Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 23.2.2020
Главная » балабақшадағы ертеңгіліктер

 Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер қаласына саяхат»

(Дьенеш логикалық блоктармен
 құрастырылған математика сабағы)

Мақсаты: Геометриялық фигураларды үш  сипаттама (түсі,пішіні,көлемі) арқылы сұраптау білу

Міндеттер: 
Білімділік:-1-10-ға дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту. 
- геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту.
- Сандарды атап арифметикалық есептер шығару.
Дамытушылық: -Логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту
- тапқырлығын арттыру.
- Санамақтар айтқызып математикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту.

Тәрбиелік:- Зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа, бір-бірімен қарым-қатынас жасау білу тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: Әдемі түстермен (геометриялық пішіндермен) үй суреті,геометриялық пішіндердің суреті. 

Үлестірмелі: Әр балаға 3 түсті ү ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 9555 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

                                                           Рахматуллина Жадыра
                                          Атырау облысы Индер ауданы
                                               Индербор кенті «Райхан» балалар 
                                                            бақшасының тәрбиешісі
Ересек топтар үшін
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Ойыншықтар әлемінде»
Мақсаты:  1) Ойыншықтар әлеміне саяхат жасау арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау, қайталау, тоқсан бойы өткен білімдерін бекіту.
2) Сурет бойынша әңгімелеу, сипаттау арқылы балалардың өз ойын жеткізе білуге, байланыстырып сөйлеуге машықтандыру. Тіл мәдениетіне баулу, сөздік қорларын молайту.
3) Балаларды ұйымшылдыққа, белсенділікке баулу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ< ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 3125 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Сабақтың  тақырыбы: Су - тіршілік негізі.

Сабақтың мақсаты: Балаларға судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы айтып, көрсетіп, түсіндіру.Балаларды қоршаған ортаны, табиғатты қорғап, аялай білуге тәрбиелеу.Суды үнемдеп пайдалануға және қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат ананы қорғауға үйрету.Ойын түрлері арқылы табиғатты қорғай білуге үйрете отырып, сөздік қорын дамыту.Экологиялық тәрбие беру.
        Қажетті құралдар: Ертегі желісінің суреттері,атрибуттар, әр түрлі әуендер,
       Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрсету, әңгімелеу.
       Сабақтың барысы:
     Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:
-Балалар бүгін аптаның нешінші күні?
-Бүгін аптаның үшінші күні сәрсенбі.
-Жылдың қай мезгілі?
-Қыс.
-Қыстың қай айы?
-Ақпан айы.
          Сауысқан: балалар, балалар хат келді, хат келді.
         Тәрбиеші: Неге асығып келесің?
          Сауысқан: (ентігіп) Сендерге хат,әкелдім.Хат.
          Тәрбиеші: Қош келдің! Біздің балалардың құрметті қонағы болыңыз.
        ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 1977 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Құрылысшылар ойыны

Музыка әуенімен залға кіру. Келген қонақтармен амандасу.
Тәрбиеші: Балалар сендер жұмбақ шешу, тақпақ айту білеміз бе?
Балалар: Білеміз.
Тәрбиеші:Ендеше зейін қойып тыңдап, тез шешуін табайық.
                        Темір сирақты,
                        Алып жирафты,
                        Жұмсап көр енді,
                        Үй сап береді.          (көтергіш кран)

                        Шеге көрсе қоймаған,
                        Басынан ұрып ойнаған.  (балға)
Тәрбиеші: Кәне, енді кімдер құрылысшылар туралы тақпақ біледі екен.
Ислам:  Біздерде көп талапкер
              Менде бірі солардың.
              Ақтөбелік құрылысшы 
        &n ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 4949 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Білім саласы: «Қатынас», «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет түрлері: Тіл дамыту, орыс тілі, ағылшын
Тақырыбы: «Менің отбасым», «Моя семья», «My family»
Мақсаты: Отбасы туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Отбасындағы сыйластығын нығайту.
Балаларды орыс тіліне, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту. Отбасы мүшелерін қазақ, орыс, ағылшын тілінде танып білу. Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінде отбасы мүшелеріне байланысты өлеңдер, санамақтар айтқызу. 
Ұ.О.І.Ә өткізілуі:
(Қол ұстасқан балалар залға кіреді, қонақтармен амандасады.)
-Саламатсыздар ма?
-Здравствуйте ребята!
- Здраствуйте!
-Good morning, children!
- Good morning, teacher!
-    Балалар келген қонақтарымызға арнап бәріміз, «Good morning!» өлеңін айтып берейік
Good morning! Good morning!
Good morning to you!
Good morning! Good morning!
Glad to see you!

 

... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 7772 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

 Шөптің үстінде жұмыртқа жатады. 
Музыка әуеніне көбелектер мен гүлдер билейді.
Бидің соңында жұмыртқа жарылып балапан шығады.

Көбелектер мен гүлдер:
Қайырлы таң, туған күніңмен деп құттықтайды да ұшып кетеді.
Балапан: Шиқылдайды: Шиқ! Шиқ! Шиқ!
Ортаға қарға ұшып келеді,
Қарғаның баласы: Карр! Карр! Карр! Мынау не шиқылдап жатқан. Даусың 
                                  қандай   жаман еді, ешкімде естімейді. Дауыс меніңкі 
                                  сияқты болу керек,   тыңдашы  Карр! Карр!
Балапан: Шиқ! Шиқ! Мен ондай дауысты қайдан алам, оны саған кім 
                   үйретті?
Қарғаның баласы:  Анам үйретті.
Сол кезде  қарға Карр! Карр! деп ұшып келіп баласын алып кетеді.
Балапан: Шиқ! Шиқ! Ия даусың жуан болған қандай жақсы, барлығы естиді,            
                ал мен   ондай дауысты қайдан алам, қой іздейін.
Музыка әуеніне бақалар билейді.
Балапан: Шиқ! Шиқ ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 1500 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Әскер – әліміз, армия- абройымыз!

 
Жүргізуші:   7- мамыр- Қазақстан Отан қроғаушылар  күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекміздің өзіндік сыры жетерлік. 
Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап.Сонымен бірге ең жарқын ,ең үлкен мереке Жеңіс күні келе жатыр. Біздің аталарымыз  біздің бақытты болашағымыз үшін қасық қандары қалғанша шайқасып, бейбіт өміріміздің аяқ басқанына 66 жыл толды . Құрметті аталар мен әкелер барлығыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

Жүргізуші:                    Арыстандай айбаттым,
        Жолбарыстай қайраттым,
        Аспандағы байрақтым,
        Қанша жұлдыз жайнаттың,
        Қанша бұлбұл сайраттың
      ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 3400 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Тақырыбы: Ертөстік бізде қонақта. (математикадан қорытынды сабақ)
Сабақтың  мақсаты: балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, көлем, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі  арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру,  шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету. 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: сандар, әр түрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.
 Сабақтың жүру барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері. 
Тәрбиеші: балалар сабағымызды бастамас бұрын осы баулар арқылы жүрегіміздің жылуын жеткізейік.
Балалар: 
- Деніміз сау болсын
- Бәріміз бақытты болайық
- Балабақшамыз гүлдене берсін
- Аспанымыз ашық болсын т.б.
 Қызықтыру сәті: Әуенмен  Ертөстік келеді.  Мұңайып, көңілі жабырқап тұрады.
Ертөстік: Сәлеметсіңдер ме балалар?  Балалар амандасады.
Тәрбиеші: Бұл балалар Ертөстік ертегісіндегі  Ертөстік батыр емес пе, ол мұнда не мақсатпен келді екен сұрайық?
Ертөстік: Балалар мен сендерден көмек сұрағалы келдім, менің 8 ағам бар, ал мен 9-шы, яғни ең кенжесімін. Осы ағаларымды Тау шатқалында мекен ететін Тасбол деген жауыз сиқыршы сиқырлап қойыпты, енді не істерімді білмей тұрмын, қайтсем ағалар ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 1619 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Тақырыбы: Орамалды әшекейлеу
Мақсаты: Балаларға дайын суретті қағаз бетіне дұрыс орналастырып, 
                   жапсыруды үйрету. Желімді дұрыс пайдалануға, тазалыққа, 
                   ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Балалардың қол, саусақ
                   икемділіктерін, ойынға ынталарын арттыру. 
Көрнекілігі: орамал, ақ қағаз, желім, суреттер, жапырақтар. 
Әдіс-тәсілі: көрнекілік, түсіндіру, ойын
1.    Ұйымдастыру. 
(балалар топқа кіріп жарты шеңбер құрып тұрады, амандасады)
Шаттық шеңбері «Угәй-ай» әнімен
Ұшып жүрген аспанда 
Ала қарға угәй-ай
Өлең айтып берейік,
Апайларға угәй-ай
Угәй, угәй әніміз
Арпа-бидай дәніміз
Ашық болып аспаным
Сәтті болсын күніміз!
- Бәрекелді, балалар өте әдемі тілек айттыңдар, рахмет!
Балалар бізде бүгін ерекше күн, бізге апайларымыз қонаққа келіп отыр, осы апайларымызды таң қалдырайық. Ол үшін ойынға жақсы қатысып, жақсы жауап беріп отырайық, жарайма?
(балалар орындарына отырады)
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі
- Ендеше «Күзгі бейне» деген ойын ойнайық. Мына үстел үстінде жылдың төрт мезгіл ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 5060 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы – 2011
«Ертегілер елінде»
«Шалқан» ертегісін сахналау.
Мақсаты:
Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын, қиялын дамыту.
Есте сақтау қабілеттерін жеткізу. Үй жануарлары жайында түсініктерін толтыру.
Көрнекіліктер:
«Шалқан» ертегісінің суреттері; көрініске керекті құралдар.
Ертегінің барысы:
Залда музыка ойналып тұрады, залға кірген балалар қонақтармен амандасады.
Есік қағылады:
Тәрбиеші:
Балалар, қанекей кім есік қағып тұрған, соны қарайықшы есікті ашып.
Тәрбиеші есік ашады:
Тәрбиеші:
Балалар, бізге жыл басы қоян қонаққа келіп тұр.Қанекей бәріміз қоянмен амандасайық.
Қоянның сөзі:
Саламатсыңдар ма, балалар! Мен бүгін сендерге әдейі орманнан «ертегілер еліне» қонаққа келіп тұрмын. «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері «Шалқан» ертегісін сахналайды деп, орманда жүріп сауысқаннан естіп, арнайы келдім.
Тәрбиеші: 
Қоян, сіз дәл уақытында келдіңіз, олай болса балалармен қосылып, ертегіні тамашалауға шақырамыз, балалардың арасынан орны алып, орналаса қойыңыз. 
Әуенмен шалқан ертегісі басталады.
Тәрбиеші: 
Ерте, ерте, ертеде. ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 4405 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 6 7 8 9 10 ... 15 16 »