәрбиеленушілердің ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақ ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы семинарлар | Просмотров: 1282 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Қазіргі кездегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылатын технологиялар

Май ауданының білім бөлімінің 
әдістемелік кабинетінің әдіскері
З.  Мухамедова

Адам өлшемінің тек екі бағыты ғана бар – даму немесе деградация. Сондықтан, егер білім беру дамуға бағыттамаса, ол деградацияға қызмет етеді.
Г. Драйден

    12 жылдық білім беруге көшу үрдісі мектепке дейінгі тәрбие және білім беруді ұйымдастыруға жоғары талап қоюда. Ол өз кезегінде неғұрлым тиімді педагогика-психологиялық әдістер арқылы бұл мәселені шешуге итермелейді. Мектепке дейінгі оқыту, жаңа сапалық деңгейге шығу инновациялық технологияларды әзірлемей мүмкін емес. Педагогикалық инновация, бұл – дамуы, тәрбие мен оқытуды жақсартуға бағытталған, сонымен қоса мақсаттар мен мазмұнды, формалар мен әдістерді жетілдіруге негізделген өзгерістер. Олар ғылыми ізденіс ретіндегі педагогтың келешектегі өздік дамуын талап ететін санасын қалыптастырады. Педагогикалық әрекетті жаңа технологиялырды қолдану негізінде ұйымдастырғанда барлық күш педагогикалық шешімдердің ең тиімдісіне бағытталады (1, 2 - қосымшалар).
  ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы семинарлар | Просмотров: 12690 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Сабақ өткізудің технологиялық картасы

Білім беру аймағы: «Қатынас, Таным, Шығармашылық »

Бөлім:«Көркем әдебиет, Сауат ашу, Математика, Айналамен таныстыру, Өзін-өзі тану, Сурет»

Тақырыбы:   «Ертегілер еліне саяхат»

Мақсаты:  1.  Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, суретке қарап сөйлем құрау, буындату, дыбыстық талдау жасату арқылы білімдерін қорытындылау;

2. Тапсырма беру арқылы тура және кері санату, шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды өлшеу, геометриялық пішіндерді ажырату, логикалық есептер, таңбаларды білу арқылы балалардың білімін тиянақтау;

3. Балаларды табиғатты сүйе білуге, аялауға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу;

4. Сурет салдыру арқылы өз сезімдерін дұрыс жеткізе білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, салыстыру.

Көрнекіліктер:Ертегілер суреттері, атрибуттар, текшелер, жолақтар, 1-ден 10-ға дейінгі сандар, ауыр, жеңіл, сұйық, сусымалы заттар, музыка, қылқалам, бояу, сүлгі. 

Сөздік жұмысы:  Ертегі, кейіпкер, сөз, сөйлем, дыбыс, буын.

... Читать дальше »
Категория: балабақшадағы семинарлар | Просмотров: 7979 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Тараз қаласы. Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі  Жұмабекова Ардақ  Қалдарбекқызы

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:  Математика
Тақырыбы: «7 саны»
Мақсаты:
7 - ге дейінгі сандарды тура және кері ретімен қоя білуге, сандардың таңбаларын танып ажыратуды, геометриялық пішіндер мен денелерді, олардың түстерін ажыратуды ойын арқылы жетілдіре түсу.
Ойлау, көріп - тану, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тіл байлықтарын және сөздік қорларын байыту.
Тапқырлыққа, ептілікке, жылдамдыққа, достыққа тәрбиелеу. Халықтық педагогиканы ұштастыра отырып халқымыздың киелі 7 санына деген ұғымдарын кеңейту. Ұжымдық іс - әрекетке баулу.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, жұмбақ жасыру, санамақтар.
Ұйымдастырылған іс - әрекеттің түрі: сайыс сабақ
Ұйымдастырылған іс - әрекеттің типі: білім тиянақтау
Пәнаралық байланыс: математика, тіл дамыту, ән, құрастыру, көркем әдебиет, өзін - өзі тану
Көрнекіліктер: цифрлар, пішіндер, шыршалар, суреттер және компьютер, проектор.
Алдын - ала жүргізілген жұмыс: санамақ жаттату, 7 ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы семинарлар | Просмотров: 2233 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

« 1 2 3