Білім саласы: Қатынас
ҰОІӘ: Қоршаған орта
Тақырыбы: Қыстайтын құстар
Мақсаты: Балалардың қыстайтын құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстарға қамқор болуға үйрету, табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Серуен кезінде құстарды бақылау
Көрнекілігі: Көгершін, құстардың суреттері, қыстап қалатын құстар, қыс мезгілінің суреті және құстардың дауысы жазылған бейнетаспа
Әдіс-тәсілі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, DVD қарау, жұмбақ шешу
Билингвизм: Ворона-қарға, Сауысқан-сорока, Торғай-воробей, Бүркіт-беркут, Үкі-сова
Мотивациялық қозғаушы күш.
Армысың Алтын күн!
Армысың Көк аспан!
Армысың Жер-Ана! ... Читать дальше »
|
Мақсаты: Жеке тұлғаның өздігінен жүзеге асуына және бейімделуіне ықпал ететін әлеуметтік рухани сапасын қалыптастыру. Коммунактивті – тілдік басқа балалармен, ересектермен қатынасты құра білуінің қалыптасуына жағдай жасау.
Туған халқының мәдени мұрасымен, сәндік қолданбалы өнерінің түрлерімен таныстыру, әсемдікті сезіну, ою - өрнекті үйлесімді құрылым жасай орналастыру арқылы кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру. Балалардың ой - қиялының, шығармашылық белсенділігінің және эстетикалық талғамының артуына мүмкіндік жасау, ұлттық үлгідегі киімдер жайында түсінік беру, киімдердің ерекшеліктеріне назар аударту, ұлттық ою - өрнек элементтерінің (ботагөз, қызғалдақ, қошқармүйіз т.б.) қолданылуы туралы ұғымдарын жетілдіру, бөліктерді жинақтауда үйлестіре білуге үйрету.
Ою - өрнектер туралы тақпақ, жұмбақ, өнер туралы мақал - мәтелдер айтқызып, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ою - өрнектің мағынасына қарай бөлінуі жайында қарапайым түсінік беру. Қызықты ойындар арқылы сурет салуға деген қызығушылықтарын, шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру және мерекелік көңіл - күй туғызу.
... Читать дальше »
|
ІІ . Өнер орталығы
Білім беру саласы «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті – жапсыру.
Тақырыбы: «Аңдардың бейнесі». (тәрбиеші көмекшісі)
Мақсаты: Адамгершілікті- мәдениеттілікке тәрбиелеу, үлкенге құрметпен, кішіге қамқор жасауға тәрбиелеу. Балалардың алған икем, дағдыларын, білімдерін қорытындылау, бекіту, қайшы, карандаш (түрлі-түсті), мақта, желім, түрлі-түсті қағаздарды пайдалана отырып, үй жануарлары: қой, жылқы, ешкі және балықты қиып, оған жұлу әдісімен түрлі-түсті қағазды жабыстыру (қабыршағы), қағазды ұзынша қию арқылы аттың жалын, құйрығын қиып желімдеу, мақтаны желімдеу, техникалық дағдыны жетілдіру. Балалардың өз қолдарымен жасаған ойыншықтарын кіші топтағы сыйлау.
Қолданылатын әдістер: түсіндіру, көрсету, жеке жұмыс.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әзірлеу, түсінік жұмыстары, суреттер, көрнекі құралдарды қарау.
Керекті құралдар: қайшы, картон қағаз, түрлі-түсті қағаз, желім, мақта шүберек, тәрелке.
Сөздік жұмыс: жырту, жабыстыру, мұқият, асықпай қию т.б.
Қостілділік компоненті: жапсыру- лепить,желімдеу- клеить, қию- резать, сыйлық- подарок.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттің барысы:
Тәрбиеші көмекшісі алдымен балаларға жұмыстың, істелінетін іс-әрекеті туралы айтады. Бүгінгі жұмыстың мақсаты әдемі, қолдан ... Читать дальше »
|
Тақырыбы: «Әдептілік еліне саяхат». (өткізген тәрбиеші)
Мақсаты: Балаларды «Амансың ба? », «Саумысың», «Сау болыңыз», «Өтінемін» т.б. сиқырлы сөздердің мағынасы жөнініде білімдерін бекіту; баланың үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту; байланыстыра сөйлеуге үйрету; диолог құрай білу; сөйлеушіні тыңдай білу; тақпақты мәнерлеп айту.
Әдіс-тәсілдер: ойын, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Е.Өтетілеуовтың суреті, оның өмірі, шығармасы туралы әңгіме, иллюстрациялық кітаптар қарау, қайталау, ата-аналар көмегі.
Керекті құрал: Орман декорациясы: ағаштардың бұтағы, саңырауқұлақтар, гүлдер, тақырыпқа байланысты салынған суреттер: доп, қоян, тиін, кірпі, аю, түлкі атрибуттары, аңдардың жұмсақ ойыншықтары.
Сөздік жұмыс: өтінемін, болама, ғафу етіңіз, беріңізші, көмектесіп жіберіңізші.
Қос тілділік компоненті: аспан- небо, кешіріңіз- извините, дос- друг, әдептілік- вежливость, ұзын- длиный, қысқа- короткий.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет түрінің барысы:
Тәрбиеші: Жапырағы жайқалған орманда аңдар өмір сүріпті. Олар: аю, түлкі, тиін ( бетперделерін кигіземін). Өздері сондай шыдамсыз, бір орында отыра алмайды екен.
Жан-жағын шашып, саңырауқұлақтарды құлатып, гү ... Читать дальше »
|
І-а кіші топтарында ұйымдастырылған оқу іс –әрекеттерінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Таным
Тәрбиеші: Аманғожина Халима.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет түрі: Айналамен танысу
Тақырыбы: «Сүйкімді күшік»
Мақсаты: Балаларды үй жануарларының бірі күшікпен таныстыру. Оның әдемілігін, сүйкімділігін сезінуге және қайырымдылыққа баурап жануарлар дүниесіне қамқор болуға тәрбиелеу. ... Читать дальше »
|
Көркем әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар
Сабақтың мақсаты: Балаларға жабайы аңдар туралы мағлұмат беру
Сабақтың міндеттері: 1. Балаларды аңдармен таныстыру,
олардың мекені туралы әңгіме-
леу.
2. балалардың ой-өрісін дамыту,
әрбір баланың өзіндік ерекше-
лігін ескере отырып, жеке дара
жұмыс жүргізу.
3. Бүлдіршіндерді ұғымталд ... Читать дальше »
|
Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан (ертегісі)
Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
1. Ертегінің негізгі ойын ашып,
тышқан мен арыстан туралы мағлұматтарын кеңейту.
2. Балалардың ауызша сөздік
қорларын дамыту.
3. Балаларды ұғымталдыққа, бірлесіп
жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: Ақтөбе облысының картасы,
сюжеттік суреттер, дидактикалық
материалдар
Сабақтың барысы: І Алғашқы ұйымдастыру.
а) балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық
Күй тартамыз күмбірлі
Ән айтамыз көңілді
Би-билейміз ырғақты
Біз бастаймыз сабақты
-Балалар, бүгін біз сабақта Шалқар қаласынан облыс орталығы Ақтөбе қаласына саяхатқа шығамыз.
-Ақтөбеге барып көргендеріңбар ма?
... Читать дальше »
|
Сайыс сабақ
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер ғаламшарында
Мақсаты: ғарыш туралы ұғымдарын кеңейту, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту. Ойларын, зейіндерін, қиялын шығармашылық қабілеттерін дамыту. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
Алдын-ала жұмыс: Әңгімелесу, дидиактикалық ойындар. Әуен мен дыбыстардың аудиожазулары. Естелік сыйлықтар дайындау. Топтардың ұраны мен сәлемдесуіне әзірлеу.
Топтар залға көңілді әуеннің сазымен кіреді. Жүргізуші төрешілермен топ капитандарын таныстырады.
«Жұлдызшалар» тобының капитаны:
-Біз ғажайып жұлдыздармыз
Менде, олда, сенде
Жарқыраған «Күншуаққа»
Ұсынайық гүлді күнде
Біздің ұранымыз:
Барлық бала: Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін! (қарсы топ балаларына гүлдерін сыйлайды)
«Күншуақ» тобының капианы:
-Біз кәдімгі күншуақпыз
Жылдамбыз, дос жұлдыздарға
Естелікке сыйлықтар ұсынамыыз
Барлық бала: Әрқашан жарқыра, ешқашан сөнбе!
Төрешілер балалардың сәлемдесуін және алда да орындалатын тапсырмаларды бағалайды.
Жүргізуші: Міне, біз топтармен таныстық. Бүгін біздің балаларымыз алысқа, белгісіз ғаламға сапар шеккелі тұр. Ұшу алдында ғарышкерлер сынақтан өтуі керек. Бәріңіз әзірмісіңдер?
Бірінші тапсырма: Топтар ғарышқа аттану үш ... Читать дальше »
|
ТАҚЫРЫБЫ: «БІЗ БАЛАМЫЗ ШЫНЫҚҚАН ДЕНСАУЛЫҒЫ МЫҚТЫ ЖАН»
Мақсаты: Балалардың дене мүшесінің сұлулығын қалыптастыру, қимыл-қозғалысын үйлесімділігін, дене қуатын жетілдіру, балалардың денсаулығын нығайту және сақтау, аураларға қарсы тұру, иммунитеттерін барынша кеңейту, омыртқа, табан бұлшық еттерін жетілдіру.
Құралдар: Кілемшелер, тұз жолына арналған тақтайшалар ұзындығы 2 метр, кенеп мата, ұсақ тастар салынған қапшықтар.
Үнтаспадан жәй музыка ойнап тұрады.Балаларды күндізгі ұйқыдан ояту.
Тәрбиеші: Балалар, күннің көзі әлдеқашан өзінің нұрын шашып тұр. Сіздер, біраз біраз демалдыңыздар, енді ұйқыдан оянуларың керек. Кәне, барлығымыз ұйқымызды ашайық, ол үшін мынадай сергіту жаттығуын жасайық.
1. «Күнге созылу»
Б.қ. Шалқамыздан жатқан күйде, 1қолымызды жоғары қарай созамыз, ақша бұлтты ұстап алдық-деп сәйкес қимыл жасау, 2 б.қ. к ... Читать дальше »
|
« 1 2 ... 23 24 25 26 27 ... 44 45 »
|