Сабақтың тақырыбы: Он көлеміндегі сандардың құрамы
Сабақтың мақсаты: Балалардың он көлеміндегі сандар құрамы туралы білімдерін пысықтау. Тура, кері санау, ауызша есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, 1-10-ға дейінгі сандар, үлестірмелі материалдар,
Әдіс-тәсілдер: ойын, түсіндіру, көрсету, мадақтау, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
Мотивациялық кезең: Балаларды топқа кіргізу, амандасу.
Жылулық шеңбері
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз ... Читать дальше »
|
Мақсаты: Оқушыларды сұлулықты тани білуге, көре білуге үйрету, ата-анаға деген сүйіспеншілігін, аналарды құрметтей білу қасиеттерін дамыту, сыйластықты, ілтипатты байыту, жан-дүниелерін ізгілендіру.
Көрнекілік: шарлар, плакаттар, сандар, марапаттау қағаздары
Жүргізуші: -Міне,көгілдір көктем де келіп жетті.Қар еріп,жылғалардан су ақты.Көктем жаршысы-бәйшешектер бүр жарды.Жыл құстары да келе бастапты.Олармен бірге көктемнің алғашқы мерекесі-8наурыз-халықаралық әйелдер күні-аналар-әжелер,қыздар мерекесі де келді!Ана-өмірдің гүлі, отбасының берекесі,бүкіл адамзатқа өмір сыйлаушы.Олай болса,аналарға арнаймыз…
.Ана-біздің елде ардақты адам,
Кіші де,үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы-Отанды да,
Ана деп біздің халық текке айтпаған.
Көктемнің шуақты күндеріндей ,сан алуан гүлдеріндей құлпырып жайнап жүре беріңіздер деп «Супер анам және мен» атты мерекелік сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Вальс
Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы алты бөлімнен тұрады
1.Сәлем- сөздің анасы (таныстыру)
... Читать дальше »
|
Төлеуғалиева Алтын Едресқызы
Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
Жаңақазан ауылы
«Айгөлек» балалар бақшасының тәрбиешісі
«Менің тұңғыш Президентім» атты мерекелік ертеңгілік
Тәрбиеші: Құрметті бүлдіршіндер, бүгін біз үшін ерекше күн.
Бүгін бүкіл қазақ елі болып, Қазақстан жері болып Тұңғыш Президент күнін тойлағалы отырмыз. Біз қазақ елі десек әрине, ең алдымен өз Елбасымыздың есімін айтамыз. Қазақ атын бүкіл әлемге танытқан Елбасымыздың салиқалы саясаты екенін мақтанышпен атаймыз! Әнұран.
Рамина. Менің тұңғыш Президентім -
Әбішұлы Нұрсұлтан
Еңбегімен еліне болған ол мақтан
Бүгінгі күн бүкіл әлем таниды
Қазақ елін, қазақ жерін Қазақстан!
Мержан. &nbs ... Читать дальше »
|
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы
№8 «Қызғалдақ» балабақшасының тәрбиешісі
Мектепова Жазира
Тақырыбы: «Сәлем – сөздің анасы»
Мақсаты: Халқымыздың салт – дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы
түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді
сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу.
Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен қарым
– қатынас жасай білуге баулу.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, үйрету.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, нақыл сөздер.
Барысы:
&nb ... Читать дальше »
|
«Мәуелі бәйтерек» (сахналық қойылым)
Мақсаты: балаларға патриоттық тәрбие беру арқылы, бәйтеректі мақтап етуге, самұрық құсты құрметтеуге, ойлау, сөлеу мәдениетін арттыру.
Көрнекіліктер: Сахнада балалар өлең айтып, би-билеп жүреді. Балаларды көрген тәрбиеші, мен сендерді қайда десем, сұлу табиғат аясында демалуға келген екенсіңдер ғой.
Балалар: Набат Сарсенбайқызы, біз «Бәйтеректе» демалғымыз келеді.
Балалар: сендер «Бәйтеректің шығу тарихын білесіңдер ме?»
- жоқ, сіз айтып беріңізші?
-жарайды.
Тәрбиеші интерактивті тақта арқылы баяндайды.
-Ертерек ықылым заманда Ерназар деген бай болыпты. Оның сегіз бірдей ұлы ел тыныштығын күзетіпті. (8 батыр сахнаға шығып, әкесі мен анасын айналып, бетінен сүйеді.) Осылайша шаттанып өмір сүргенде, табиғаттың сұлулығын бір айдаһар бұзады. (Айдаһар келіп, табиғаттың тас-талқанын шығарады) елді қара түтін басады. Ерназар бай 8 ұлын айдаһарды жеңіп, елге аман-есен оралуын айтып, ақ батасын береді.
Балалар: Ерназардың 8 ұлы айдаһарды жеңе ала ма екен?
Тәрбиеші: жеңе алмайды... бір күні дүниеге сұлу да, келбетті сәби- Ертөстік дүниеге келеді. Ертөстік сағат сайын өсіп, жетіліп, алып батыр болып өседі. Сөйтіп әкесінен бата алып, 8 ағ ... Читать дальше »
|
Ғажайып әлем елдеріне саяхат.
Сабақтың мақсаты: Балалардың көп ұлтты Қазақстан туралы білімдеріне кеңейту, халықтар арасындағы достықты нығайту, әр түрлі ұлттардың мәдениетті мен дәстүріне деген қызығушылықтарын арттыру, кез келген ұлттың адамына сыйластықпен, құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Барысы: Психожаттығу.
Кел балалар ортаға
Қайырлы таң достарым!
Достарымды көргенде !
Қуана қарсы аламын!
Қолымыздан ұстасып!
Жылулықты алайық!
Тәрбиеші: -Біз қандай Республикада тұрамыз?
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Қазақ халқының өзінің ұлттық киімдері, тағамдары, салт-дәстүрлері, ойындары, рәміздері бар. Сендер Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?
Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран
Тәрбиеші :Бәріміз бірге еліміздің әнұранын орындайық.
Гимн орындалады.
Тәрбиеші: Қазақ жері туралы кім, не біледі екен?
Айдын: Қазақстан жері кең байтақ. Біздің мемлекетік тіліміз-қазақ тілі.
Алия: Біздің Республикамызда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстандағы барлық ұлттар бір-бірімен дос, тату-тәтті тұрады.
Тәрбиеші :Біздің ортамызда да басқа ұлт өкілдері бар екен. Сіздер қай елден келдіңіздер, ұлттарыңыз кім? (Ресей)
Владислав: Здраствуйте дорогие гости. Добро пожаловать к нам в Россию.
Біз сендерге орысша билеп берейік. Ал енді біз Өзбекстанға баруымыз к ... Читать дальше »
|
Ақтөбе қалалық білім бөлімі. №16 «Аққайың» МДҰ
Өткізген: «Аққайың» ересек тобының тәрбиешісі:Нағыметова Г.
Тақырыбы: «Дүкендер әлемі»
Сюжеттік-рөлді ойын.
Білімділік мақсаты: :Балалардың бойында іскерлік түрлерін қалыптастыру,жандарына жақын тақырыптардың бейнесін сомдайтын
сюжеттерді көрсетуге,диалогты сөйлейбілуге өз бетінше рөлді толықтыра түсуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты::Ойын кезінде бір-бірімен байланыста
бірнеше әрекет түрлерін атқаруын екі киіпкердің қарым қатынас арқылы
сөздік қорларын дамыту.
... Читать дальше »
|
Мақсаты: Б.Балаларға «достық» сөзінің мәнін түсіндіру.
Д. Зейінін, есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Эмоцианальдық көңілдерін көтеру.
Т.Көп ұлтты Қазақстанды құрметтеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Барысы: Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін айнала.
Жалықпастан қайта біз,
Достық сөзін айтамыз.
Бақыттымыз осы біз,
қасымызда досымыз!
«Достық» туралы әңгімені сахналау.
Қатысушылар: құмырсқа, көбелек, ара, торғай, қарға.
Ән: Дос болайық бәріміз.
Жүргізуші: Бәріміздің кеудемізде бір үміт,
Біз сол үшін айқасамыз ... Читать дальше »
|
Тақырыбы: «Білім аралына саяхат!» Мақсаты: Бес сала бойынша жыл бойына үйренгенімізді қортындылау. Бала танымының дамыуын пысықтау,ойлау,қиялдау,есте сақтау қабілеттерін толық жетілдіру.Ойындар арқылы ойлау қабілетін арттыру. Білім саласы:Денсаулық,Таным, Қатынас,Шығармашылық,Әлеуметтік орта. Көрнекілігі: Дамытушы ойындар,суреттер,сандар,әріптер,қимылдық ойындар. Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,саяхатқа шы ... Читать дальше »
|
Тақырыбы: Берекелі күз
Топ іші күздің жапырақтарымен көркемделген. Бір бұрышында алма ағашы тұр
Жүргізуші:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Құрметті ата-аналар,әріптестер «күз сыйы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! . Алтын күз мерекесі құтты болсын , жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті, өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса,бізде әрқашан көңілдіміз. Сондай көңілді шағымызда бүгін даярлық топ балаларының арасында «Берекелі күз» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! -Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін, қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Әділ-қазылар алқасы :
Оқу-ісінің меңгерушісі Есқалиева Торғын Марланқызы
Логопед Менжесарова Ләззат Сұлтанқызы
Әлеуметтік ұстаз Айгүл Қанағатқызы
Жүргізуші:
Ал ендеше бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
1-топ. Алтын дән
2-топ. Алтын күн
-Күзгі бал сайысындағы сайыскерлерімізге қойылатын шарттармен таныстырсақ
1.Өнерлі өрге жүзер(тақпақ жарысы, өлең айту)
2.Кім жылдам ойыны
3. Ертегі қойылымы
4. Сурет құрастырайық
5. Күз киімі
Жүргізуші: Ал, енді екі топтың тақпақтарына назар аударайық. Қай топ өз ... Читать дальше »
|
« 1 2 ... 11 12 13 14 15 16 »
|