Тақырыбы: « Ата –баба дәстүрі ұрпаққа үлгі»
Мақсаты: Ата –бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Балаларды ұлттық салт –дәстүр,әдеп –ғұрпын үйренуге және сыйлап құрметтеуге шақыру және ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қабырға газеттері,нақыл сөздер, шарлар, қазақы бұрыш.
Барысы: І Ұйымдастыру
Құрметті қонақтар,ұстаздар,балалар!
Ассалаумағалейкүм ,халқым менің,
Ардақтап дәстүріңді салтыңды елім
Мереке басы болсын берекенің
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін.
«Халық –қалың орман ,әрі пана ,әрі қорған».Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі ,салт –дәстүрі,діні,т ... Читать дальше »
|
Күні: 3 қыркүйек 2012 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер.
Сабақтың мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру.Туды,Елтаңбаны және Гимнді бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Балаларға рәміздерді құрметтеуге,қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік ұстауға,рәміздердің әр элементтерін,бөлшектерін атауларын жатқа білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. (Ту,Елтаңба және Гимн)
Сабақтың байланысы: Тіл дамыту.
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу,өлең жолдарын қайталату,рәміздерді сурет бойынша таныстыру,сұрақ-жауап т.б.
Сабақтың барысы:
Балаларды оқу іс-әрекетіне дайындау.Сабаққа деген зейінін психологиялық ойындар арқылы оятып,қызығушылығын арттыру.
Кіріспе:
Сәлеметсіңдерме балалар!Көңіл күйіміз қалай?
Жазғы демалыста жақсы демалдыңдар ма?
Енді біздер жаңа оқу жылына біздің балалабақшаға жаңадан қосылған балалар бар екен,бәріміз танысып та алған болармыз.
Балабақша сендерге ұнады ма?
Жаңа сабақ:
... Читать дальше »
|
Алақай қыс келді!
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау. Қоршаған ортаға деген сүйіспешілігін арттыру. Балаларды жапсыру іскерлік дағдыларына машықтандыру, жапсыруды меңгеру. Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Психологиялық сәт
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнекей бәріміз
сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Алақай қыс келді!»
Аяз қысып,
Өрнек сызып
Терезені торлайды.
Қарда омбығып,
бет домбығып
Балалар сырғанап ойнайды.
Кейде ұлып
кейде ысқырып
ұйқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі.
Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Суық, аяз болады.
Жұмбақ шешіңдер:
Қыста ғана болады,
ұстасаң қолың тоңады. ... Читать дальше »
|
Тақырыбы: «Қыз – еркем, қылығымен көркем!»
Жоспары:
І. Ашылу салтанаты
ІІ. Жүргізушінің құттықтау сөзі
ІІІ. Мерекелік сайыстың өтуі
ІV. Марапаттау, жеңімпазды анықтау
V. Қорытынды
Мақсаты:
Мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Шарты:
1. Таныстыру.
2. Үй тапсырмасы.
3. Өз өнерін көрсету.
4. Сән үлгісі.
Фанфары
Жүргізуші: Құрметті, қонақтар, сүйікті балалар, ... Читать дальше »
|
Тақырыбы: «Жол апатының алдын алу»
Мақсаты: 1.Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
Дамытушылық мақсаты: Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру. Зейіні мен ойлау қасиеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты:Көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , слай шоу, жол ережесіне арналған кітаптар.
Тәрбиеші: Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір бала «Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы дәрісті мұқият тыңдап, әр уақытта қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәрті ... Читать дальше »
|
«Үйшік» орыс халық ертегісі .
Мақсаты: Балаларды «Үйшік» ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Сахналау барысында жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез- құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үйшік үйі, аңдар.
Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде орманда кіп- кішкентай ескі үйшік тұрған.
Бірде оны қасынан өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:
Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Жүргізуші: - деп сұрайды. Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
Бақа: - Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын.
-Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші: - Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып , бірге тұрады. Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді.
Қоян: - Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Жүргізуші: -деп сұрайды.
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсі ... Читать дальше »
|
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Тұрмағамбет ауылы
№8 «Қызғалдақ» балабақшасының тәрбиешісі
Мектепова Жазира
Тақырыбы: «Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым»
Мақсаты: Балалардың өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту,
өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші
болып қалануға баулу.
Тәрбиелік мәні:
өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білу
ұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы болу.
жүргізуші:
Армысыздар, бұл кештің қонақтары
Халқымның әрқашанда қонақ – бағы
«Тәуелсіздік – көптен күткен бақытым» атты кешті
Бүлдіршіндер көруге шақырады.
2 – жүргізуші
Сәлем бердік, кешіміздің көрермені
Қазақтың, ол анық қой, өнер – кені
Тәуелсіздік кешімізге қош келдіңіз,
Алдарыңда болашақ өрендірі
жүргізуші:
Бүгін тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз. Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Тамыры тереңде жатқан тарихи оқиғалардың нәтижес ... Читать дальше »
|
№10 Балабақша әдіскері Г. Н. Қуантаева.
«Тіл болашағы-балабақшадан» (сайыс)
Мақсаты: Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру,
тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу. Мақал-мәтелдер
арқылы дүниетанымдарын, ой-өрістерін дамыту. Тілдің
бала өміріндегі құдіретін таныта отырып, ұлттық рухты
бойға сіңіру, іс-әрекетке қызығушылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, топ аттары жазылған плакаттар, мадақтау қағаздары, гүлдер, шарлар, тақырып жазылған плакат.
Барысы:
Жүргізуші:
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсізді ... Читать дальше »
|
Әжесі мен немересі
Мақсаты :Бүлдіршіндерді ізгілікке,үлкенді сыйлап тыңдай білуге,құрметтеуге,халқымыздың салт-дәстүрінен нәр алуға ,ой-өрісін дамыту,өнерге баули отырып инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер. Қоржын,асықтар,күйлер жазылған үн таспа.
Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,қонақтар,тәрбиешілер және бүлдіршіндер.Қош келдіңіздер!
Аналарға сүйеміз,сөзін ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап,әдеппен бас иеміз.
Бала мен немере туралы ақын М. Әлімбаев былай деген екен:
Бала деген бал екен.
... Читать дальше »
|
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Қазақ мектеп-гимназиясы
Даярлық топ тәрбиешісі
Құттымбетова Толқын Науанқызы
«Ардақтайымыз ананы»
(Ертеңгілік)
Мақсаты:Оқушыларды ізгілікке,үлкенді сыйлауға,анаға құрмет көрсетуге,адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік:Ана тақырыбында суреттер,бейнеролик, нақыл сөздер және мақал-мәтелдер.
Жүргізуші:
Қош келдіңіздер,қонақтар мен ақ жаулықты аналар!
Жүздеріне мейірім мен нұр тамар,
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Алаңсыз да балғын шақта балалар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,ән де бүгін шырқалар.
Міне жыл аралатып,көктемнің алғашқы күндерімен келетін
«8-Наурыз»мейрамы құтты болсын!Осы отырған барлық әйел адамдарына отбасына береке,бірлік тілеймін.Мейрамдарыңыз құтты болсын!Енді
8-Наурыз мерекесіне дайындаған «Мерекеңізбен-анашым!»атты ертеңгілікті тамашалауға шақырамыз.
Жүргізуші:
Қазақ халқы –әйел затын ерекше қадірлеген.Өмірдің ащы-тұщысын көріп,ысыла білген,ұлың жел өтінде ұстаса,қызын аз күндік қонағым,алтынның сынығы деп,бөркінің төбесіне үкі қадап үлпілдетіп өсірген.Ана-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,жанашыры,қадірлісі,қам ... Читать дальше »
|
« 1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 »
|