«Қазақ тілін білемін»
(мектепке даярлық тобында ата-аналармен бірігіп өткізілген сайыс)
Мақсаты: Балалардың қазақ тілі сабағынан игерген білімдерін бекіту. Өзі туралы, өз Отаны туралы әңгімелей білуге баулу. Отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Эмоционалдық көңіл – күйлерін көтеру. Ата - аналарды бала тәрбиесі мен оқыту мәселесіне тарту және оларға балаларының жетістіктерін көріп, өздерінің бала тәрбиелеудегі тәжірибесін байыту.
Қатысушылар: Балалар және ата - аналар
Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар, балалар! Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күні - мерекесімен құттықтаймыз. Қазақстанымыздың аспаны ашық, халқымыздың еңсесі жоғары болсын деп тілейміз.
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы, кенеле бер!
Әнұран айтылады
Жүргізуші: - Бүгін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қазақ тілін біл ... Читать дальше »
|
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
«Еркемай» мектепке дейінгі балалар мекемесі
Мамбетжанова Мақпал Аманқосқызы- тәрбиеші
Білім салалары: «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттертүрлері: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Қош келдің көңілді қыс»
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсінік беру.Қыстың ерекшіліктерімен қызықтыра білу.Балаларды ойын арқылыжан –жақты өсіп жетілуі, денсаулығын нығайтуы және күш, ептілік сияқты қимыл қозғалыстарынарттыру.
Көрнектілігі: Қыстың макеті, аю, қағаздан жасалған төбеге жапыстылған ұлпақар,жаңғақтар,себет.
ҰОІӘ өткізілуі.Марш сазымен балалар спорт залға кіреді.
Сәлемдесу.
Тәрбиеші:Қайырлы күн, балалар!Алтын күн, жер анаға өзінің мейірлі шуағын төгіп, біздіңжан дүниемізге жарық сәулесіншашып тұр.Біздебір-бірімізге жүрек жылуымызды сыйлайықшы.
Балалар (дөңгеленіп тұрып)
Амансың ба, алтын күн
Амансың ба, жер ана
Амансың ба, достарым
Сендердікөріп қуандым.
Сөздік жұмыс.
Тәрбиеші:Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?
... Читать дальше »
|
Абайлаңыз бағдаршам
Тақырыбы:
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамыту. Ойын арқылы сабақтың мазмұнына қарай балалардың жолда жүру ережесі туралы алған білімдерін тиянақтау. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, есте сақтауға дағдыландыру.
Көрнекілік: Бағдаршам аялдама жол белгілері жедел әрделі машинасы жеңіл көліктер автуобус.
Әдіс- тәсіл компьютер арқылы үйрету.
Ұ.О.І.Ә барысы: Балалардың зеиінің, ықыласын табиғат мүсініне аударып.
Балалар бүгін аптаның қай күні – бесінші күні қасиетті жұма күні.Ендеше далаға көз салайық ауа – райы қандай екен? Аспанда күн жарқырақ тұр. Балалар таңертең балабақшаға келерде ауа –райы қандай болд? Не байқадыңдар?
«Апай менім қолым тоңды» - дұрыс айтасыңдар.балалар әлі күн жылына қоймады, қарларда енді еріп жатыр.
Ал енді! Балалар, біз қандай елде тұрып жатырмыз?
Балалар: Қазақстанда
Тәрбиеші: Дұрыс Қазақстаның қандай қаласында қаламыздың аты не?
- Шалқар
Тербиеші: Ал енді сендер осы шалқардың барлық көшелерін аралап көрдіңдер ме?
Балалар: Жоқ
Тәрбиеші: Онда біз былай жасайық, қазір бәріміз автоусқа отырып қала көшелеріне саяхат жасайық. Бағд ... Читать дальше »
|
№12 балабақшасының тәрбиешісі Ә.Көшмағанбетова.
Айналамен танысу
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан ортақ үйіміз»
Мақсаты: Балаларға туған елінің, отанының Қазақстан Республикасының белгілерімен
таныстыру. Өз ұлты мен басқа ұлт өкілдері жайында түсінііңтерін молайту.
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Өз ұлтына, тіліне деген
сүйіспеншілігін арттыру. Ардақтай білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері. Ұлттық заттар,
киімдер. Топқа күзгі жапырақтар шашып тастау.
Әдіскерлік тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақтар – жауап, өлең, тақпақтар айту.
Сөздік қоры: «Қазақстан Республикасының рәміздері»
Олар: Әнұран, Көк ту, Елтаңба
Ұлт өкілдері: Орыс, қазақ.
... Читать дальше »
|
Ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті түрі.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: қазақ тілі
Тақырыбы: «Ормандағы саяхат»
Мақсаты: Балалардың білімдерін тиянақтап, қорытындылау. Сөз байлықтарын дамыту. Ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, айналадағы өмірді бақылау арқылы дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, мұғалімнің сұрағына түсініп, жауап беруга үйрету. Сондай-ақ қазақ тіліне ғана тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуларын қадағалау. Кеңістікті бағдарлай білу ептіліктерін дамыту.
Көңіл- күйлерін көтеру. Алған білім дағдыларын іске асыра білуге үйрету. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа және кез-келген тапсырманы жауапкершілікпен атқаруға, көмек бере білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: муляждар (жемістер, көкөністер), дидактикалық ойындарға қажетті құралдар, техникалық құралдар: ұялы телефон, бейнетаспа, мольберт,
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, Түсінд ... Читать дальше »
|
Ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті түрі.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: қазақ тілі
Тақырыбы: «Мұз патшалығына саяхат»
Мақсаты: Жыл мезгілдерінің белгілері, ерекшеліктері, ұқсастығы туралы балалардың түсінігін кеңейту. Оларды ажырата білуге үйрету. Жаңа сөздерді меңгерту. Алған білімдердің тиянақтау. Ертегі арқылы сөздік қорын молайту. Балалардың сөйлеу әрекетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді құрметтеуге үйрету. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Көмек беру, мейірімділік, жақсылық жасау сияқты қасиеттерді баланың бойына дарыту.
Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Ата-аналармен бірігіп «Жыл мезгілдерінің ерекшелігі» тақырыбына кітапшалар жасау. «Бұл қай кезде болады?» жұмбақты шешу.
Көрнекіліктер: Жыл мезгілдерінің көріністері бейнеленген суреттер. Тағамдардың суреттері, «Қыраулы бұтақтар», «Омбы қар» атты дидактикалық ойынға арналған көрнекіліктер. «Сиқырлы қарлар». «Мұз патшалығының» макеті.
Қолданылатын әдіс- тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелесу. Техникалық құралдар: ... Читать дальше »
|
«Әдептілік еліне саяхат».
Ертеңгілік жиын
Күнмен, аспанмен, достарымен амандасу. Шеңбер - бұл әлемдегі мейірімділік пен жылылықтың нышаны. Шеңбер арқылы балалар бір-біріне күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш және жылылық тілейді.
Мазмұны:
Армысың, аспан әлемі
Мейірімді Жер-ана!
Амансыңдар ма, достарым
Сендерді көрсем қуанам- деп айтады да, 1 шоқ гүлді «Мен мына гүлді Назеркеге сыйлаймын. Оған қуаныш, денсаулық тілеймін» - деп балалар тілектерін айтып, достарына сыйлайды.
Ал, енді балалар өздеріңі керекті фишкаларды таңдап, алып белсенділік орталықтарына баруларыңды сұранамын. (балалар өз қалаулары бойынша белсенділік орталықтарына өтеді)
Белсенділік орталықтары:
І Көркем әдебиет орталығы
ІІ Өнер орталығы
ІІІ Ас- үй орталығы
І Көркем әдебиет орталығы
Білім беру саласы &laqu ... Читать дальше »
|
Ересектер тобындағы ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті
Апта тақырыбы: «Күміс қыс»
Ертеңгілік жиын:
-Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
-Айнала қандай?
-Қар қандай?
-Ал мынау мұз ше?
-Ауа қандай?
-Терезелерде не бар?
-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?
(балалардың жауабы)
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Міне, қазір қыстың нағыз қақ ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды. Айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енген.
Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз. Бір сәт сабақ оқуға да көңіл бөлеміз. Есептер шығарып, әдемі суреттер де саламыз. Ал енді осы әсерімізді топқа кіріп, орталықтарда жалғастыралық.
Бүгін біздерде үш топ жұмыс жасайды. Ол үшін мына белгілерге назар аударыңыздар: шырша қойылған жер, бұл математика орталығы, ал біздің шырша белгісін таққан балаларымыз осы топқа, аққала орналасқан жер бұл өнер орталығы біздің аққалалар осы орталыққа барып, қысқы көріністі бейнелейді, ал ғылым орталығында бүгін дәрігер апай валеология сабағын өткізіп, біздерге қыс кезінде көп ауырмаудың жолдарын көрсетеді, е ... Читать дальше »
|
Сабақтың тақырыбы: «Адасқан сандар»
Сабақтың мақсаты: Санды көру.есту және қимыл арқылы қабылдау пысықтау. Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен снауды, қанша болса ұғымдарын қалыптастыру үшін жаттықтыру. Іріктеп алынған заттарға ұқсас нәрселерді таба білу.
Көрнекілік: суреттер, сандар жазылған конверт.
Сабақтың барысы: I .Ұйымдастыру кезеңі.
а) Қажетті материалдарды дайындау.
б) «Санамақ» жаттау.
Бір дегенім –білеу
Екі дегенім-егеу
Үш дегенім- үскі
Төрт дегенім-төсек
Бес дегенім-бесік
Алты дегенім-асық
Жеті дегенім-желке
Сегіз дегінім-серке
Тоғыз дегінім-торқа
Он дегенім-орақ.
II. Жаңа материалдардың мазмұны.
-Олай болса,тақтаға қарайық нелер көріп тұрсындар?
-Сандар
-сандар әр жерде шашылып жатыр соны маған жинауға көмектессіңдерме балалар?
-Ия ,олай болса жинап айтайық.
-Балалар қараңдаршы манағы сандардан әріптер шықты.
-Олай болса ,біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты «Адасқан сандар» туралы болмақ. Адасқан сандарға байланысты тақпақтар айтайық
1-ші: хормен: Жіңішке жалғыз таяқша-
Бір саны ол айрықша.
2-ші: Гүлвира: Екі саны байыпты,
... Читать дальше »
|
Тақырыбы : «Өзіңді таны»
Мақсаты : Балаларға өз дене құрылысын білуді, адамның бір-бірінен айырмашылығын салыстыру, ажырата білуге көмектесу, адамның дене мүшелерінің құрылысымен таныстыру, олардың өз атауы бар екенін білу, айтып ажыратуға үйрету. Балаларды жастайынан өз денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір сүруге баулу, гигиеаналық талаптарды орындауға тәрбиелеу, жас ұрпақтың дұрыс өсіп-жетілуі үшін денсаулығын күтуді үйрету.
Көрнекілігі : Адамның денесі және жеке дене мүшелері салынған плакаттар (адам денесі салынған конверттер, дидактикалық ойын: «Адам денесін құрастыру»). «Валеология» елінің картасы.
Пән аралық: Көркем әдебиет, тіл дамыту, дене тәрбиесі, құрастыру.
Барысы :
Тәрбиеші : Қуан, шаттан! Алақай,
Қуанатын келеді күн.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін күн!
Балалар қонақтармен амандасайық! Балалар амандасады.
Тәрбиеші : Балалар , біз бүгін «Валеология» елі картасының «Өзіңді танып біл» бөліміне саяхат жасаймыз.
Есік қарғылады. Ішке дәрігер мен Дымбілмес кіреді. Балалармен амандасады.
Дәрігер : Бал ... Читать дальше »
|
« 1 2 ... 4 5 6 7 8 ... 15 16 »
|