Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 25.2.2020
Главная » балабақшадағы ертеңгіліктер

Солтүстік Қазақстан облысы 
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы 
«Жаманшұбар негізігі мектебі» КММ
Тасанова Баян Ашуовна 
Мектеп алды даярлық тәрбиешісі 

Сабақтың тақырыбы:
               Геометриялық  пішіндер                          
Мақсаты:  Балаларды  геометриялық пішіндер мен  таныстыру.
Пішіндердің  мағынасын  түсіндіріп  оларды  бір−бірінен  ажырата  білуге  үйрету.

1)    Білімділік: Геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін,  формасын тікелей бақылата отырып меңгерту, логикалық ойындар ойнату.
2)    Дамытушылық: Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойнау қабілетін,байқампыздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту, өздігіненталдау жасауға үйрету.
3)    Тәрбиелік: Білім мен байланысын түсіндіру, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу, денсаулық шараларын дамыту.

Сабақтың түрі: Қайталау.

... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 4200 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

НОВОГОДНЯЯ   ЛОТОРЕЯ.

Зухра Димяновна Мухамедова, 
методист районного 
методического кабинета
Новогодняя сказка

Новый год прилетает
На двенадцати оленях,
В золотой колеснице.
И об этом Ветер знает – 
Дед Морозу помогает 
И летит быстрее птицы.
Новый год вот наступает,
Всех он вместе собирает.
Новогодняя елка нам снится.

Мы будем веселиться до утра,
И заражать весельем всех.
И не забыть нам никогда,
Эту радость, этот смех.

Дед Мороз нас угощает,
Детей сердца покаряет,
И для нас он, как родной.
И нету праздника краше,
Нету празника ярче
На этой земле большой.

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 849 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

IIІ Өнер орталығы.
Білім беру саласы- Шығармашылық.
 Бөлімі:  Бейнелеу (Айдардың анасы)
Тақырыбы: «Қысқы пейзаж». (Бейнелеудің дәстүрлі емес түрлерін қолдану)
Мақсаты:
 1. Балалардың   жыл  мезгілдерінің  өзіне  тән ерекшеліктерін  ажырата білуін, түстердің үйлесімділігін  сезіну, көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту.
2. Табиғатты  аялай, сүйе  білуге тәрбиелеу.
3. Суретте дәстүрлі емес әдіспен сала білу шеберліктерін шыңдау.
Қажетті құралдар:  әр балаға жеке майшам, альбом беті, поролон қиындысы, ақ және көк түсті майлы бояу (акварель), қол сүртетін шүберек.
Көрнекіліктер: әдемі салынған  қысқы  көрініс суреті.
Әдіс-тәсілдер: Қыс туралы өлең оқу, суретке қарап отырып әңгімелесу, сурет салу техникасын түсіндіру, өз беттерінше жұмыстану, жеке көмек, талдау, мадақтау.
Оқылатын өлең:
«Суретші қыс».     К. Нүсіпов.
Қонақтайды  бақтарға
Ақ көбелек, ақ мамық,
Аунап таза  ақ қарға
Балалар  жүр мақтанып.
Тазартып  бар кір шаңын
Қыс өнерін бастады,
Терезеге қыраудан
Сурет салып тастады.
    Тәрбиеші қыс туралы өлең  оқығаннан кейін оған талдау  жасайды.
      Енді қысқы орманға саяхатқа баратындарын айтады. Балаларға &nbs ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 4087 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

II Математика орталығы 
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер қаласына саяхат»
Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Балаларды техникалық құралдармен - ұялы телефонмен, компьютермен таныстыру. Оларға «компьютерлік бағдарлама», «вирус», «антивирус», «дискге бағдарламаны лақтыру», «хабарларды дискіде сақтау», «электронды пошта» деген ұғымдар жайында түсіндіру.
Мақсаты: 10 сан көлемінде санап, есептер шығара білуге жаттықтыру, сызба бойынша өздіктерінен көріністі құрастыра білу, көзбен шамалау арқылы ұзындықты салыстыра білу, сан құрамын меңгеруді жалғастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Дидактикалық ойын арқылы заттың кеңістікте орналасу тәртібін білу. Ұлттық валютамыз теңгеге деген құрмет.
Көрнекіліктер: Әдемі түстермен (геометриялық пішіндермен) үй мен жүк машинасының суреті. Кеменің сызбасы, әр түрлі көлемдегі ағаш құрастырмасы (кеме құрастыруға). Ойыншық компьютер, қалта телефоны, жарық шамы.
Үлестірмелі: Түрлі-түсті қағаздан қиылған поезд вагондары, әр түрлі геометриялық пішіндер, көк, және қызыл түсті қағаздар жапсырылған дисклер (әр балаға 2-еу, қызыл, көк) 1, 2 және 5 теңгелердің макеті, жолаушы билеті (қағаздан қиылған) 8-ге дейінгі цифрлар.
Барысы:
 Ұялы телефон шырылдай ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 1321 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Күміс қыс»
Ертеңгілік жиын:
-Балалар, бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
-Айнала қандай?
-Қар қандай?
-Ал мынау мұз ше?
-Ауа қандай?
-Терезелерде не бар?
-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?
(балалардың жауабы)
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Міне, қазір қыстың нағыз қақ ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды.  Айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енген.
Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз. Бір сәт сабақ оқуға да көңіл бөлеміз. Есептер шығарып, әдемі суреттер де саламыз. Ал енді осы әсерімізді топқа кіріп, орталықтарда жалғастыралық. 
Бүгін біздерде үш топ жұмыс жасайды. Ол үшін мына белгілерге назар аударыңыздар: шырша қойылған жер, бұл математика орталығы, ал біздің шырша белгісін таққан балаларымыз осы топқа, аққала орналасқан жер бұл өнер орталығы біздің аққалалар осы орталыққа барып, қысқы көріністі бейнелейді, ал ғылым орталығында бүгін дәрігер апай валеология сабағын өткізіп, біздерге қыс кезінде көп ауырмаудың жолдарын көрсетеді, ертегідегі өзінің ақылсыздығынан жарақат алған қасқырға алғашқы жәрдем жасайды.
Олай болса іске сәт, балалар!
I Ғылым орталығы 
... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 962 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕ ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ

Тәрбиеші: Айнаш Атмаевна Найманова, Қызылеңбек бөлімшесі, Қазақстан  ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Келді міне, Жаңа Жыл»
   Мақсаты: Балаларды «Жаңа Жыл» мерекесімен таныстыру. Орман аңдарының және дүние жүзінің адамдары шырша тойын қалай түсінетіні және оны қалай тойлайтыны жайында түсінік беру; балалардың көңіл-күйін көтеру; балаларды ұғымды әңгімелерге қатыстыру, әдеби шығармалардың кейіпкерлерін танып білу; өлендерді, тақпақтарды еске сақтауға үйрету; балаларды достыққа үйрету. 
   Жүргізуші:               Жаңа Жылдың таңы неткен арайлы,
                                      Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
                                      Жаңа Жылмен құттықтаймын бәріңді,
                                      Бақыт шаттық, молшылық әкелсін,
                              ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 4421 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай  БМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Мақсаты: Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
(Күй әуені күмбірлеп тұр).
Көрініс
Сіздердің тамашалағандарыңыз, осыдан 23-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бал алаңында болған, желтоқсан оқиғасы. Дүниені дүр сідкіндірген көтеріліске, қазақ ел ауызында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләзат Асанова және т. б. апаларымызбен ағаларымыз қатысты. Осындай батыр, ер жүрек ағаларымызбен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз аңсаған, армандаған тәуелсіздігімізге 21 жыл толып отыр. Мерекелерініз құтты болсын, ағайын!
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!
1-4 сынып Даярлық топ оқушыларының әдеби монтажы.
Ал, ендігі кезекті “Болашақ”  шағын орталығының бүлдіршіндерінің өнерлерін тамашалайық.
1.    Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұл ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 9419 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ

Дайындағандар: Май ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы:   Тәуелсіздік күні
Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Бұл күннің маңыздылығын баяндау. Тіл байлықтарын молайту, патриоттық сезімін қалыптастыру. Мерекелерге белсене қатысуға тәрбиелеу. 
-    Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар!
Отан- сенің ата-анаң,
Отан- досын, баурың.
Отан- өлкең, астанаң,
Отан- аудан, ауылың.
Отан- тарих, Отан- тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік  халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі, тарихтың нәтижесі. Бүгінгі Қазақстан - әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт  күттіретін жері бай, халқы бай ел.
Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалсын.
Құттықтау сөзі мектеп директоры А. О. Нургожинаға беріледі.
Біздің Отан – байтақ,
Көп ұлттың мекені.
Біз құшақты кең жайсақ,
Әлем елміз табысқан-
Қазақстан, бақытстан!
16-желтоқсан еліміз үшін ерекше күн. Осыдан 21 жыл бұрын президентіміздің жарлығы бойынша еліміздің тәуелсіздігі жарияланды. Сол күннен бастап 16 – желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі болып ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 2063 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Тәрбиеші: Гүлжанат Ертайқызы Тулкина, Жұмыскер ауылы, Қазан ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
 (Муз. әуенімен балалар залға кіреді)
Тәрбиеші:  Елім менің, тәуелсіз жерім менің,
                     Күннен алған шуақты өмір дәмін.
                     Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп,
                   Көк байрағын төбеме көтерген күн!
Құрметті балалар, қадірлі қонақтар! Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.
Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, Отанымызға тыныштық тілейміз.
Ержан: 16-шы желтоқсан -
             Тәуелсіздік алған күн.
            Мерекеге ел тосқан, 
           Атамменен барғанмын.
Мерей: Мерекеге шығады,
             Бүкіл халық, біліп қой.
            Отандастар ұғады,
            Тәуелсіздік - ұлы той.
Сергей: Аралаймын алаңды,
             Тәуелсіздік күнімен.
             Батыр Қайрат ағамның,
  ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 12015 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Тәрбиеші: Айнаш Атмаевна Найманова, Қызылеңбек бөлімшесі, Қазақстан ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Менің Отаным»
Мақсаты: бүлдіршіндерді Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, атамекеніне, туған ауылына деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекі құраладар: 1. Ұран сөздері жазылған плакаттар.
2. Туған жердің көріністері.
3. ҚР рәміздері.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, балалар! Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз, «Менің Отаным» атты ашық көріністі бастайық.
Әнұран орындалады. 
Тақпақтар:
1. Отан,Отан! 
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп етер ем.  
2.  Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан-ана, Отан-үлкен,
Қазақстан туған ел.
3. Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың, бауырың.
Отан-досың, астанаң,
Отан-аудан, ауылың.
4.  Елтаңбасы елімнің, 
 Неткен әйбәт, әдемі.
Тұнығыңдай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
5.  Желбірейді шарықтап,
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.   
Ән: «Біз бақытты баламыз».
6.  Еңсесі биік Қазақстан Отаны,
Бар әлемге жайылыпты атағы.
Би:  «Қара жорға».    
Би:  «Қазақ биі& ... Читать дальше »

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 1392 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 13 14 15 16 »