Ашық тәрбие сағаты
Пәні: Ән - саз
Ақжігіт балабақшасы МКҚК
Пән мұғалімі: Ерболатова Сәуле
Ересектер тобы.
Тақырыбы: «Ана!» деп ән саламын.
Мақсаты: Балаларға «Ана» туралы әндер үйрету. Ананы құрметтеуге шақыру. Орындаушылық шеберлігін шыңдау. Эстетикалық тәрбие беру. Мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Көрнекілігі: Безендірілген сахна, ортаға шардан гүл жасау, открытка жасау, гүл жасап ілу, шар, жалауша ілу.
Жүрісі:
Жүргізуші:
- Армысыздар аяулы ұстаздар мен патша көңіл көрермендер! Бүгін көктемнің шуақты күндерінде біздің елде үлкен мереке. Тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған, мақпалдай масаты, қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты, құралайдың көзіндей мөлдірген, раушан гүлдей хош иісті, айнадай таза, сәуледей жарқыраған, маржандай тізілген тісті сымбатты арулар! Көктем мерекелеріңіз құтты болсын!
- Анашым менің қандайсың
Өзің сондай балдайсың
Әр сөзіңнен нәр алам,
Маған бақыт арнайсың
Сізге алғыс көп менде
Гүлдей жайсаң көктемде
Еркелеймін шаттана
Сен бетімнен сүйгенде
Қасымдасың үнемі
Күн күлімдеп күледі
Аналардың әрқашан
«Біз» деп соғар жүрегі.
Хор: « ... Читать дальше »
|
Ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті түрі.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Музыкалық іс- әрекет
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: ән- күй сабағы
Тақырыбы: Ән- күй жежіресі.
Бағдарламалық мазмұны: Балаларға ұлттық би қимылдарын үйрету, қыздардың қолының пластикасын дамыту. Аспаптарды тембрлік бояуынан ажырату, білу. Жаңа ұлттық аспаптармен таныстыру. Күйлерді тыңдауға, тануға, сипаттама беруге, графикалық сызықпен, бояумен бейнелеуге үйрету. Жаттығу — әндерді ырғағына қарай шапалақтау. Музыкалық дыбыстардың төмендеумен, жоғарлауын есту. Әндерді әндете, интонациалық таза орындауға үйрету. Балаларды ұлттық музыкаға, шежіреге сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оркестрде ойнауға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Пайдаланатын құралдар: ұлттық аспаптар, күйшілердің суреті, аудиотаспадағы күйлер, «Көктем жаңбыры» әні, дидактикалық ойындардың құралы, фланелеграф.
Жұмыс мазмұны:
1. Әуенді — ырғақтық қимылдар.
Би екеуден: «Көктем жаңбыры» әніне.
2. Тыңдау:
&n ... Читать дальше »
|
“Денсаулық-басты байлық”
( Отбасылық спорттық мереке )
Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.
Қажетті құралдар:
Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар.
Жүргізуші:
Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері!
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай,“Салауатты өмір салтын” үстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының,балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.
Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау,сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу.
Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына кош келдініздер.
Бүгінгі сайысқа “Балб ... Читать дальше »
|
Тақырыбы: Қыс ғажайыптары
Ұ.О.І.Ә-ның мақсаты: Балалардың шығармашылық ынтасын ояту. Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу. Түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігіне баулу. Ұжымдық сурет салуға үйрету.
Білім саласы: Шығармашылық
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, серуен- саяхат, өлең оқу, дәстүрлі емес тәсілмен сурет салу, сұрақ- жауап, қимылдық ойын, сергіту жаттығулары.
Керекті құралдар: Қысқы орман пейзажы, сурет салатын түсті қағаз, тіс пастасы, қол сүрткіш.
Ұ.О.І.Ә-нің барысы: Сәлемдесу.
Қайырлы таң- Алтын күн!
Қайырлы таң- Көк аспан!
Қайырлы таң- апайлар!
Қайырлы таң- достарым!
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс.
- Балалар, орманға барғыларың келе ме?
-Иә
Ендеше, мен сиқырлы қалпағым мен сиқырлы шапанымды киіп алайын, соның көмегімен біз орманға барамыз.
- Кәне, бәріміз көзімізді жұмамыз.
- Міне, балалар біз орманға келдік.
Орманнан нелерді көріп тұрмыз?
Балалардың жауабы: - Орманға келдік. Ақ қар, шыршалар, ағаштар көрдік.
Тәрбиеші: - Балалар кім қар туралы өлең біледі екен?
Балалар:
Аппақ- аппақ, қар апп ... Читать дальше »
|
Мамандығым мақтанышым
Залға музыка әуенімен кіру.Амандасу.
Тәрбиеші: Балалар! Бүгін бізде ерекше күн. Себебі біз «Мамандығым мақтанышым» атты елге саяхатқа барамыз.Саяхат кезінде бізбен бірге алғашқы көмек көрсетуші дәрігер, жолда жүру тәртібін реттеуші тәртіп сақшысы бізбен бірге барады.Барар жолда әр түрлі жол қилысынан өтеміз. Сондықтан алдымен жолда жүру ережесін еске түсіріп алайық.
Балалар: Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Жүре бергің жасқанба.
Тәрбиеші: Тағы қандай жол ережесі туралы тақпақ білеміз?
Балалар. Ашса кезек үш көзін,
&nbs ... Читать дальше »
|
«Қысқы ертегілер» апталығына
«Қу түлкі мен ұмытшақ аю» ертегісін театрландыру.
Рольдерде ойнайтындар:
Түлкі: Нұрсауле
Аю: Талап
Қасқыр: Алихан
Түйе: Ержан
Автор сөзі:
Аю, қасқыр, түйе, түлкі төртеуі өздерінше достасып, өздерінше өмір сүріп көріпті. Жұбын жазбайтын достар бірде ұзақ сапарға шығады. Әлде қарны ашты ма, әлде бұрыңғы әдеті бойынша достарын алдағысы келді ме екен, бірде...
Түлкі:
- Осы Түйені жесек қайтеді? – деді.
Қасқыр:
- Әрине, жеуге болады,-деді қасқыр. Бірақ Аю әкемізді танытады ғой!
Түлкі:
- Ой, қорқақ!-деді де, Түлкі құйрығын бір бұлаң еткізеді де, аяғын ақырын басып, Аюдың жанына келеді.
Түлкі:
- Аю, еке! Сіз білесіз бе? Қасқыр Түйені жеймін деп жүр, - дейді сыбырлап,
Ал аю өте ұмытшақ болатын. Түлкінің айтқанын сол жерде – ақ ұмытып қалады.
Содан Түлкі тура Түйенің өзіне барып;
- Қасқыр мен Аю сені жейді – ау осы, - дейді.
Түйе:
- Неге? Менде нелері бар? – деп бақырып қалады, ұзын мойыны аңқау Түйе.
Түлкі:
- &nb ... Читать дальше »
|
Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Б.Байғожина атындағы бастауыш бала-бақша мектебінің тәрбиешісі Мухаметкажина Нургуль Кадыровна.
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар.
Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейтуге, табиғат байлығын қорғау сезімдерін дамыту.
Амандасу рәсімі:
«Қуаныш шеңберінде» тұрып, жіпті лақтырып, тілек айту. «Мен өз сүйіспеншілігімді саған білдіремін. Бүкіл әлемдегі барлық балаларға жақсылық тілеймін». Жіпті бір-біріне лақтырып, шетін әр бала алып, тор пайда болады, ең соңында қайшымен қию керек. Әр баланың қолында жіп қалады.
Кіріспе бөлім:
Қыс туралы әңгімелеу.
- Балалр, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс екенін қайдан білдіңдер?
Қар жауды, адамдар жылы киінді, күн суытты. Адамдар, аңдар, құстар барлығы да қысқа дайындалады.
Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетті, ал кейбіреулері қыстап қалады.
- Балалар, енді мен сендерге Т.Тайбазарұлының «Қайтпай қалған қарлығаш» әңгімесін айтып берейін.
Әңгімені талдау.
- Балалар , әңгіме не туралы?
- «Қайтпай қалған қарлығаш» деп неге аталған?
Әңгіме қарлығаш туралы екен. О ... Читать дальше »
|
Сабақтың тақырыбы: Бала-бақшаға 100 күн.
Сабақтың мақсаты: Балалардың 100 күн ішінде өткен сабақтар мен тәрбие шараларын «Бауырсақ» ертегісі желісімен жүргізіп, бала бойына сіңірген білімдерін тиянақтау.
Сабақтың барысы:
(Сахнада орман бейнесі бейнеленген. Ортаға ұш саңырауқұлақ шығады).
Бала-бақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Бұл-екінші үйіміз,
Біз туғанбыз бәріміз.
Біз - осы үйдің гүліміз,
Біз - осы үйдің сәніміз.
Бұл – құшағы тым ыстық,
Мектебіміз бастапқы!
Бұнда жақын туыстық,
&n ... Читать дальше »
|
Жыл басы -Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге
тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін
қалыптастыру.
Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
1-тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Армысыздар құрметті қонақтар.
2- тәрбиеші: Ұлыс күні кәрі – жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағатқан қозыдай
Жамырасып өріскен
Ұлыс күні қар еріп
Сай салалар гүрілдеп
Көк шөбі шығып желкілдеп
Дүние біткен күлімдеп
Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Орта ... Читать дальше »
|
Зал іші күз мезгіліне байланысты безендендірілген
Балаларды залда қол шатыр ұстап билеген « Күз» қарсы алады.
Балалар орындықтарға келіп отырады
Күз: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тонғаны ма, тойғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан – деп Абай атамыз жырлағандай бүгін сендердің мерекелеріңді бірге қарсы алуға менде келдім.
Кәне балалар мағанг деген қандай сыйларың бар?
1-Бала Көк аспаның мөлдіреп
& ... Читать дальше »
|
« 1 2 3 4 5 6 7 ... 15 16 »
|