Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 24.2.2020
Главная » балабақша ойындары

Сақина жасыру

 

Ойынды өткізуші және сақина  жасырушы бала белгіленеді.Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерініғң үстіне алақандарын жаяды.Бастаушы жұлулы қолын әрбір ойыншың алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын  ауыстырады.Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді.Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 2074 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Атқаума

Ойынды 6 бала 3-3-тен бөлініп ойнайды.Бір бала сол қолымен өзінің оң қолының білезігінен ұстайды.Содан кейінгілері де солай істейді де  бір-бірімен қолдарын айқастырады.Үшінші бала көзі таңыулы күйде  екінші баланың айқасқан қолына отырады..Қолдасып тұрған балалар:-Атқаума,атқаума –деп қаумалай көтерген бойы мөлшерлі жерге дейін жетеді.Бірінші бала ақ сандық,көк сандық десе,көзі таңулы бала  -көк сандық ,көк сандық деп жауап береді.Қаумалап келе жатақан балалар :

Бақа,бақа балпақ
басың неге жалпақ?
Бұтың неге талтақ
Көзің неге тостақ
Бұған көзі таңулы бала былай деп жауап береді.:-
Темір терсек көп киіп
Басым содан жалпақ
Теуіп ,теуіп қашырды
Бұтым содан тостақ!
Балалар қолдарын жіберген кезде бала құлап түссе,айып тартады.Құламай тік түссе қалған текі бала көтеріп жүре береді.

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 1019 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Алақан соқпақ

 

Ойынға қатысушы балалар үйге немесе оңаша жерге жиналады да дөңгелене отырады.Орталарынан бастаушы белгілейді.Оған сүлгі (орамал)беріледі.Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп біреуге –Алақанды тос!-дейді.Ол тосқан кезде бастаушы оның  алақанына сүлгіні тигізіп-Сүлгі  қайда?-деп сұрайды.Сонда ойыншы «анада» -деп бір баланың атын атайды.АКты аталған ойыншы орнынан тұрып алақанын тосады.Бастаушы-сүлгі қайда?-деп атын айтады.Ойын осы ретпен жалғаса береді.Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай жинайды.

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 1768 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Қара құлақ

 

Ойынға 5-10 бала  қатысады.Олар оңаша жерге топталып өз араларынан бір баланы қазық етіп белгілейді.Қазық тұрған жерінде қозғалмай тұрады.Басқалары әрі кетеді.Содан кейін ойынға қатысушылапр қазықты алыстан қоршап бірте-бірте жақындай түседі

Таяп келіп мынау кім? –деп бір-бірінен сұрасады.Біреуі ойбай бұл қарақұлақ  қой!-деп қаша жөнеледі.Қалғандары да –қарақұлақ,қара құлақ!-деп бытырай қашады.Қарақұлақ біреуін ұстау үшін тұра қуады.Ұсталған бала қарақұлақ болып,ойын әрі қарай  жалғасады.

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 1340 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Әуе таяқ

 

Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топта 5-тен 10 –ға дейін ойыншы. Болады.Екі топқа екі таяқша (жұмсақ)беріледі,жерге түзу сызық сызылады.Ойыншының біреуі ортаға шығады да бір алақанына зат жасырып,екінші қолының жұдырығын бірдей жұмады.

Екінші ойыншы зат жасырылған қолды тапса,ойынды бастаушы сол болады.Сөйтіп қолындағы таяғын жоғары лақтырады.Осы кезде қасындағы таяғын лақтырады да,қасындағы баланың таяғын қағып түсіруі шарт.Таяқты қағып түсірген бала өз тобына ұпай әкеледі.

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 1216 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Соқыр теке.

 

Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзі байланып қойылады.

Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ

Қайда кеткен құлыншақ

Соқыртеке бақ-бақ

Мені ізден тап-тап

Деп тақпақтайды.

Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы(баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады.Ойын осылайын жалғаса береді.

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 3181 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Түйілген орамал

 

Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды.Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды.Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады.Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы  қуалайды.Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі.Осылайша ойын жүргізіледі,түйулі орамалды алғанша қуалай береді.Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді..Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады.ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұралы.

 

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 2357 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Асау мәстек

 

Ойын бастаушы  арқанды жерден 50 см –дей биік етіп керіп байлайды  да қасындағы балаларға

Былай дейді.

Ер екеніңді білейін

Ешкі сойып берейін

Тақия алсаң еңкейіп

Құламасаң теңкейіп

Ерлігіңе сенейін

Ойын шартын қабылдап ,ортаға шыққан бала: ... Читать дальше »

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 1295 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Қыз –қуу

 

Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен)қуады.Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 2556 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Ақсерек-көксерек.

 

Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады.Ара қашықтық  20-30 қадам.

  1. ші топ. Ойынды бастайды

                  Ақсрек-ау ақ серек

                  Бізден сізге кім керек.

2-ші          Ақсерек –ау ақ серек

                  Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек

 

... Читать дальше »
Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 3362 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 7 8 9 10 11 ... 15 16 »