«Ғажайып бақ» ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Мақсаты: Жыл бойы өткен білімдерін пысықтау. Балалардың байланыстырып сөйлеу әрекетін дамыту, қойылған сұраққа дұрыс жауап беру әрекетін дамыту. Сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін тыянақтау. Балаларды достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: ҚМҰҚ, тіл дамыту, дене шынықтыру, сурет, қоршаған орта
Көрнекіліктер: аялдамалар, ғажайып бақ бейнесі.
Тобы: «Ақбота» ортаңғы
І Ұйымдастыру бөлімі.
Балалар қараңыздаршы біздерге көптеген қонақтар келген екен. Ендеше барлығымыз жылы жүзбен шеңберге тұрып қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Бақшамызға барғанда
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз! Сәлеметсіздерме қонақтар!
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Қар ериді, құстар ұшып келеді, күн жылыйды, шөп өседі.
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Көктем мезгілінде 3 ай бар. Наурыз, Сәуір,мамыр
Дұрыс айтасыңдар балалар ендеше осындай көңіл күймен барлығымыз «Ғажайып баққа барайық» . ғажайып баққа сиқырлы таяқшан ... Читать дальше »
|
Алтын күз
Мақсаты: балалардың күз мезгілін бақылату арқылы маусымдық өзгерістер жайлы бідімдерін кеңейту. Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, адамдардың еңбегі жайлы , ас атасы – нанды қадірлей білуге тәрбиелеу. Табиғатқа қамқор болып, әсемдікті көре біліп, сезінуге үйрету.
Көрнекіліктер: безендірілген кабинет, банерде ертеңгілік тақырыбы, шарлар, техникалық құрылғылар.
Барысы:
1. Балалар музыка әуенімен, қолдарын шапалақтап жүріп:
Алма пісті,
Алмұрт пісті,
Алша пісті,
Жерге түсті,
Қияр пісті
Қарбыз пісті
Қауын пісті
Қандай күшті – деп хормен айтып ортаға шығады.
2. Тәрбиеші : Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Сіздерге бүгінгі «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер дейміз.
1-бала:
Алтын сары ,қызыл, көк ....
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап. &nbs ... Читать дальше »
|
"Алтын күз" мерекесі.
(Ортаңғы топтарға арналған ертеңгілік)
Зал іші күз мерекесіне сәйкес безендіріледі.
Жүргізуші: Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген
Жылауық бұлттары бар қанат керген
Күз келді мезгілінде арқаланып
Күн бар ма байлығын ол тегін берген?!
Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ
Кеттік те қызу істі дереу бастап
Астық, жеміс, мақтасын- бар байлығын
Алып қалдық еңбекке айырбастап.
- Армысыңдар, құрметті қауым, бүгінгі біздің балабақшад ... Читать дальше »
|
«Аққала біздің досымыз»
Мақсаты:
• Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын байытумен бірге, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Қыс мезгілінің ерекшелігін ажырата біліп, көргендері мен байқағандарын дұрыс баяндауға, не?,қандай? деген сұрақтарға нақты жауап беруге, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету.
• Балаларға қыс мезгілінің еркешеліктері туралы кеңінен таныстыру. Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстары жайында қыс мезгілінің тосын мінездерін ұғындыру.
• Ақ қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс бағдарлай білуге, жоғары-төмен, шеңберді сыза білуге, бояу әдістерін үйрете отырып саусақ икемдерін шыңдау.
• Есте сақтау қабілетін дамыта отырып, тазалыққа, ұқыпты бояуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд арқылы көрсету, қыс мезгілінің және аққала суреттері.
Оқу іс-әрекет түрі: Ашық оқу іс-әрекеті.
Оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілі: Амандасу, сұрақ-жауап, әңгімелеу, тапсырма орындау, жаңа ОІӘ түсіндіру, сурет салу, бояу жұмысы, сергіту, жұмбақ, топпен жұмыс, қорыту, қоштасу.
Жаңа сөздер: Қар, аяз, боран, аққала, м ... Читать дальше »
|
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Жаңажол НЖББМ
Ермеккалиева Данагул Жумабаевна
Тәрбиеші
Тақырыбы : Алтын күз
Сахнаға мерекелік ертеңгіліктің жүргізушілері шығады.
1. Жүргізуші . Күз қандай керемет мезгіл ! Қазан толып , еңбегінің жемісін көріп , адамзаттың нағыз той тойлар шағы емес пе ?
2. Жүргізуші. Иә , пішен шабылып ,астық орылып , мал жайлаудан ,түскеннен соң ,шаруанының реттелгеніне қуанған халқымыз күзде сабан той жасап жаипаушы ма еді ?
1 .Жүргізуші : - Дұрыс айтасың !Сол ізгі дәстүр біздің шағын орталықтада жалғасын тауып жатыр.
2.Жүргізуші : - Олай болса жұртты тойға шақырайық !
- Армысыздар , ағайын , қош келдіңіздер!
Күн суытып , ызғарланып ,
Аңызақта қаңбақ жүр .
Сабан тойды бастаңдар да ,
&nb ... Читать дальше »
|
Наурыз - жыл басы!
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
- Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекміз де келіп қалды. Мерекелерңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелер келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз той құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
1-жүргізуші:
Наурыз келсе, құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
2-жүргізуші:
Той пернесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Той шашуға тойыңдар,
Бұдан кейін ойын бар. (шашу шашылады)
2-жүргізуші:
Уа, жарандар, жарандар!
Көңілің бар алаңдар.
1-жүргізуші:
Ата менен анаң бар,
Үлкен кіші ағаң бар.
... Читать дальше »
|
Жүргізуші: Қымбатты балалар және біздің құрметті қонақтарымыз! Міне, бізге ең тамаша жыл мезгілі – көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, аналарымызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен, қымбатты әйелдер, 8 наурыз мейрамы құтты болсын!
Жүргізуші: Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,
Әйелдер күні бүгін халықаралық!
Жарыққа бізді әкелген аналарды,
Бүгінгі мерекемен құттықтайық!
Ұйтқысы жанұяның берекеміз,
Аналар, құтты болсын мерекеміз!
Әрқашан аналарым аман болса
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз!
Құрметті ата – аналар енді бір сәт теледидарға көңіл бөліп тобымыздағы түсірілген видео бейнеге көңіл бөліп, наза ... Читать дальше »
|
Тақырыбы: « Ана-өмірдің шуағы.»
Мақсаты:Балаларға аналар мейрамы туралы түсінік беру.Барлық аналарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Балалардың ой өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: ана туралы мақал-мәтелдер, гүлдер, ленталар, шарлар, үнтаспа.
Сабақ барысы:
(үнтаспадан «Анашым» әні баяу ойнап тұрады.)
Жүргізуші: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын бастайық.
Балалар хормен аналарды құттықтайды:
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың,
... Читать дальше »
|
Анамыздың мейрамы.
Көрініске сай сахна безендірілген.
(Есіктен Шығайбай кіріп көрпеге отырады)
Бай: - Көктем, көктем тіршіліктің көзі деген рас екен-ау, ал тіршілік – табыстың өзі екен. (Артынан әйел ана кіреді)
Ана: - Аман-есен келдің бе, әйтеуір. Ақша табамын деп жүріп, бала-шағаңды ұмытып кетпесең болғаны. (Сырттан көңілді ұл-қызы кіреді.)
Ұл: - Әке, ассалаумағалейкум! Маған бәтеңке әкелдіңіз бе, өткенде айтып едім ғой, қараңызшы жыртылып қалды. (Аяғын көрсетеді.)
Бай: - Көрдім, көрдім кішкене шыдай тұр, міне көктем шықты жазда жалаң аяқ жүруге болады. (Бала өкпелеп отырады.)
Қызы. - Әке, маған күртке керек.
Бай: Мектепке барғанда бір-ақ аласың, әйтпесе ескіріп не қысқарып қалады. (Қызы ренжіп теріс қарап отырады.)
Ана: - Қашан сенің бар дейтін кезің болады екен? (Үйден шыға бере жылап жібереді, алдынан Алдар шығады)
Алдар: - Ай, ақжеңеше, сізге не болды?
Ана: - Не болсын, әлгі Шықбермес басқаны қойғанда, өз балаларына да татыратын емес. Байыған сайын пейілі тарылып барады.
Алдар: - Мерекенің алдында жарқылдап, жүрудің орнына бұл қалай ... Читать дальше »
|
Орал қаласының №35 «Шұғыла» бөбекжайының
музыка жетекшісі
Бирмуханбетова Анаргуль Наримановна
Тәуелсіз таным атқанда
Балалар музыка әуенімен музыка залына кіріп белгіленген орындарына тұрады
Сахнаға жүргізушелер шығады
1Жүргізуші: Десек те жасаған әр жыл қандай бақ,
Жастықтың гүлін уақыт жұлған аяп?
Әрине тарих үшін 20 жыл түгіл,
Жүз жыл да – көзіңді ашып-жұмғандай-ақ.
Өзгертіп өндірдей ғып өңін елдің,
Қырандай шырқап шықтың өріне өрдің,
Жүр ақтап майдангерлер, жаңа ұрпақтар
Өсиетін, армандарын өлілердің.
Дүниеде болмасын деп зар қасірет,
& ... Читать дальше »
|
|